"Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңына
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 2, 12-құжат, N 15-16, 232-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-бапта:
2) және 4) тармақшалар алып тасталсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) астық қолхатын ұстаушы - астық иесi, астық қолхатымен индоссамент жасаған жағдайларда - индоссат;";
мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) қойма куәлiгiн ұстаушы - кепiлмен ауыртпалық жасалған астық иесi, қойма куәлiгiмен индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
7-2) кепiл куәлiгiн ұстаушы - кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттемеде астықты кепiлге ұстаушы болып табылатын тұлға;";
11), 12) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"11) астықтың сапасы - астықтың мемлекеттiк стандарттардың, техникалық жағдайлардың, санитарлық, ветеринариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормалардың, гигиеналық нормативтер мен өзге де нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуiн айқындайтын тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;
12) астық рыногының мониторингi - астықты өндiрудi, сақтауды, қайта өңдеудi және сатуды қоса алғанда, астық рыногына қатысушылар жүзеге асыратын астықпен жасалатын операциялар туралы деректердi жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған тұрақты iс-шаралар жиынтығы;";
"14) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн жаңарту - оның бiр бөлiгiн сату және жаңа егiннiң астығы есебiнен мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiнiң белгiленген көлемiн және қажеттi сапасын ұстап тұру мақсатында жаңа егiннiң астығын сатып алу;";
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) мемлекеттiк астық ресурстарын ауыстыру - мемлекеттiк астық ресурстарын бiр астық қабылдау кәсiпорнынан басқасына тасу;";
20), 21), 23) - 25) тармақшалар алып тасталсын;
22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"22) астық сапасының сертификаты - астық сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарт талаптарына және (немесе) келiсiм-шарт талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат;";
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
"22-1) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесi - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;";
27) тармақша "тасымалдауға" деген сөзден кейiн ", қайта өңдеуге" деген сөздермен толықтырылсын;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"28) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға;";
30) тармақшадағы "қызметтiң айрықша түрi құқығымен" деген сөздер алып тасталсын;
31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"31) астықты сақтау - астық қоймасында (элеваторда, астық қабылдау пунктiнде) жүзеге асырылатын, астық қабылдауды, өлшеудi, кептiрудi, тазартуды, сақтауды және тиеп жөнелтудi қамтитын қызмет көрсетулердің технологиялық кешені;";
мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
"32) астықтың сапасына сараптама жасау - көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеу мен сынақтан өткізуді, сапа сертификатын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені.";
2) 4-бапта:
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасының сертификаттау туралы заңдарына сәйкес астықты сертификаттау;";
"4) астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын, астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөніндегі ережелерді сақтауын бақылау;";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөнiндегi аккредиттелген зертханалардың қызметiн бақылау;";
7) тармақша "қорғау" деген сөзден кейiн "және олардың карантинi" деген сөздермен толықтырылсын;
9) тармақша алып тасталсын;
3) 5-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуі мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктер алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiң осындай қорларға қатысу нысаны мен тәртiбiн белгiлейдi;";
4) 6-бапта:
4) тармақшадағы "мемлекеттiк ресурстардың астығын" деген сөздер "мемлекеттiк астық ресурстарын" деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы "мен өсiмдiктердi қорғаудың" деген сөздер ", өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) астық қабылдау кәсіпорындарының астық сақтау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi ережелердi сақтауын бақылау;
8) Қазақстан Республикасының астық туралы заңдарын бұзу туралы нұсқамаларды беру, Қазақстан Республикасының әкiмшiлік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;";
мынадай мазмұндағы 9-1), 9-2) және 9-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"9-1) астықтың сапасына сараптама жасау жөнiндегi аккредиттелген зертханалардың қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға қатысу;
9-2) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкілеттi органмен келiсiм бойынша астықтың сапасына сараптама жасау және астықтың сапасына сертификат беру тәртiбiне талаптар әзiрлеу;
9-3) осы Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негiздер болған жағдайда астық қабылдау кәсiпорнынан астықты көлiктiң кез келген түрiмен тиеп-жөнелтуге тыйым салу;";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) астықтың сандық-сапалық есепке алынуы, сақталуы жөнiндегi, сондай-ақ астық қолхаттарын бepу, олардың айналымы жәнe оларды өтеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және бекiту;";
12) - 14) тармақшалар алып тасталсын;
5) 7-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлетiн астық санитариялық және фитосанитариялық ережелер мен нормаларға сәйкес болуға тиiс.";
2-тармақ "уәкілеттi орган" деген сөздерден кейiн ", оның аумақтық органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) фитосанитариялық бақылауды қамтиды.";
6) тармақша алып тасталсын;
6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Астықтың сапасына сараптама жасау
1. Астықтың сапасына сараптама жасауды стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен аккредиттелген зертханалар жүзеге асырады.
2. Астық сапасының сертификатынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес талап етiлетiн өзге де құжаттарсыз экспорттау мен импорттау кезiнде астық сатуға жол берiлмейдi.";
7) 9-бапта:
2-тармақ "тасуға" деген сөзден кейiн "(, ауыстыруға)" деген сөзбен толықтырылсын;
3-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"экспорттау мен импорттау кезiнде азық-түлiктiк және жемдiк астыққа - астық сапасының сертификаты;";
8) 10-бапта:
3) тармақша "қорғау" деген сөзден кейiн "және оның карантинi" деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшаға енгiзiлген өзгерiс Заңның мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде дұрыс жазылған;
9) 11-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасындағы "тұқымдық астық" деген сөздер "тұқым" деген сөзбен ауыстырылсын;
3-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының азық жөнiндегi қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ техникалық мақсаттар үшiн пайдаланылуы мүмкін.
4. Мемлекеттiк тұқым ресурстары - төтенше жағдайлар болғанда ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге көмек көрсету, Қазақстан Республикасының тұқым материалына деген қажеттерiн тұрақты қамтамасыз ету, сорт жаңартуды, сорт алмастыруды жүргiзу, мемлекетаралық келiсiмдердi орындауды қамтамасыз ету үшiн құрылған және соған арналған мемлекеттiк тұқым запасы.
5. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары - iшкi рынокты реттеу, астықты экспортқа шығаруды қамтамасыз ету, iшкi рынокта сату, гуманитарлық көмек көрсету және мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервiн, мемлекеттiк тұқым ресурстарын және мемлекеттiк жемдiк астық ресурстарын жаңарту үшiн құрылған және соған арналған астық запасы.
6. Мемлекеттiк астық ресурстарын сатып алу жөнiндегi шығыстар:
1) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi, мемлекеттiк сатылатын астық ресурстары үшiн - республикалық бюджет;
2) мемлекеттiк тұқым ресурстары, мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған басқа да көздер есебiнен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау және ауыстыру жөнiндегi шығыстар:
1) мемлекеттiк азық-түлiктiк астық резервi үшiн - республикалық бюджет;
2) мемлекеттiк тұқым ресурстары, мемлекеттiк жемдiк астық ресурстары үшiн - Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындаған басқа көздер есебiнен жүзеге асырылады.";
10) 12-баптың 1-тармағы "жаңарту" деген сөзден кейiн ", ауыстыру" деген сөзбен толықтырылсын;
11) 5-тараудың тақырыбы "және қырман шаруашылықтары" деген сөздермен толықтырылсын;
12) 13-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi "тек қана" деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Заңды тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен бiр немесе бiрнеше астық қоймаларында (элеваторларда, астық қабылдау пункттерiнде) астықты сақтау жөніндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия алуға құқылы.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Уәкiлеттi органның тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр тұлға:
1) қырман шаруашылықтарында жүзеге асырылатын қызметтi қоспағанда, негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде астық сақтау жөнiнде қызмет көрсетуге;
2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулары мен жарнамаларында "астық қабылдау кәсiпорны", "астық қоймасы", "астық қабылдау пунктi", "элеватор" деген сөздердi немесе ол астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырады деп ұйғарылатын, солардан туындайтын сөздердi пайдалануға құқылы емес.";
13) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"16-бап. Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердi орындауға
кепілдiк беру жүйесi және қоры (қорлары)
1. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепілдік беру қорымен (қорларымен) жасалған шарттардың негiзiнде астық қабылдау кәсiпорындары ғана астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болуы мүмкін.
Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатыспайтын астық қабылдау кәсіпорындары астық қолхаттарын және олардың бөлiктерiн ұстаушылардың алдындағы шарт бойынша өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін ерiктi сақтандыру ережелерiне сәйкес сақтандыруға мiндеттi.
2. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылардың мiндеттемелерi бойынша субсидиарлық жауапкершілікте болады.
3. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорларын құруға, олардың жұмыс iстеуi мен таратылуына қойылатын талаптарды, астық қабылдау кәсiпорындарының астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысу шарттарын, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) кепiлдiктерiн алу тәртiбiн, астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi өтеу тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiң осындай қорларға қатысу нысаны мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
4. Астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушылар - астық қабылдау кәсiпорындары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өз мүлкін және өзге де мүлiктiк мүдделердi сақтандыра (өзара сақтандыра) алады.
5. Осы Заңға сәйкес уақытша басқару енгiзiлген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы - астық қабылдау кәсiпорнының астық қолхаттарын ұстаушыларының талаптарын қанағаттандыруды астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бiрiншi кезектегi тәртiппен жүргiзедi.";
14) мынадай мазмұндағы 16-1-баппен толықтырылсын:
"16-1-бап. Қырман шаруашылықтары
Меншiк құқығымен жеке немесе заңды тұлғаға тиесiлi және астықтың тауарлық партиясын қалыптастыру мен оларды лицензияланған астық қабылдау кәсiпорындарында сақтау үшiн кейiннен ауыстыру, сондай-ақ астық дақылдары тұқымдарының партиясын қалыптастыру және оларды сақтау мақсатында бастапқы өңдеуге арналған техникалық құрылыс қырман шаруашылығы деп танылады.
Қырман шаруашылығында жүзеге асырылатын қызмет лицензиялануға жатпайды. Осы қызметтi жүзеге асыратын тұлғалар астық қолхаттарын беруге құқылы емес.";
15) 17-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) астық қабылдау кәсiпорындары астықты сақтау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтау нысанасындағы қызметiн, сондай-ақ астық қолхаттары тiзiлiмiнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етудi жүргізу талаптарын инспекциялау (тексеру);";
16) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"19-бап. Астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн шектеу
1. Астық қабылдау кәсiпорындары астық сақтауға жатпайтын қызметтi жүзеге асыруға, оның iшiнде, үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлдiк беруге және мүлiктi кепiлге салуға құқылы емес, оған мыналар кiрмейдi:
1) ұн өнiмдерiн, құрама-жем, нан-бөлке және макарон бұйымдарын өндiру мен сату;
2) жанар-жағармай материалдарын, қатты отынды сақтау жөнiнде қызмет көрсету.
Бұл орайда жоғарыда тiзбеленген қызмет түрлерiне байланысты пайдаланылатын құрылыстар астық қоймасымен (элеватормен, астық қабылдау пунктiмен) технологиялық байланыста болуға және (немесе) бір аумақта не оған iргелес жатқан аумақта болуға тиiс. Астық қабылдау кәсiпорындары астық сақтау және астық сақтауға байланысты емес қызмет бойынша операциялардың бөлек есепке алынып жүргiзілуін қамтамасыз етуге мiндеттi.
