Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі N 154 Заңы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Хаттама қолданысын тоқтатты - ҚР 24.12.2014 N 266-V Заңымен.

      2006 жылғы 25 қаңтарда Санкт-Петербургте қол қойылған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚОҒAMДАСТЫҚ
МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ КEҢEC

Бейресми аударма   

ШЕШIМ

2006 ж. 25 қаңтардағы           N 265            Санкт-Петербург қ.

  Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы
2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы хаттама туралы

      ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесi (мемлекеттер басшылары деңгейiнде) Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық мүшелiгiне қабылдануына және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы шартқа тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажеттiлiгiне байланысты шештi:
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама (қоса берiлiп отыр) қабылдансын.

ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық Кеңесiнiң мүшелерi:

      Беларусь             Қазақстан              Қырғыз
   Республикасынан       Республикасынан      Республикасынан

        Ресей              Тәжiкстан             Өзбекстан
    Федерациясынан       Республикасынан      Республикасынан

  Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы
2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы,
      2006 жылғы 25 қаңтардағы Өзбекстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа қосылуы туралы хаттаманы назарға ала отырып,
      Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарттың 19-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегiлер туралы уағдаласты:

  1-бап

      Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа (бұдан әрi - Шарт) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Шарттың 13-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Мемлекетаралық Кеңес "мүдделi Уағдаласушы Тараптың дауысын алып тастағандағы консенсус" қағидаты бойынша қабылданатын мүшелiктi тоқтата тұру туралы немесе Қоғамдастық мүшелiгiнен шығару туралы шешiмдердi қоспағанда, барлық шешiмдердi консенсуспен қабылдайды.
      2. Интеграциялық Комитетте шешiмдер 2/3 көпшiлiк дауыспен қабылданады. Егер шешiмдердi қабылдауға бес Уағдаласушы Тарап дауыс берген жағдайда, бiрақ бұл ретте ол 2/3 көпшiлiк дауысты жинамаса, онда мәселе Мемлекетаралық Кеңестiң қарауына берiледi. Әрбiр Уағдаласушы Тараптар дауыстарының саны оның ЕурАзЭҚ органдарын ұстауға, Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға арналған Қоғамдастықтың бюджетiндегi үлестiк жарнасына сәйкес келедi және:
      Беларусь Республикасы - 15 дауысты;
      Қазақстан Республикасы - 15 дауысты;
      Қырғыз Республикасы - 7,5 дауысты;
      Ресей Федерациясы - 40 дауысты;
      Тәжiкстан Республикасы - 7,5 дауысты;
      Өзбекстан Республикасы - 15 дауысты құрайды".
      2. Шарттың 15-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. ЕурАзЭҚ органдарының қызметiн қаржыландыру Қоғамдастық бюджетiнiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      Қоғамдастықтың кезектi қаржы жылына арналған бюджетiн мүше мемлекеттердiң келiсiмi бойынша ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiнiң Хатшылығы әзiрлейдi, белгiленген тәртiппен қаралады және Мемлекетаралық кеңес бекiтедi.
      Қоғамдастықтың бюджетiнде тапшылық болуы мүмкiн емес.
      2. Қоғамдастықтың бюджетi:
      1) Қоғамдастықтың органдарын ұстауға, Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға арналған үлестiк жарналар:
      Беларусь Республикасы - 15 %;
      Қазақстан Республикасы - 15 %;
      Қырғыз Республикасы - 7,5 %;
      Ресей Федерациясы - 40 %;
      Тәжiкстан Республикасы - 7,5 %;
      Өзбекстан Республикасы - 15 %;
      2) әрбiр бағдарлама бойынша Мемлекетаралық кеңестiң шешiмдерiне сай, Уағдаласушы Тараптардың қатысу дәрежесiне сәйкес келетiн үйлесiмде Мемлекетаралық кеңестiң шешiмдерiмен айқындалатын ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларын және өзге де iс-шараларды қаржыландыруға арналған Уағдаласушы Тараптардың жарналары есебiнен қалыптасады.
      3. Қоғамдастық бюджетiнiң қаражаты:
      Қоғамдастықтың органдарын ұстауға;
      Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға;
      ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық мақсатты бағдарламаларын қаржыландыруға;
      ЕурАзЭҚ-тың мақсаттары және мiндеттерiне қайшы келмейтiн Мемлекетаралық кеңес бекiтетiн өзге де iс-шараларға жұмсалады.
      4. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң ЕурАзЭҚ бюджетiнiң алдындағы үлестiк жарналары бойынша қарызы оның жылдық үлестiк жарнасына балама сомадан асқан жағдайда, ол қарызын толық өтегенге дейiн Мемлекетаралық кеңестiң шешiмiмен Қоғамдастық органдарында дауыс беру құқығынан айрылуы мүмкiн. Оған тиесiлi дауыстар қалған Уағдаласушы Тараптар арасында олардың ЕурАзЭҚ органдарын ұстауға және Қоғамдастық органдарының және ЕурАзЭҚ жанындағы Тұрақты өкiлдер комиссиясының мәжiлiстерiн өткiзудi қаржыландыруға арналған Қоғамдастық бюджетiндегi үлестiк жарналарына үйлесiмде бөлiнедi".

  2-бап

      Осы Хаттама Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.

  3-бап

      Осы Хаттама Уағдаласушы Тараптардың ратификациялауына жатады және депозитарийi болып табылатын ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитетiне оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.

  4-бап

      Осы Хаттама БҰҰ Жарғысының 102-бабына сәйкес Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркелуге тиiс.
      2006 жылғы 25 қаңтарда Санкт-Петербург қаласында беларусь, қазақ, қырғыз, орыс, тәжiк және өзбек тiлдерiнде бiр данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей, Осы Хаттаманың мәтiнi бойынша келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi пайдаланатын болады.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы оның куәландырылған көшiрмесiн Уағдаласушы Тараптарға жiберетiн ЕурАзЭқ Интеграциялық Комитетiнде сақталады.

      Беларусь Республикасы үшiн

      Қазақстан Республикасы үшiн

      Қырғыз Республикасы үшiн

      Тәжiкстан Республикасы үшiн

      Ресей Федерациясы үшін

      Қырғыз Республикасы үшiн

      Өзбекстан Республикасы үшiн

      Осымен 2005 жылғы 25 қаңтарда Санкт-Петербург қаласында жасалған Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құру туралы 2000 жылғы 10 қазандағы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасы
      Сыртқы iстер министрлігінің
      Халықаралық құқық департаментi
      Халықаралық шарттар басқармасының
      Бастығы