1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (Жалпы бөлiм), (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24 (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 5, 55-құжат; N 12, 183, 184-құжаттар; N 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., N 2-3, 23-құжат; N 5-6, 50-құжат; N 11-12, 178-құжат; N 17-18, 224, 225-құжаттар; N 23, 429-құжат; 1999 ж., N 20, 727, 731-құжаттар; N 23, 916-құжат; 2000 ж., N 18, 336-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 10, 102-құжат; 2003 ж., N 1-2, 3-құжат; N 11, 56, 57, 66-құжаттар; N 15, 139-құжат; N 19-20, 146-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 56-құжат; N 16, 91-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 10, 31-құжат; N 14, 58-құжат):
1) 50-баптың 1-тармағы "әдiлет органына" деген сөздерден кейiн ", тiркеу орны бойынша салық органына" деген сөздермен толықтырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 54-1-баппен толықтырылсын:
"54-1. Сырттай байқау
Сырттай байқау рәсiмiн сот:
борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету;
әдейi және жалған банкроттық белгiлерiн анықтау;
борышкердің - қаржылық жай-күйiне және кредиторлар алдындағы мiндеттемелерiн орындаудан жалтару жөнiндегi әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) талдау жүргiзу;
кредиторлар тарапынан борышкердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң жай-күйiне және олардың қайта ұйымдастыруды жүргiзуiне бақылау жасау;
негiзгi құралдарды иелiктен шығару, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру бойынша мәмiлелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтiруi мүмкiн нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткiлiксiз негiздер бойынша өзге де мәмiлелер жасауға бақылау жасау мақсатында енгiзуi мүмкiн.
Сырттай байқауды қолдану Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.";
2. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi)" 2001 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; 2005 жылғы 3 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 29 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ; 2005 жылғы желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы ):
501-баптың 22) тармақшасындағы "кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады." деген сөздер "кезде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
"23) конкурстық басқарушылар - Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасында көзделген өз өкiлеттiктерi шегiнде конкурстық iс жүргiзу мүддесiнде талап қойған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады.".
3. "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 7-құжат; N 13-14, 205-құжат; 1998 ж., N 14, 198-құжат; N 17-18, 225-құжат; 2000 ж., N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 17-18, 240-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; 2003 ж., N 4, 26-құжат; N 11, 67-құжат; 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 23, 142-құжат; 2005 ж., N 14, 57-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақшаның бiрiншi абзацында:
"және соттан тыс тарату рәсiмiне" деген сөздер ", соттан тыс тарату рәсiмiне және сырттай байқауға" деген сөздермен ауыстырылсын;
"конкурстық басқарушылардың" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"1-1) сырттай байқау әкiмшiсi - сырттай байқау рәсiмiн жүргiзу үшiн белгiленген тәртiппен тағайындалған тұлға;";
"4-1) сырттай байқау - борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету, әдейi және жалған банкроттық белгiлерiн анықтау, борышкердiң қаржылық жай-күйiне, сондай-ақ кредиторлар алдындағы мiндеттемелерiн орындаудан жалтару жөнiндегi әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) талдау жүргiзу, кредиторлар тарапынан борышкердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң жай-күйiне, олардың қайта ұйымдастыру жүргiзуiне бақылау жасау, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру бойынша мәмiлелер, сондай-ақ орындалуы борышкерге залал келтiруi мүмкiн нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткiлiксiз негiздер бойынша өзге де мәмiлелер жасалуына бақылау жасау мақсатында сот енгiзетiн рәсiм;";
7) тармақшадағы "банкроттық рәсiмiнiң" деген сөздер "сырттай байқау, банкроттық рәсiмдерiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
15-1) мониторинг - ақпаратты жинауға, өңдеуге және төлемге қабiлетсiз және дәрменсiз ұйымдарға қаржы-экономикалық сауықтыру шараларын уақтылы қолдану және кредиторлардың мүддесiн қорғау мақсатында олардың қаржы-экономикалық жай-күйiне талдау жасауға бағытталған-iс-шаралар кешенi;";
2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Заң Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк саласындағы заң актiлерiмен реттелмеген бөлiгiнде жеке кәсiпкерлердiң банкроттығына қолданылады.";
3) 3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Егер:
кредитордың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi салықтық берешегi бойынша талабы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса;
өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық туралы iстердi сот қарайды.
Осы тармақтың талаптары осы Заңның 94-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.";
4) 5-баптың 3-тармағындағы "қылмыстық заңдарында" деген сөздер "заңдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
5) 6-баптың 2, 3-тармақтарындағы және 4-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "екi" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 9-бапта:
4-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр жылдан астам басқа заңды тұлғаның басшысы болған адам.
Аталған шарт осындай шешiм қабылданған күннен кейiнгi бес жыл бойы қолданылады;";
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар:
1) өздерiне жүктелген мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған, жекелеген кредиторлардың мүддесiне нұқсан келтiретiн не басқаларға артықшылық беретiн әрекеттер жасаған, басшыны жұмыстан босату үшiн негiз болып табылатын өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) жасаған;
2) өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау мүмкiндiгi болмаған жағдайларда, борышкердiң iстерiн және мүлкiн басқаруға қандай тәртiппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртiппен шеттетiлуге тиiс.
Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша борышкердiң iстерiн және мүлкiн басқарудан шеттету Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
Лицензияны керi қайтарып алу Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша сот тәртiбiмен жүргiзiлуi мүмкiн.";
7) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кредиторлар талаптарының тiзiлiмiне кредиторлардың даусыз болып табылатын, сондай-ақ осы баптың 3-тармағына сәйкес негiзделген деп танылған талаптары енгiзiледi.
Борышкерден ақша сомасын өндiрiп алу туралы заңды күшiне енген соттың шешiмi немесе атқару құжаттары бар талаптар даусыз болып табылады.";
8) 10-1-бапта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындайды;";
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) дәрменсiз борышкердiң банкроттық рәсiмдерiнде және оны соттан тыс тарату рәсiмiнде оңалтушы және конкурстық басқарушылардың қызметiн, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмi кезiнде сырттай байқау әкiмшiсiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асырады;";
5) тармақша:
"қалыптастырады" деген сөзден кейiн "және бекiтедi" деген сөздермен толықтырылсын;
"рәсiмiнде" деген сөзден кейiн "және оңалту рәсiмiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) кредиторлар комитетiнiң оңалтушы немесе конкурстық басқарушымен, сондай-ақ сырттай байқау әкiмшiсiмен жасайтын келiсiмдер жобаларының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келуiн қарайды;";
мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"6-1) дәрменсiз борышкерге қатысты оңалту рәсiмiн қолдануды келiсу тәртiбiн белгiлейдi;
6-2) оңалтушы және конкурстық басқарушылар (таратушы) ұсынған конкурстық iс жүргiзудiң, оңалту рәсiмi мен соттан тыс тарату рәсiмiнiң әкiмшiлiк шығыстары сметасының жобасын келiседi;";
7) тармақша "туралы" деген сөзден кейiн "ағымдағы" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) сырттай байқау әкiмшiсiнiң сырттай байқау рәсiмiнiң жүргiзiлу барысы туралы ағымдағы есептерiн қарайды;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) оңалтушы басқарушының қорытынды есебiн келiседi және оңалту рәсiмiн жүргiзу нәтижелерi бойынша қорытынды бередi;";
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
"8-1) оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) конкурстық iс жүргiзу, оңалту рәсiмi кезiнде, сондай-ақ сырттай байқау рәсiмi кезiнде кредиторлар комитетiнiң құрамын бекiтедi;";
14) тармақшадағы "жоспарын" деген сөз "жоспарының жобасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"15) осы Заңда белгiленген жағдайларда оңалтушы, конкурстық басқарушыларды және сырттай байқау әкiмшiсiн шеттету туралы шешiм қабылдайды;";
18) тармақшадағы "оңалтуды және конкурстық басқарушылардың" деген сөздер "оңалтушы, конкурстық басқарушылардың және сырттай байқау әкiмшiсiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 20)-24) тармақшалармен толықтырылсын:
"20) бiлiм беру ұйымдары арқылы сырттай байқау әкiмшiлерiн, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды даярлау ережесiн бекiтедi;
21) сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тәртiбiн бекiтедi;
22) өз құзыретi шегiнде мониторингтi жүзеге асырады;
23) конкурстық, оңалтушы басқарушылардың не сырттай байқау әкiмшiсiнiң өтiнiшi бойынша конкурстық iс жүргiзу, оңалту рәсiмiнiң және сырттай байқау рәсiмiнiң пайдасына, сондай-ақ кредиторлардың мүддесiн қорғау мақсатында сотқа жүгiне алады;
24) осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.";
9) 12-бапта:
1-тармақтағы "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "оңалту немесе" деген сөздер алып тасталсын;
11) 18-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Борышкер уәкiлеттi органға өтiнiштiң және оған қоса берiлетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi.";
12) 19-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "борышкер мемлекеттiк бажды төлеудi кейiнге қалдыру туралы өтiнiш берген жағдайлардан басқа," деген сөздер алып тасталсын;
14) 22-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кредитордың өтiнiшi сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жалпы ережелер бойынша берiледi.";
4-тармақ "борышкерге" деген сөзден кейiн "және уәкiлеттi органға" деген сөздермен толықтырылсын;
16) 28-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) борышкер мүлкiнiң меншiк иесi (оған уәкiлеттiк берiлген орган), құрылтайшылар (қатысушылар), заңды тұлғаның барлық органдары борышкердiң мүлкiне билiк ету құқығынан айырылады. Егер осы Заңның 2-бабының 4-тармағында көрсетiлген ұйым борышкер болып табылған жағдайда, уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот iс жүргiзу циклын, оның iшiнде үздiксiз iс жүргiзудi қолдауға және мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi ең төменгi ағымдағы төлемдердi жүргiзуге уәкiлеттi тұлғаларды анықтауға құқылы;";
2) тармақша "аралық соттардың" деген сөздерден кейiн ", салық органдарының, сондай-ақ борышкердiң мүлкiне қатысты оның меншiк иелерiнiң (құрылтайшылардың, қатысушылардың) немесе органдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) акцияларды, борышкердiң мүлкiндегi үлестердi иелiктен айыруға тыйым салынады.";
2-тармақтың бiрiншi бөлiгiндегi "ресми басылымдардың бiрiнде, сондай-ақ борышкердiң тұрғылықты жерiндегi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi ресми жарияланым үшiн белгiлеген газеттердiң немесе өзге мерзiмдi басылымдардың бiрiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 29-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"29-бап. Кредитордың немесе прокурордың мәлiмдемесiне
борышкердiң жауабы";
1-тармақтағы ", салық органы мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер алып тасталсын;
18) 31-баптың 1-тармағындағы ", салық органы мен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер алып тасталсын;
19) 36-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы "жүгiнгенде шығарылады." деген сөздер "жүгiнгенде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу жаңартылған күннен бастап он күннен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде оңалту мақсаттарына қол жеткiзу мүмкiн болмауына байланысты оңалту рәсімін тоқтату туралы уәкiлеттi орган мәлiмдегенде шығарылады.";
2-тармақта:
2) тармақшадағы ", ал банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкроттыққа ұшыраған жағдайда құрамында комиссия төрағасы мен мүшелерi бар тарату комиссиясын тағайындау туралы" деген сөздер алып тасталсын;
3) тармақшадағы "туралы нұсқаулар болуға тиiс." деген сөздер "туралы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) борышкердiң лауазымды тұлғаларының құрылтай, қаржы және оның мүлкiне құқық белгiлейтiн құжаттарын, сондай-ақ борышкердiң мөрiн конкурстық басқарушыға ол тағайындалған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде беру туралы нұсқаулар болуға тиiс.";
3-тармақтың бiрiншi бөлiгiнде:
"ресми басылымдардың бiрiнде, сондай-ақ борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi ресми жарияланым үшiн белгiлеген газеттердiң бiрiнде немесе өзге де мерзiмдi басылымда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
"жетi" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 40-бапта:
тақырыбындағы "Сот және" деген сөздер алып тасталып, "әкiмшiлiк" деген сөз бас әрiппен жазылсын;
1-тармақтағы ", төленуi кейiнге қалдырылған мемлекеттiк баж жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, барлық сот шығыстары мен" деген сөздер алып тасталсын;
22) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:
"3-1-тарау. Сырттай байқау
41-1-бап. Сырттай байқау
1. Кредитордың не уәкiлеттi органның өтiнiшi бойынша сот:
1) сырттай байқау рәсiмiн қолдануға келiсiм бiлдiрген кемiнде үш кредитор, оның iшiнде өтiнiш берушi болған кезде;
2) борышкер төлемге қабiлетсiз болған кезде, борышкерге қатысты үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге сырттай байқау рәсiмiн енгiзуi мүмкiн.