2. Рынокта басым жағдайға ие болған астық қабылдау кәсiпорындарының:
1) көрсетілетiн қызмет үшiн осы Заңның 18-бабына сәйкес реттеушi орган белгiлегеннен артық мөлшерде ақы алуына;
2) көрсетілетiн қызметтерге қол жеткiзу жағдайларын күштеп таңуына немесе көрсетiлетiн қызметтердiң тұтынушыларын кемсiтушілiкке немесе тұтынушылардан белгiленген тарифтерде ескерілмеген ақы алу есебiнен табыс табуға әкеп соғатын өзге де әрекеттер жасауына тыйым салынады.";
17) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Астық қабылдау кәсiпорындарының астықты сақтау жөнiндегi қызметiне, астық рыногы мониторингiн оның қатысушыларының жүргiзуiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын сақтау мәселелерi бойынша есеп жүргiзудiң және есептiлiк ұсынудың тiзбесiн, нысандары мен мерзiмдерiн мемлекеттiк статистика органдарымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi.";
18) 24-бапта:
1-тармақтағы "бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi жөнiнде" деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Астық қабылдау кәсiпорындары тексеру тапсырмасында аталған мәселелер бойынша тексерудi жүргiзуде уәкiлеттi органға жәрдем беруге, сондай-ақ тексеру жүргiзу үшiн қажеттi ақпараттың барлық көздерiне қол жеткiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi.";
19) мынадай мазмұндағы 24-1-баппен толықтырылсын:
"24-1-бап. Мемлекеттiк астық инспекторы және оның
өкiлеттiктерi
1. Уәкiлеттi органның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдарына сәйкес "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас астық инспекторы" және "Мемлекеттiк астық инспекторы" деген қосымша арнайы атақтарды беруге құқылы.
2. Уәкілеттi органның мемлекеттiк астық инспекторларының:
1) астықтың сапасын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен астықты өндiру, қабылдау, сақтау, тиеп жөнелту және қайта өңдеу орындарына кедергiсiз кiруге (қызмет куәлiгiн көрсете отырып) және астық рыногын мемлекеттiк бақылауды және оған мониторинг жүргiзудi жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алуға;
3) астық қабылдау кәсiпорындарының астық сақтау жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi ережелердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;
5) астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) қайтарып алу, астық қабылдау кәсiпорнына уақытша басқаруды енгiзу, астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу туралы ұсыныстар енгiзуге;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де өкілеттiлiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.";
20) 25-бапта:
1-тармақтағы "Астық рыногын реттеу мәселелерi" деген сөздер "Астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Астық қабылдау кәсiпорындарына, олардың лауазымды адамдарына айыппұл салу және оны өндiрiп алу Қазақстан Pecпубликасының заң актілерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.";
21) 26-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"26-бап. Астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың негiздемелерi
1. Астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтас алғанда немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлiгiнде алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру:
1) астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелердi орындамағаны;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген фитосанитариялық ережелер мен нормаларды бұзғаны;
3) нормативтiк құқықтық актiлердi бұзғаны не уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамаларын орындамағаны;
4) астық қабылдау кәсiпорындары үшiн шектелген қызметтi жүзеге асырғаны;
5) астық қолхаттарын ұстаушылардың өтiнiштерi бойынша, астықты қабылдау және түсiру-тиеу кезiнде және олар құжаттамамен расталған жағдайда астықтың саны мен сапасының көрсеткiштерiн үнемi бұрмалау фактілерiн анықтағаны (кейiнгi күнтiзбелiк алты ай iшiнде екi және одан да көп рет);
6) жыл сайын мiндеттi аудит өткiзу туралы талаптарды орындамағаны үшiн жүргiзiледi.";
22) 27-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияны керi қайтарып алудың негiздемелерi";
бiрiншi абзац "Лицензия" деген сөз "Астық сақтау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензия" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Лицензия лицензиат лицензиядан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда соттан тыс тәртiппен керi қайтарып алынады.";
23) 28-баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) астық сақтау жөнiндегi шарттық мiндеттемелердi үнемi тиiсiнше орындамауы;
2) астық қолхаттарымен қамтамасыз етiлген астық мөлшерiнiң астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астықтың нақты мөлшерiнен асып кетуі бойынша ғана уақытша басқаруға берiлуi мүмкiн.";
24) 29-баптың 1-тармағының 1) тармақшасына енгiзiлген өзгерiс Заңның мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде дұрыс жазылған;
25) 7-тараудың тақырыбы "және олардың астық қоймаларын (элеваторларды, астық қабылдау пункттерiн) иелiктен шығару тәртiбi" деген сөздермен толықтырылсын;
26) 37, 39, 40 және 41-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"37-бап. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иелiктен шығару ерекшелiктерi
1. Астық қабылдау кәсiпорнының астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бөлiнбейтiн мүлiк болып табылады және сатып алушының (алушының) оны астық сақтау мақсаты үшiн пайдалану шарты бойынша бiрыңғай кешенмен иелiктен шығарылады.
2. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сатуға кем дегенде екi ай қалғанға дейiн астық қабылдау кәсiпорны өзiне белгiлi астық қолхаттарын ұстаушыларды мүлiктік кешеннің иелiктен шығарылатыны туралы жазбаша хабардар етуге, сондай-ақ республикалық баспа басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тілінде бұл туралы хабарландыру беруге тиiс.
3. Астық қабылдау кәсiпорны мүлiктiк кешендi иелiктен шығарған жағдайда астық қолхаттарын ұстаушыда сақтау шартын мерзiмiнен бұрын бұзу және астықты белгiленген тәртiппен алу не астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) бұрынғы иесiмен жасасқан шарт талабымен бiрдей астық қоймасының жаңа иесiмен де қайта шарт жасасу құқығы сақталады.
4. Астық қабылдау кәсiпорнының осы баптың 1-3-тармақтарын бұза отырып жасаған астық қоймаларын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) сату жөнiндегi мәмiлелерiн астық қолхаттарын ұстаушылар мен өзге де мүдделi тұлғалардың талап-арызы бойынша сот заңсыз деп тануы мүмкiн.
5. Астық қоймасын (элеваторды, астық қабылдау пунктiн) иеленген не оны сот (аралық сот) шешiмiн орындау тәртiбiмен алған тұлға бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхатынан туындайтын мiндеттемелер бойынша астықты қабылдап-өткiзу жөнiндегi комиссия жасаған және уәкiлеттi органның тиiстi аумақтық бөлiмшесiнiң мемлекеттiк астық инспекторы бекiткен астық қалдықтарын түгендеу актiсiмен белгiленген мөлшерде жауапты болады.
Егер астық қалдықтарын түгендеу актiсi жасалмаған болса, астық қоймасының (элеватордың, астық қабылдау пунктiнiң) жаңа иесi бұрынғы астық қабылдау кәсiпорны берген барлық астық қолхаттары бойынша жауапты болады.";
"39-бап. Астық қолхаты
1. Астық қабылдау кәсiпорны астықты сақтауға қабылдағанын растайтын астық қолхатын бередi.
2. Астық қолхаты қажет болған жағдайда бiр-бiрiнен бөлiнуi мүмкiн екi бөлiктен - қойма куәлiгiнен және кепiл куәлiгiнен тұрады. Астық қолхаты және оның бөлiктерiнiң әрқайсысы эмиссиялық емес ордерлiк бағалы қағаз болып табылады.
3. Астық қолхатының әрбiр бөлiгi мынадай мiндеттi деректемелердi бiрдей қамтуға тиiс:
1) уәкiлеттi орган берген код;
2) астық қолхаты бланкiсiнiң сериясы мен нөмiрi;
3) астықты сақтауға қабылдап алған астық қабылдау кәсiпорны салық төлеушiсiнiң атауы, тұрған жерi мен тiркеу нөмiрi;
4) астық қабылдау кәсiпорнының тiзiлiмi бойынша астық қолхатының ағымдағы нөмiрi;
5) салық төлеушi заңды тұлғаның атауы, тұрған жерi, мемлекеттiк тіркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi, тiркеу нөмiрi не аты-жөнi, сондай-ақ салық төлеушiнiң тiлегi бойынша әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi, тiркеу нөмiрi, астықты сақтауға тапсырған жеке адамның жеке басын куәландыратын құжат;
6) астықтың түрi, оның сандық және сапалық сипаттамалары;
7) егер ондай белгiленген болса, астықтың сақтауға қабылданған мерзiмi;
8) сақтау төлемi туралы белгi;
9) куәлiктiң берiлген күнi;
10) уәкiлеттi адамның қолы мен астық қабылдау кәсіпорнының мөрi.
4. Осы баптың талабына сай келмейтiн құжат астық қолхаты болмайды.
5. Кепіл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде қойма куәлiгiне мынадай ақпарат бар белгi жасалынады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша - әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаларға қатысты - индоссаттың атауы және тұрған жерi;
2) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақының ставкасы, орындалу мерзiмi;
3) индоссаттың қолы;
4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi.
6. Кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлу кезiнде кепiл куәлiгiне мынадай ақпарат бар белгi жасалынады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша әкесiнiң аты мен тұрғылықты жерi, заңды тұлғаларға қатысты - индоссаттың атауы және тұрған жерi;
2) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң мәнi, оның мөлшерi, ол бойынша сыйақының ставкасы, орындалу мерзiмi;
3) индоссанттың қолы;
4) кепiл куәлiгiнiң бөлiнген күнi.
7. Астық қолхаты жазылатын бланкiлерге қойылатын талаптарды, оларды шығару, сатып алу, сақтау, айналымы, өтеу және жою тәртiбiн, сондай-ақ астық қолхаттарының үлгiсiне қойылатын талаптарды уәкілеттi орган белгiлейдi.
8. Астық қабылдау кәсiпорны уәкілеттi органға астық қолхатына қол қоюға уәкiлеттi адамдардың аты-жөнi және әкесiнiң аты жазылған карточканы, олардың қолтаңбаларының үлгiлерiн, сондай-ақ астық қолхатына қойылған мөрдiң бедер-таңбасының үлгiсiн табыс етуге мiндеттi.
9. Астық қолхатындағы қойылған қолдардың, мөр бедер-таңбасының уәкiлеттi органға берген карточкада көрсетiлген қойылған қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiсiне сәйкес келмеуi осы астық қолхатын жарамсыз деп тану үшiн негiздеме болып табылады.
40-бап. Астық қолхатын және оның бөлiктерiн ұстаушылардың
құқықтары
1. Астық қолхатын ұстаушының астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астыққа астық қолхатында көрсетiлген көлемде билiк етуге құқығы бар.
2. Қойма куәлiгiн ұстаушы астық қабылдау кәсiпорнында сақтаулы астыққа билiк етуге құқылы, бiрақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен кепiл куәлiгi бойынша борышты өтегенге дейiн астық қабылдау кәсiпорнынан астық берудi талап етуге құқылы емес.
3. Кепiл куәлiгiн ұстаушының:
1) кепiл куәлiгiн қойма куәлiгiнен бөлген тұлғадан кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеменiң орындалуын және ол бойынша сыйақы төлеудi талап етуге;
2) кепiл куәлiгiн және ол бойынша құқықтарды үшiншi тұлғаларға беруге құқығы бар.
41-бап. Астық қолхаты бойынша астықты беру
1. Астық қолхатын ұстаушы немесе қойма куәлiгiн ұстаушы астықты талап ету үшiн астық қабылдау кәсiпорнының тұрған жерiне өзi келуге немесе уәкiлеттi өкiлiн жiберуге мiндеттi.
2. Астықты беру астық қолхатын ұстаушының өтiнiшi бойынша өтеуге жататын қойма және кепiл куәлiктерiнiң түпнұсқасына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.";
27) мынадай мазмұндағы 39-1, 40-1, 41-1, 41-2 және 41-3-баптармен толықтырылсын:
"39-1 бап. Астық қолхатын беру тәртiбi
1. Астық қолхаты сапасы бойынша бiр тектес әрбiр астық партиясына берiледi. Тапсырылған астықтың барлық көлемiне берiлетiн астық қолхатының санын астықтың иесi оған берiлген өтiнiм бойынша айқындайды.
2. Астық қолхаттары астық иесiне астық қолхаттарының тiзiлiмiне тiркелiп және оның қолы қойылып берiледi, оны астық қабылдау кәсiпорны хронологиялық тәртiппен жүргiзiп отырады.
3. Жаңа астық қолхатын астық қабылдау кәсiпорны:
1) онда индоссаменттi жасау үшiн бос орын болмаған;
2) табиғи тозығы жеткен;
3) жоғалған жағдайларда беруi мүмкiн.";
"40-1-бап. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтарды беру
1. Астық қолхаты және оның бөлiктерi бойынша құқықтар оларда беру жазбаларын жүргiзу арқылы берiледi.
Егер кепiл куәлiгi бөлiнбесе, астық қолхатындағы индоссамент қойма куәлiгiнде ғана жасалады.
2. Кепiл куәлiгiн бөлу осы Заңның 39-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.";
"41-1-бап. Кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асыру тәртiбi
1. Қойма куәлiгiн ұстаушы қойма куәлiгiнде көрсетiлген мiндеттеменi орындау мерзiмi басталғанға дейiн кредитор алдындағы мiндеттеме мөлшерiнде борышты өтеген кезде кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде индоссамент жасауға және оны қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтаруға мiндеттi.
2. Кепiл куәлiгiмен куәландырылған мiндеттеме орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда, кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiнде көрсетiлген астықты өндiрiп алуға құқылы.
3. Егер өндiрiп алу сәтiне дейiн астық қабылдау кәсiпорнынан астықты қойма куәлiгiн ұстаушы талап еткен, ал астық қабылдау кәсiпорнына кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалғанын және ол бойынша сыйақының төленгенiн куәландыратын құжат табыс етiлген болса, онда кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiл куәлiгiн өтеу үшiн қайтарып беруге мiндеттi.
41-2-бап. Кепiлге салынған астықты сату
1. Кепiл куәлiгiн ұстаушы кепiлмен қамтамасыз етiлген өзiнiң талабы мерзiмiнде қанағаттандырылмаған жағдайда, кепiлге салынған астықты Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сатуға және өзiнiң талаптарын басқа кепiл берушi кредиторлар алдында басым жабуға құқылы.
Кепiл куәлiгiн ұстаушының талабын кепiлге салынған мүлiктiң құнынан қанағаттандыру, егер шартта өзгеше белгiленбесе, кепiл куәлiгін ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы ұйымдастыратын және өткiзетiн сауда-саттықта кепiлге салынған астықты соттан тыс тәртiппен мәжбүрлеп сату арқылы жүргiзiледi.
Кепiл куәлiгiн ұстаушының сенiм бiлдiрген тұлғасы кепiл берушiге кепiл беру туралы шартта көзделген мiндеттеменiң орындалмағаны туралы хабарлама жасайды және сонымен бiр мезгiлде бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткiзiлетiн уақыты, орны, сауда-саттық нысанасы, оны өткiзу тәртiбi, сауда-саттыққа қатысуды ресiмдеу туралы және кепiлге салынған астықтың бастапқы бағасы туралы мәлiметтердi қоса алғанда, сауда-саттық өткiзу туралы хабарлама жариялайды.
Сауда-саттық ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап он төрт күннен кейiн өткiзiледi.
2. Сауда-саттықта астық сатудан түскен сома мынадай кезекпен бөлiнедi:
1) бiрiншi кезекте сауда-саттықты өткiзуге және ұйымдастыруға байланысты шығындар жабылады;
2) екiншi кезекте астық қабылдау кәсiпорнына сақтау жөнiнде көрсеткен қызметi үшiн сыйақы төленедi;
3) үшiншi кезекте кепiл куәлiгiн ұстаушының талабы қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте астық сатудан қалған сома қойма куәлiгiнiң түпнұсқасына айырбастауға қойма куәлiгiн ұстаушыға қайтарылады.
3. Әрбiр кезектің талаптары алдыңғы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейiн қанағаттандырылады.
41-3-бап. Астық қолхатының жоғалуы немесе бүлiнуi
1. Астық қолхаты, қойма куәлiгi немесе кепiл куәлiгi жоғалған жағдайда тиiстi куәлiктi жоғалтқан тұлға бұл туралы астық қабылдау кәсiпорнына жазбаша нысанда дереу хабарлауға мiндеттi.
2. Жоғалған астық қолхаты, қойма куәлiгi және (немесе) кепiл куәлiгi бойынша құқықтарды жүзеге асыру сот шешiмiне сәйкес жүргiзiледi.".
Қазақстан Республикасының
Президентi