"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексiне) өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 6 мамырдағы N 140 Заңы

        Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЬI ЕТЕДI:
      "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 3593 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы ақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының,
      Премьер-Министрi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 3593 Жарлығына толықтыру енгiзу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

      1. "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясын кұру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 3593 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҰАЖ-ы, 1997 ж., N 32, 291-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақтың бесiншi абзацында "оның қоспаларын" деген сөздерден кейiн ", сирек кездесетiн металдарды" деген сөздермен, "әндердi" деген сөзден кейiн ", сирек кездесетiн металдардың экспорты мен импортын, уранды, оның қоспаларын және сирек кездесетiн металдарды өндiру процесiн сумен қамтамасыз ету үшiн жер асты суларын барлауды және өндiрудi" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      ПрезидентiН. Назарбаев