Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және орман шаруашылығы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 176 Заңы

       1-бап.  Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 9, 93-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат):
      1) бүкiл мәтiн бойынша "барлық меншiк нысанындағы", "меншiк нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 2-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

      3) 4-баптың төртiншi бөлiгi алып тасталсын;

      4) 10-бапта:
      екiншi бөлiк алып тасталсын;
      төртiншi бөлiктегi "Азаматтық қорғаныстың басқару органдарымен" деген сөздер "төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық органдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 16-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде:
      екiншi абзацтағы "құрылымдық" деген сөз алып тасталсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ұйымдарда - Азаматтық қорғаныс саласындағы мiндеттердi шешуге арнайы уәкiлеттiк берiлген, бiрiншi басшыға тiкелей бағынатын құрылымдық бөлiмшелер (жеке қызметкерлер).";

      6) 19-бапта:
      бiрiншi бөлiкте:
      сегiзiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобасын әзiрлейдi;";
      он үшiншi абзац алып тасталсын;
      он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қарулы Күштерде, басқа әскерлер мен әскери құралымдарда Әскери қызмет өткеру ережелерiне сәйкес әскери қызметшiлердi лауазымға тағайындайды, ауыстырады, қызметтен босатады және шығарады, сондай-ақ әскери қызметшiлерге және әскери мiндеттiлерге мерзiмiнен бұрын берудi қоса алғанда, әскери атақтар бередi, оларды төмендетедi және әскери атақтардан айырады;";
      мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      "Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi мен мазмұнын қалаларды және шаруашылық объектiлерiн санаттарға бөлу дәрежесiне байланысты бекiтедi.";
      екiншi бөлiктiң бiрiншi абзацы алып тасталсын;

      7) 20-бапта:
      екiншi абзацтағы "әскери комиссариаттар" деген сөздер "жергiлiктi әскери басқару органдары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацта орыс тiлiндегi мәтiнге түзету енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi;

      8) 21-баптың тоғызыншы абзацындағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 29-1-баптың 1-тармағында орыс тiлiндегi мәтiнге түзету енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi;

      10) 31-бапқа орыс тiлiндегi мәтiнге түзету енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi.

      2. "Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 11, 155-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат):
      1) тақырыбындағы "Қазақстан Республикасындағы" деген сөздер алып тасталсын;

      2) кiрiспеде:
      "жүзеге асырудағы" деген сөздерден кейiн "негiзгi принциптерiн," деген сөздермен толықтырылсын;
      "меншiк нысандарына қарамастан" деген сөздер алып тасталсын;

      3) бүкiл мәтiн бойынша:
      "әскери комиссариаттардың", "әскери комиссариаттарға", "әскери комиссариаттың", "әскери комиссардың" деген сөздер тиiсiнше "жергiлiктi әскери басқару органдарының", "жергiлiктi әскери басқару органдарына", "жергiлiктi әскери басқару органдарының", "жергiлiктi әскери басқару органы басшысының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытында", "жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытына", "жұмылдыру кезеңiнде және соғыс уақытында" деген сөздер тиiсiнше "жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында", "жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      жұмылдыру - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарын, халқын, аумағы мен экономикасын (жалпы жұмылдыру) немесе олардың қайсы бiр бөлiгiн (iшiнара жұмылдыру) соғыс жағдайы режимiне көшiруге байланысты жалпымемлекеттiк шаралар кешенi;
      жұмылдыру дайындығы - бейбiт уақытта жүргiзiлетiн және соғыс уақытында мемлекеттi тұрақты басқаруға бағытталған iс-шаралар кешенi, ел экономикасын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының және халқының қажеттiлiктерiн қамтамасыз етуге, елдi қарулы қорғауға және оның қорғанысына, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында әкімшілік аумақтық бiрлiктердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге ұйымдасқан түрде көшiру;
      жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкiлеттi орган - жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      жұмылдыру қуаттары - жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған өндiрiстiк алаңдар, технологиялық жабдықтар, инженерлiк-техникалық және өзге де құжаттама;
      жұмылдыру резервi - мемлекеттiк материалдық резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау үшiн қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;
      жұмылдыру тапсырмасы - жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында мемлекеттiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi шешуге бағытталған iс-шараларды орындауға мемлекеттiк органдарға берiлетiн тапсырма;
      жұмылдыру тапсырысы - ұйымдарға жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында белгiлi бiр номенклатурада, мөлшерде және сапада тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өндiруге, арнаулы құралымдар құруға берiлетiн мемлекеттiк тапсырыс;
      Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспары - Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн, Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жұмылдыра өрiстету жөнiндегi шараларды iске асыруға, Қазақстан Республикасының экономикасын, мемлекеттiк органдарын, ұйымдарын, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi мен халқын жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын), сондай-ақ жұмылдыру дайындығының өзге де iс-шараларын орындау жолымен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында жұмыс істеу режимiне көшiруге бағытталған iс-шаралар жоспары.";

      5) 3-баптың 1) тармақшасындағы "дайындығы мен жұмылдыруды" деген сөздер "дайындығын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 4-бапта:
      3) тармақша "жұмылдыруға" деген сөзден кейiн ", соғыс жағдайына және соғыс уақытына" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша:
      "азаматтарды" деген сөздiң алдынан "әскери мiндеттi" деген сөзбен толықтырылсын;
      "соғыс уақытында" деген сөздердiң алдынан "жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Қазақстан Республикасының, мемлекеттiк органдардың, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң, ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын әзiрлеу;";
      9) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының экономикасы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларының жұмылдыру жоспарларын" деген сөздер "Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын, мемлекеттiк органдардың, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң және ұйымдардың жұмылдыру жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10) тармақшадағы "жұмылдырудың және мемлекеттiк резервтiң азаймайтын запасының" деген сөздер "мемлекеттiк материалдық резервтiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды соғыс жағдайына және соғыс уақытына көшiру;";
      мынадай мазмұндағы 18) - 22) тармақшалармен толықтырылсын:
      "18) жұмылдыру органдарын құру және ұстау;
      19) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау;
      20) аумақтық қорғанысты ұйымдастыру;
      21) Азаматтық қорғаныс iс-шараларын жүргiзу;
      22) жұмылдыру iс-шараларын қаржылық қамтамасыз ету.";

      7) 5-бапта:
      4) тармақшада:
      "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
      "мемлекеттiк өкiмет органдарының, жергiлiктi атқарушы органдардың" деген сөздер "мемлекеттiк органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4-1) - 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4-1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын бекiтедi;
      4-2) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережелерiн бекiтедi;
      4-3) жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың жұмылдыру әзiрлiгiн бағалау ережелерiн белгiлейдi;
      4-4) жұмылдыру туралы жариялау тәртiбiн бекiтедi;";
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) соғыс уақытында мемлекеттiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;";
      7) тармақша "бойынша" деген сөзден кейiн "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 7-бапта:
      1) - 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) мемлекеттiк органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын табыс етедi;
      3) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзiрлеу мен орындауды ұйымдастырады;
      4) ұйымдардың Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында белгiленген жұмылдыру тапсырыстарын орындау тәртiбiн белгiлейдi;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы саласындағы, сондай-ақ жұмылдыруды, соғыс жағдайын жариялауға байланысты және соғыс уақытында қабылдануға тиiстi заңнамалық актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеудi ұйымдастырады;";
      мынадай мазмұндағы 7-1) - 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7-1) ұйымдар банкрот болған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, жұмыс бейiнiн өзгерткен жағдайда жұмылдыру тапсырыстарын (тапсырмаларын) алып тастау, басқаға беру тәртiбiн айқындайды;
      7-2) соғыс уақытында Қазақстан Республикасының халқын жабдықтау нормаларын бекiтедi;
      7-3) соғыс уақытында тамақтандыруды және сауда-саттықты ұйымдастыру тәртiбiн бекiтедi;";
      10) және 11) тармақшалар алып тасталсын;
      14) тармақша "қамтамасыз ету" деген сөздерден кейiн ", аумақтарды жедел жабдықтау және Азаматтық қорғаныс жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;
      15) тармақшадағы "жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытында" деген сөздер "жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      17) тармақшада:
      "жұмылдыру резервi мен" деген сөздер алып тасталсын;
      "мемлекеттiк" деген сөзден кейiн "материалдық" деген сөзбен толықтырылсын;
      19) тармақша алып тасталсын;

      9) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:

      "7-1-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы
                уәкiлеттi органның өкiлеттiктерi

      Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкiлеттi орган:
      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын әзiрлейдi, мемлекеттiк органдардың, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жұмылдыру жоспарларын келiседi;
      2) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемi жөнiндегi ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады;
      3) мемлекеттiк органдардың жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы қызметiн үйлестiредi;
      4) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында ғылыми зерттеулер мен әдiстемелiк қамтамасыз етудi, сондай-ақ жұмылдыру органдары мамандарының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
      5) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған және олардың жұмыс бейiнi өзгертiлген кезде мемлекеттiк органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметiне белгiленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныс енгiзедi;
      6) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысады.";