Сырттай байқауды енгiзу туралы сот ұйғарымында уәкiлеттi органға үш күн мерзiмде сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тапсырылатыны көрсетiледi.
Сырттай байқау әкiмшiсiн тағайындау тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2. Сырттай байқау әкiмшiсi болып банкроттық рәсiмдерiнде төлемге қабiлетсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар жеке тұлға - жеке кәсiпкер тағайындалады.
Осы Заңның 9-бабының 4-тармағында көрсетiлген тұлғалар сырттай байқау әкiмшiсi болып тағайындала алмайды.
3. Сырттай байқау әкiмшiсi:
1) өзiне жүктелген мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған, жекелеген кредиторлардың мүддесiне нұқсан келтiретiн не басқаларға артықшылық беретiн әрекеттер жасаған, басшыны жұмыстан босатуға негiз болып табылатын өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) жасаған;
2) өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мүмкiндiгi болмаған жағдайларда, борышкердiң iстерiн және мүлкiн басқаруға қандай тәртiппен тағайындалған болса, аталған функцияларды жүзеге асырудан сондай тәртiппен шеттетiлуге тиiс.
Сырттай байқау әкiмшiсiн осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша шеттету Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
Лицензияны керi қайтарып алу Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарында көзделген негiздер бойынша сот тәртiбiмен жүргiзiлуi мүмкiн.
4. Сырттай байқау енгiзiлген кезде мынадай салдарлар туындайды:
1) кредиторлардың борышкерге қатысты кез келген талаптары осы Заңда көзделген сырттай байқау рәсiмi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн;
2) борышкердiң лауазымды тұлғаларына өздерiне тиесiлi акцияларды, борышкер мүлкiндегi үлестерiн иелiктен айыруына тыйым салынады.
5. Сотқа сырттай байқауды енгiзу туралы өтiнiш берген кезде кредитор салық қызметiнiң тиiстi органына хабарлама жiбередi.
41-2-бап. Кредиторлар комитетiн құру
1. Сырттай байқау кезiнде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар комитетi құрылады, оның құрамын осы баптың талаптарына сәйкес сырттай байқау әкiмшiсi құрады және оны уәкiлеттi орган бекiтедi.
2. Кредиторлар комитетiнiң құрамына борышкерге ең көп талабы бар азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша кредиторлар, сондай-ақ салықтық берешегi болған кезде салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредитор кiруi мүмкiн.
3. Өтiнiштерi бойынша сырттай байқау рәсiмi енгiзiлген кредиторлар, талаптардың мөлшерiне қарамастан, кредиторлар комитетiнiң құрамына енгiзiледi.
4. Кредиторлар комитетi мүшелерi жетi адамнан аспайтын тақ саннан тұрады.
41-3-бап. Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiктерi
Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiктерiне:
1) сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерiн үйлестiру мен бақылау;
2) борышкердiң негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру бойынша мәмiлелер, сондай-ақ олардың орындалуы борышкерге залал келтiруi мүмкiн, нарықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткiлiксiз негiздер бойынша өзге мәмiлелер жасауына қатысты сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерiн келiсу, қайта ұйымдастыруды жүргiзу;
3) сырттай байқау әкiмшiсiмен борышкердiң мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету, нәтижесiнде борышкердiң төлемге қабiлетсiздiгi туындаған, сырттай байқау рәсiмiн енгiзгенге дейiн жасалған оның мәмiлелерiн және iс-әрекеттерiн анықтау мен талдау, мүлiктi түгендеу актiлерi бойынша салыстыру жүргiзу жөнiндегi iс-шаралар және осы Заңда белгiленген өзге де iс-шаралар туралы уәкiлеттi органмен келiсiлген келiсiм жасау;
4) уәкiлеттi органға сырттай байқау әкiмшiсiнiң iс-әрекеттерi жөнiнде шағымдану;
5) сырттай байқау рәсiмiн ұзарту немесе тоқтату туралы сотқа өтiнiш жасау жатады.
41-4-бап. Сырттай байқау әкiмшiсiнiң өкiлеттiктерi
1. Сырттай байқау әкiмшiсi:
1) сотқа борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қолдану, сондай-ақ мұндай шаралардың күшiн жою туралы өтiнiш жасауға;
2) түгендеу актiлерi бойынша борышкердiң мүлкiне салыстыру жүргiзуге;
3) борышкерден берешек сомасы көрсетiлген оның кредиторлары мен дебиторларының толық тiзбесiн, активтерi мен пассивтерi толық көрсетiлген балансын, борышкердiң қаржылық жағдайы туралы есептi және басқа да қажеттi ақпаратты талап етуге;
4) сот алдында үшiншi тұлғалардан қажеттi құжаттарды, қорытындыларды табыс ету және (немесе) оларды талап ету, олардың борышкердiң алдыңғы үш жылдағы қаржы-шаруашылық қызметiне қатысты өзге мәлiметтердi табыс етуi туралы өтiнiш жасауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы мәлiметтермен олардың тұрған жерiнде танысуға;
5) сырттай байқау рәсiмi енгiзiлгенге дейiнгi алдыңғы үш жыл iшiнде жасалып, борышкердiң қаржылық жағдайын нашарлатқан мәмiлелердi анықтауға, борышкерден оларды азаматтық заңдарда белгiленген негiзде және тәртiппен бұзуды талап етуге;
6) борышкерден осы Заңның 41-7-бабында көзделген өзiнiң мiндеттерiн орындауын талап етуге;
7) осы Заңда көзделген тәртiппен және мөлшерде сыйақы алуға құқылы.
2. Сырттай байқау әкiмшiсi:
1) борышкерге қатысты өз iс-әрекеттерiн кредиторлар комитетiмен келiсуге;
2) борышкер мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз ету және оны қорғау жөнiнде шаралар қолдануға;
3) әдейi және жалған банкроттық белгiлерiнiң бар екенiн анықтауға және анықталған белгiлер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға не борышкерден оның қаржылық жағдайын нашарлатқан мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердi жарамсыз деп тануын талап етуге;
4) борышкердiң кредиторлары мен дебиторларын анықтауға, борышкерден дебиторлық берешектi өндiрiп алу жөнiнде шаралар қолдануын талап етуге;
5) сырттай байқау кезеңi аяқталғаннан кейiн кредиторлар комитетiмен және уәкiлеттi органмен келiсiлген, өз қызметi туралы есептi сотқа табыс етуге мiндеттi.
41-5-бап. Сырттай байқау әкiмшiсiнiң жауапкершiлiгi
Сырттай байқау әкiмшiсi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
41-6-бап. Сырттай байқау шығыстары
Әкiмшiлiк шығыстарды және сырттай байқау әкiмшiсiне ағымдағы төлемдердi қаржыландыру шарттары сырттай байқау енгiзiлгенге дейiн оны қолдануға келiсiм бiлдiрген кредиторлар арасында жасалатын келiсiммен айқындалады.
41-7-бап. Борышкердiң мiндеттерi
Борышкер:
1) сырттай байқауды енгiзу туралы ұйғарым заңды күшiне енген күннен бастап бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында сырттай байқауды енгiзу туралы жарияланымды мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде орналастыруға;
2) сырттай байқау әкiмшiсiнiң талабы бойынша:
сырттай байқау енгiзiлгенге дейiн жасалған, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру жөнiндегi мәмiлелерге, сондай-ақ құны борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп процентi болатын басқа да мәмiлелерге қатысты қаржылық-шаруашылық және ұйымдастыру қызметi туралы ақпарат ұсынуға;
борышкердiң қаржылық жай-күйiн нашарлатқан мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердi бұзу жөнiнде шаралар қабылдауға;
3) сырттай байқау әкiмшiсiмен шығыстардың ұлғаюын, бухгалтерлiк есеп стандарттарына сай өз капиталындағы өзгерiстi, қайта ұйымдастыру жүргiзудi, негiзгi құралдарды иелiктен айыру, мүлiктi кепiлге немесе жалға беру жөнiндегi мәмiлелердiң, сондай-ақ борышкер активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң он және одан да көп процентi болатын мүлiктi сатып алу немесе иелiктен айыру жөнiндегi мәмiлелердiң жасалуын келiсуге мiндеттi.
41-8-бап. Сырттай байқауды тоқтату
Сырттай байқау:
1) сырттай байқау мерзiмi бiткен;
2) сырттай байқау мақсаттарына қол жеткiзiлген жағдайларда сот сырттай байқау әкiмшiсiнiң қорытынды есебiн бекiткен кезде тоқтатылады.";
23) 43-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) борышкердiң төлем қабiлетiн қалпына келтiрудiң нақты мүмкiндiгi туралы аудиторлық есеп;";
4-тармақ "құрады" деген сөзден кейiн "әрi бекiтедi" деген сөздермен толықтырылсын;
24) 44-баптың 2-тармағы "санация," деген сөзден кейiн "мүлiктi (активтердi) сауда-саттық жүргiзу арқылы сату," деген сөздермен толықтырылсын;
25) 45-баптың екiншi сөйлемiндегi "құжаттармен: шарттармен, есептермен, экономикалық негiздемелермен және т.б." деген сөздер "шарттармен, есептермен, экономикалық негiздемелермен және басқа да құжаттармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 46-бапта:
1-тармақта:
"заңдарға қайшы келмейтiн кез келген iс-әрекеттер" деген сөздер "оңалту жоспарына сәйкес iс-әрекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын;
"және т.б." деген сөздер "және өзге де шараларды қолдану" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Оңалту жоспарында көзделген мүлiктi (активтердi) сату сауда-саттық жүргiзу арқылы жүзеге асырылады.";
3-тармақ "(өсiмпұлдарды, айыппұлдарды)" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ алынған кредиттер бойынша сыйақыларды" деген сөздермен толықтырылсын;
27) 47-бапта:
2-тармақ "жүзеге асырылады" деген сөздердiң алдынан "кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Кредиторлардың өтiнiштерi және олардың борышкерге қоятын талаптарын қарау, сондай-ақ кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн бекiту осы Заңның 71-73-баптарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Оңалту рәсiмi енгiзiлгенге дейiн туындаған кредиторлар талаптарын қанағаттандыру кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн жүргiзiледi.";
30) 51-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1), 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) уәкiлеттi орган оны тағайындаған күннен бастап он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында борышкерге оңалту рәсiмiн қолдану және кредиторлар талаптарын бiлдiру тәртiбi туралы жарияланымды мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялайды;";
"3-1) кредиторлар талаптарының тiзiлiмi бекiтiлгеннен кейiн кредиторлар алдындағы берешектi өтеу бөлiгiнде оңалту жоспарына өзгерiстер енгiзу туралы сотқа өтiнiш жiбередi;";
"3-2) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн түзедi және жүргiзедi;";
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) борышкердiң мүлкiне билiк ету жөнiндегi кез келген мәмiлелердi жасайды;";
31) 53-бапта:
1-тармақта:
"кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшаның екiншi сөйлемi алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Оңалтушы басқарушының өтiнiшiне уәкiлеттi органның қорытындысы мен оңалтушы басқарушының есебi қоса берiледi. Есептiң нысаны мен оны келiсу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Оңалту рәсiмiн одан әрi жүргiзу орынсыз болған жағдайда уәкiлеттi орган оңалту рәсiмiн тоқтату туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнуге құқылы.";
32) 54-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Сот борышкердi банкрот деп таныған және конкурстық iс жүргiзу тағайындалған жағдайда оңалту кезеңiнде пайда болған берешек сомасы осы Заңның 75-бабында белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.";
33) 57-баптың 2-тармағы "оңалтуды басқарушымен" деген сөздерден кейiн "уәкiлеттi орган және" деген сөздермен толықтырылсын;
34) 65-бапта:
2-тармақта:
"алты" деген сөз "тоғыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Конкурстық iс жүргiзу мерзiмi борышкердi банкрот деп тану туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi.";
35) 67-баптың 4) тармақшасындағы ", ал банк және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы банкрот болған жағдайда құрамында төраға және комиссия мүшелерi бар тарату комиссиясын тағайындайды" деген сөздер алып тасталсын;
36) 69-бапта:
1-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "үш күн" деген сөздер "бес күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк "тағайындау" деген сөзден кейiн ", есепке алу және тiркеу" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 2) тармақшасындағы "өткiзiлген конкурстық массаның" деген сөздер "кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға жұмсалған қаражаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;
37) 70-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша "он күннен" деген сөздердiң алдынан "ол тағайындалған күннен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
1-2) тармақшада:
"бiр апта" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ресми басылымдардың бiрiнде, сондай-ақ борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi ресми жарияланым үшiн белгiлеген газеттердiң немесе өзге де мерзiмдi басылымда" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы "борышкердiң банкроттығы туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде" деген сөздер алып тасталсын;
5) тармақшадағы "хабарлайды" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ екiншi кезектегi кредиторлардан уәкiлеттi өкiлдi сайлау үшiн олардың жиналысын (конференциясын) ұйымдастырады;" деген сөздермен толықтырылсын;
8) тармақшадағы "(шаруашылық серiктестерiнiң лауазымды адамдарын, басшыларды, қатысушыларды (құрылтайшыларды), негiзгi компанияны және т.б.)" деген сөздер "(борышкердiң лауазымды адамдарын, қатысушыларын (құрылтайшыларын)" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) түгендеудi жүргiзедi;";
38) 71-баптың 1-тармағында:
екiншi бөлiктегi "және т.б." деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Кредиторлардың шетелдiк валютамен көрсетiлген талаптары борышкердi банкрот деп тану және оны тарату туралы сот шешiм қабылдаған кездегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша теңгемен есепке алынады.";
39) 71-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"71-1 -бап. Конкурстық басқарушы-таратушының жауапкершiлiгi
Өз өкiлеттiктерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда конкурстық басқарушы-таратушы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.";
42) 74-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Конкурстық массаға:
1) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтары;
2) ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлiк: ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығы (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларға меншiк құқығы оларды ұстаушыларда туындаса немесе мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша оларға көшкен жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы аталған мүлiктi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңдарына сәйкес ипотекалық облигацияларды ұстаушы кредиторлармен есеп айырысу үшiн ипотекалық облигациялар ұстаушылардың өкiлiне бередi;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңдарына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты енгiзiлмейдi.";
43) 75-баптың 1-тармағының екiншi бөлiгiндегi "кредиторлар комитетi бекiткен" деген сөздер "кредиторлар комитетiнiң конкурстық басқарушымен келiсiмi арқылы айқындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
44) 76-бапта:
1-тармақтың үшiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Кредитордың белгiленген мерзiмде жазбаша келiсiмiн ұсынбауы мүлiктi заттай алудан бас тартуы деп танылады.";
5-тармақтағы "қанағаттандырылғанға дейiн" деген сөздер "тiзiлiмге енгiзiлгенге дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
45) 77-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер азаматтың жасы жетпiстен асса, онда тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру кезеңi он жыл болады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банкроттың мүлкi жетiспеуiне байланысты бiрiншi кезектегi кредиторлардың қанағаттандырылмай қалған талаптары азаматтық заңдарда белгiленген тәртiппен өтеледi.";
46) 78-баптың 3-тармағының екiншi сөйлемi "қалған сомалары" деген сөздерден кейiн "(айыппұлдар, өсiмпұлдар, индекстеу және басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
47) 82-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "талаптарды қарау және талаптар тiзiлiмi мен оларды қарау нәтижелерiн бекiту кезiнде" деген сөздер алып тасталсын;
48) 83-баптың 1-тармағында:
бiрiншi сөйлемдегi "түгендеу мен" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағалаушыны тарту үшiн қаражат жетiспеген жағдайда, конкурстық басқарушы кредиторлар комитетiнiң келiсiмiмен мүлiктi баланс құны бойынша сауда-саттыққа қоюға құқылы.";
49) 84-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Талап ету құқығын қоса алғанда, борышкердiң мүлкiн сатуды уәкiлеттi органмен келiсiлген және кредиторлар комитетi бекiткен мүлiктi сату жоспарына сәйкес сауда-саттық жүргiзу арқылы конкурстық басқарушы жүзеге асырады.
Сауда-саттық жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";
50) 86-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Егер банкрот деп тану туралы өтiнiш берiлген кезге дейiнгi үш жыл iшiнде өз мүлкiнiң бiр бөлiгiн жасырса немесе жасыру мақсатында басқа тұлғаға берсе, бухгалтерлiк кiтаптарды, шоттарды, құжаттарды қоса алғанда, қажеттi есептiк ақпаратты жасырып қалса немесе бұрмаласа, банкрот қарыздардан босатылмайды.";
52) 89-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Сот iс қозғаған кезден бастап борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне және оның құрылтайшыларына (қатысушыларына) осы Заңның 28-бабында көзделген салдарлар қолданылады.";
53) 94-бапта:
1-тармақтағы ", салық немесе салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк органның" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
"бiр апта" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ресми басылымдардың бiрiнде, сондай-ақ борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi ресми жарияланым үшiн белгiлеген газеттердiң немесе өзге де мерзiмдi басылымдардың бiрiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "және кредиторлар комитетiнiң" деген сөздер алып тасталсын;
екiншi бөлiкте:
"бiр апта" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
"ресми басылымдардың бiрiнде, сондай-ақ борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмi ресми жарияланым үшiн белгiлеген газеттердiң немесе өзге де мерзiмдi басылымдардың бiрiнде" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында және борышкердiң тұрғылықты жерi бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте таратылатын, белгiленген тәртiппен нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау құқығын алған мерзiмдi баспасөз басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшiншi бөлiктiң 2) тармақшасындағы "жүргiзудi" деген сөз "ұйымдастыруды" деген сөзбен ауыстырылсын;
54) 95-бапта:
2 және 3-тармақтардағы "(уәкiлеттi орган)", "(уәкiлеттi органның)" деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақта:
бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Егер заңды тұлғаны тарату лауазымды және оның атынан өкiлдiк етуге уәкiлеттi тұлғалар болмаған кезде конкурстық iс қозғалмай жүргiзiлген жағдайда, уәкiлеттi орган осы Заңның талаптарына сәйкес кредитор талаптарының тiзiлiмi мен қорытынды есептiң жасалуын ұйымдастырады.";
екiншi бөлiктегi "сатады" деген сөз "сатуды ұйымдастырады" деген сөздермен ауыстырылсын;