1-бап . "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., N 13, 52-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетiндегi агрометеорологиялық желi арқылы байқау жүргiзуге бағытталған iс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөнiндегi ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесi және ауыл шаруашылығы мүддесiне орай агрометеорологиялық болжаулар жасау;";
"13-1) ғарыштық мониторинг - жердiң пайдаланылуына байқау жүргiзуге бағытталған iс-шаралар жиынтығы; Жердi қашықтықтан зондтау деректерi негiзiнде ғарыштан ақпарат беру, оны ауыл шаруашылығы дақылдары егiстiктерiнiң жай-күйi мен өнiмдiлiгiн бағалау және болжау үшiн өңдеу;";
2) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;";
3) 11-баптың 2-тармағында:
3) тармақшадағы ", өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының Үкiметi басым деп айқындаған дақылдар бойынша егiстiк жердiң бiр гектарына есептеп субсидия беру арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандату;";