      10) 8-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;";
      3) тармақшадағы "шараларын" деген сөз "тапсырыстарын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "3-1) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасады, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, таратылған, жұмыс бейiнiн өзгерткен жағдайда жұмылдыру тапсырыстары мен жұмылдыру қуаттарынан босату туралы ұсыныс енгiзедi;";
      4) тармақшадағы "экономиканы" деген сөз алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) өз құзыретi шегiнде жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады;";
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;";

      11) 9-бапта:
      1-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде басқару органдары мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында жұмыс iстеуге көшiру жөнiндегi iс-шаралар кешенiн iске асыруды қамтамасыз етедi;";
      2) тармақша "жұмылдыру" деген сөзден кейiн ", соғыс жағдайы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақта:
      4) тармақшада "жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру кезеңiнде" деген сөздерден кейiн "жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) тармақша "азаматтарды" деген сөздердiң алдынан "әскери мiндеттi" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) 10-баптың 1-тармағында:
      6) тармақшада:
      "жұмылдыру жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;
      "жұмсалған шығындарды кейiн өндiре отырып," деген сөздер "жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында олардың құнын кейiннен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен өтеу арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      7) тармақша "жұмылдыру" деген сөзден кейiн ", соғыс уақыты" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) тармақшадағы "тиiстi құрамалар ұстайды" деген сөздер "арнаулы құрамалардың қызметiн ұйымдастырады және қамтамасыз етедi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi уәкiлеттi органға, орталық атқарушы органдардың жұмылдыру органдарына мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi ақпарат беруге мiндетті.";

      13) 11-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытында шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы әскери қызметшiсiнiң құқықтарын пайдаланады.";
      2-тармақтың 3) тармақшасында:
      "соғыс уақытында" деген сөздер "жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "оларға келтiрiлген залалды" деген сөздер "олардың құнын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 13-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Бейбiт уақытта жұмылдыру тапсырыстары (тапсырмалары) бар мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда жұмылдыру дайындығы жөнiндегi шаралардың өткiзiлуiн ұйымдастыру, үйлестiру және бақылау жұмылдыру органдарына (бөлiмшелерге немесе жекелеген қызметкерлерге) жүктеледi. Жұмылдыру органдарының (бөлiмшелерiнiң немесе жекелеген қызметкерлердiң) құрылымы, штат саны, өкiлеттiгi осы тапсырыстардың (тапсырмалардың) сипаты мен ауқымы тұрғысынан айқындалады.
       Жұмылдыру органдары (бөлiмшелер немесе жекелеген қызметкерлер) мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың тiкелей бiрiншi басшысына бағынады.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Жұмылдыру тапсырыстары (тапсырмалары) бар мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың бiрiншi басшылары жұмылдыру органдарына (бөлiмшелерге немесе жекелеген қызметкерлерге) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы үшiн қажеттi жағдайлар жасайды.";
      2-тармақта:
      "облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)" деген сөздер алып тасталсын;
      "Орталық және жергiлiктi атқарушы органдары" деген сөздер "Мемлекеттiк органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 14-баптың 1-тармағы "Жұмылдыру" деген сөзден кейiн ", соғыс жағдайы" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Жұмылдыру резервi

      Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтары Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету, экономиканың жұмылдыру мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiнде және соғыс уақытында ғана пайдаланылады.";

      17) 17-баптың 1-тармағындағы "(бекiтiп беру)" және "(резервте)" деген сөздер алып тасталсын;

      18) 18-баптың 4-тармағындағы "жұмылдыру бойынша шақырудан және кейіннен" деген сөздер "жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңiндегі және" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 19-баптың тақырыбы мен мәтiнiнде:
      орыс тiлiндегi мәтiнге түзету енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi;
      "Жұмылдыру бойынша" деген сөздерден кейiн ", соғыс жағдайы кезiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      20) 20-бапта:
      "әскери мәселелер жөнiнде" деген сөздер алып тасталсын;
      "шаруашылық" деген сөз "экономикалық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      21) 22-бапта орыс тiлiндегi мәтiнге түзету енгiзiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiн өзгермейдi.

