"Йод тапшылығы ауруларының алдын алу туралы" 2003 жылғы 14 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 19-20, 149-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) бүкiл мәтiн бойынша "Стандарттау, метрология және сертификаттау", "стандарттау, метрология және сертификаттау" деген сөздер тиiсiнше "Техникалық реттеу және метрология", "техникалық реттеу және метрология" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) ас тұзы - тағамдық мақсатқа арналған тұз;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрiлiк заттар айналымы, көрсетiлетiн медициналық қызметтердiң сапасын бақылау саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) жалған тұз - көрiнеу және қасақана өзгертiлген (қолдан жасалған) және (немесе) ол туралы ақпарат көрiнеу дұрыс емес немесе толық емес болып табылатын жасырын қасиеттерi мен сапасы бар тұз;
4) жемдiк тұз - мал шаруашылығында мал азығына минералдық қоспа ретiнде пайдаланылатын тұз;
5) йод тапшылығы аурулары - ағзаға йодтың жеткiлiксiз түсуiне байланысты қалқанша без функциясының бұзылуынан болатын адам ағзасының дерттi жай-күйi;
6) йод тапшылығы ауруларының алдын алу - йод тапшылығы ауруларынан сақтандыруға бағытталған iс-шаралар жүйесi;
7) йодталмаған тұз - йод қосындыларымен байытылмаған тұз;
8) тұзды йодтау - тұзды йод қосындыларымен байытудың өндiрiстiк процесi.";
3) 5-баптың 3) тармақшасы "йод тапшылығы" деген сөздердiң алдынан "тұзды йодтау және" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 6-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) өндiрiсiнде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесiн бекiтедi;";
5) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"11-бап. Тұздың өндiрiлуiне, айналымына және қауiпсiздiгiне
қойылатын талаптар
1. Мыналарды:
1) йодталған тұзды қолдануға болмайтын көрсетiмдерi бар адамдарға арналған тұзды;
2) өндiрiсiнде йодталмаған тұз пайдаланылатын тамақ өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге арналған тұзды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнетiн, онда өндiрiлетiн және (немесе) өткiзiлетiн ас тұзы мен жемдiк тұз йодталуға тиiс.
Йодталмаған ас тұзын әкелудiң, өндiрудiң және өткiзудiң тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
2. Тұзда йодтың болу нормалары, олардың сапасы, қауiпсiздiгi, йодтау әдiстерi, йодтың болуы төмендеген кезде қайта йодтау процесi санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға, сондай-ақ өзге де нормативтiк талаптарға сәйкес келуге тиiс.
3. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында йодталмаған тұз өндiрiсiне, оларды әкелуге, сондай-ақ өткiзуге тыйым салынады.
4. Жалған тұз өндiрiсiне, оларды әкелуге, әкетуге және (немесе) өткiзуге тыйым салынады.".
Қазақстан Республикасының
Президентi