Арнайы байланыс жөнелтілімдерімен мемлекетаралық алмасу туралы келісімді және Арнайы байланыс жөнелтілімдерімен мемлекетаралық алмасу туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1993 жылғы 23 желтоқсандағы хаттаманы және онымен бекітілген А

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 578 Заңы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.25 № 272 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Кедендiк баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелiнетін және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетiлетiн тауарлардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 8 шiлдедегi N 668  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 28, 276-құжат) мынадай толықтыру енгiзілсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Кедендiк баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелiнетiн және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетілетiн тауарлардың тiзбесi:
      мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
      "21. Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы уәкiлеттi орган пайдалануға құқық берген авиабағыттар бойынша ұшуға арналған азаматтық әуе кемелері".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi