Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Египет Араб Республикасының Үкіметі арасындағы "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 460-ІІ Заңы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы"  1996 жылғы 5 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 263-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 4, 101-құжат; 2000 ж., N 6, 145-құжат):

      26-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтiруге, күрделi жөндеуге) арналған алдын ала жобалау, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының жекелеген түрлерi бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу бөлiгiнде мемлекеттiк сараптама Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.".

      2. "Өрт қауiпсiздiгi туралы"  1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 18, 368-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 1999 ж., N 20, 728-құжат; N 23, 931-құжат; 2000 ж., N 6, 142-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат):

      1) 10-баптың төртiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
      "үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтiруге, күрделi жөндеуге) арналған жобаларға өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк сараптама жүргiзуге қатысу;";

      2) 18-баптың бесiншi абзацы "кеңес беру және" деген сөздерден кейiн "жобалардың мемлекеттiк сараптамасының ерекше құзыретiне жатқызылатын сараптау жұмыстарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

      3. "Экологиялық сараптама туралы"  1997 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 6, 67-құжат; 1998 ж., N 24, 443-құжат; 1999 ж., N 11, 357-құжат):

      13-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Үйлердi, ғимараттар мен олардың кешендерiн, коммуникацияларды салуға (кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға, қалпына келтiруге, күрделi жөндеуге) арналған алдын ала жобалау, сондай-ақ жобалау (жобалау-смета) құжаттамасының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жекелеген түрлерi бойынша мемлекеттiк экологиялық сараптама қорытындылары жобалардың мемлекеттiк сараптамасының жинақталған қорытындысына енгiзiледi.".

      Қазақстан Республикасының
      Президенті