      3. "Мемлекеттiк материалдық резерв туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., N 20, 378-құжат; 2003 ж., N 15, 139-құжат):
      1) 1-бапта:
      1) тармақшадағы "ауыстыру," деген сөз алып тасталсын;
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) мемлекеттiк материалдық резерв (бұдан әрi - мемлекеттiк резерв) - жұмылдыру мұқтаждарына, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды қабылдауға, iзгiлiк көмек көрсетуге және нарыққа реттеушiлiк ықпал жасауға арналған материалдық құндылықтар запасы;";
      5) тармақша алып тасталсын;
      6) тармақшада:
      "қажет өнiм" деген сөздер "қажет тауарлар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "(тiзбесiн" деген сөзден кейiн "және көлемiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) жұмылдыру резервi - мемлекеттiк резервтiң құрамдас бөлiгi болып табылатын, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезiнде және соғыс уақытында жұмылдыру тапсырысын орындау үшiн қажеттi және жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдар ағымдағы өндiрiстiк қызметiнде пайдаланбайтын шектеулi номенклатура бойынша материалдық құндылықтар запасы, сондай-ақ арнайы құралымдардың материалдық-техникалық құралдары;";
      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "8-1) сақтау нормативтерi - мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын ұстау және сақтау шарттары жөнiндегi техникалық нормативтер мен талаптар;";
      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) операция жасау - мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын беру, сақтау және шығару;";
      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "10-1) материалдық құндылықтардың орнын ауыстыру материалдық құндылықтарды тиеу мен түсiрудi қоса алғанда, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтайтын бiр пункттен екiншi пунктке материалдық құндылықтарды тасымалдау;";
      12) - 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi - шарт негiзiнде мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және сақтауға байланысты қызметтер көрсетудi жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
      13) броньнан шығару - материалдық құндылықтарды кейiннен қайта салмау не оларды кәдеге жарату (жою) мақсатында мемлекеттiк резервтен шығару;
      14) тапсырысты орналастыру - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын беру және шығару үшiн өнiм берушiлер мен тұтынушыларды таңдау;";

      2) 3-бапта:
      бiрiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк резервi" деген сөздер "Мемлекеттiк резерв" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) жұмылдыру мұқтаждарын қамтамасыз ету;";

      3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Мемлекеттiк резерв жүйесi

      Мемлекеттiк резерв жүйесiн уәкiлеттi орган және оған ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды.";

      4) 5-бапта:
      3) тармақшадағы "органдары" деген сөз алып тасталсын;
      7), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
      11) тармақшадағы "жұмылдыру резервiн" деген сөздер "мемлекеттiк резервтi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 6-баптың бiрiншi абзацы "өз құзыретi шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 7-бапта:
      1) тармақшадағы "алмастыру" деген сөз "орнын ауыстыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) тармақшадағы "нормалары" деген сөз "нормативтерi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4) тармақшадағы "сатып алу" деген сөздер "қалыптастыру" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6) тармақшадағы "және алмастыру" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "6-1) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пунктерi бейiнiн өзгерткен, қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешiм қабылдайды;";
      7) - 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi уәкiлеттi органмен және қорғаныс саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнiң тiзбесiн жасайды және бекiтедi;
      8) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды жүзеге асырады;
      9) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыруды, есепке алуды, олардың сан және сапа жағынан сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi; сақтау пункттерiнде сақталатын материалдық құндылықтардың сақталуына тексерулер (тексерiстер) жүргiзу туралы шешiм қабылдайды; тиiстi мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары мен мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тексерулер (тексерiстер) жүргiзуге тартады; мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртiбiнiң бұзылуына кiнәлi адамдарды жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тексерулердiң (тексерістерін) материалдарын құқық қорғау органдарына жiбередi;";

      7) 8-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттiк резерв жүйесiн қамту мен дамытуға, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен операциялар жасауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.";

      8) 9-баптың 1-тармағындағы "орналасқан" деген сөз "сақталған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      9) 11-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтар беруге тапсырыстар оларды берушiлер арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен орналастырылады.
      2. Мемлекеттiк резервке материалдық құндылықтар беруге уәкiлеттi орган тапсырыс берушi болады.";

      10) 12-бапта:
      1-тармақта:
      "орналастырылады және" деген сөздер алып тасталсын;
      "ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда" деген сөздер "уәкiлеттi органның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;

      11) 13-бапта:
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "және ауыстыруға" деген сөздер алып тасталсын;
      2) тармақшадағы "уақытша" деген сөз алып тасталсын;
      3) тармақшадағы "тәртiбiмен;" деген сөз "тәртiбiмен жүзеге асырылуы мүмкiн." деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) - 6) тармақшалар алып тасталсын;
      3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын жаңарту, броньнан шығару мақсатында шығаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады.";
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Материалдық құндылықтарды мемлекеттiк резервтен шығарған кезде оларды сатудан алынған қаражат бюджет есебiне алынуға тиiс.";
      11-тармақта "алты ай мерзiмнен кешiктiрiлмей мемлекеттiк бюджеттiң" деген сөздер "тоқсан күн iшiнде бюджет" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 19-баптағы "заң актiлерiне" деген сөздер "заңдарға" деген сөзбен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi