Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі N 452-ІІ Заңы

      Астанада 2002 жылғы 9 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы шарт бекітілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттiк шекарасының жекелеген
учаскелерi туралы Қазақстан Республикасы мен
Өзбекстан Республикасы арасындағы
ШАРТ

(2003 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Бұдан әрi мәртебелi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы,
      достық және тату көршiлiк, өзара құрмет тұту әрi тең құқылық рухында,
      тәуелсiздiктi, егемендiктi, аумақтық тұтастықты, екi мемлекеттiң шекараларының мызғымастығын құрмет тұту, бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау, өзара түсiнiстiк және өзара сенiм бiлдiру принциптерiнiң негiзiнде,
      Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мемлекеттiк шекара (бұдан әрi - Мемлекеттiк шекара) сызығының жекелеген учаскелерiнiң өтуiн нақтылау және белгiлеу мақсатында,
      Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы 2001 жылғы 16 қарашадағы шарттың 4-бабына сәйкес,
      төмендегiлер туралы уағдаласты:

1-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар N 16 шекаралық нүктеден N 19 шекаралық нүктеге дейiн, N 84 шекаралық нүктеден N 85 шекаралық нүктеге дейiн, N 115 шекаралық нүктеден N 117 шекаралық нүктеге дейiн Мемлекеттiк шекара сызығы осы Шарттың 1-қосымшасы және оның ажырамас бөлiгi болып табылатын, N 16 және N 19, N 84 және N 85, N 115 және N 117 шекаралық нүктелер арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттiк шекара сызығы өтуiнiң сипаттамасына (бұдан әрi - Жекелеген учаскелердiң сипаттамасы) толық сәйкес өтедi деп белгiледi.

2-бап

      Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы 2001 жылғы 16 қарашадағы шарттың тиiсiнше 1-қосымшасы және 2-қосымшасы болып табылатын, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Мемлекеттiк шекара сызығы өтуiнiң сипаттамасының және 1:100 000 масштабтағы топографиялық карта парақтарының N 16 шекаралық нүктеден N 18 шекаралық нүктеге дейiн Мемлекеттiк шекара сызығы өтуiнiң сипаттамасына және оны 1:100 000 масштабтағы топографиялық карта парақтарына сызуға қатысты бөлiктерiне өзгерiстер енгiзуге келiстi. Аталған өзгерiстер Жекелеген учаскелер сипаттамасында жаңа редакцияда жазылды және осы Шарттың 2-қосымшасы сондай-ақ оның ажырамас бөлiгi болып табылатын 1:25 000 және 1:100 000 масштабтағы топографиялық карта парақтарына түсiрiлдi.

3-бап

      N 16 шекаралық нүктеден N 19 шекаралық нүктеге дейiнгі, N 84 шекаралық нүктеден N 85 шекаралық нүктеге дейiнгi, N 115 шекаралық нүктеден N 117 шекаралық нүктеге дейiнгi учаскелердегi Мемлекеттiк шекара сызығы осы Шарттың 2-қосымшасы болып табылатын 1:25 000 және 1:100 000 масштабтағы топографиялық карта парақтарына қызыл түспен түсiрiлген.
      Қазақ, өзбек және орыс тiлдерiндегі Жекелеген учаскелер сипаттамасы мәтiндерiнде пайдаланылатын географиялық жеке атаулардың жазылуы жоғарыда аталған карталарға сәйкес келеді.
      Жекелеген учаскелерінің сипаттамада көрсетiлген барлық арақашықтықтар мен координаттар осы карталар бойынша өлшенген.

4-бап

      Аталған учаскелердiң шекаралық алабында болуы мүмкiн кез келген табиғи өзгерiстер Мемлекеттiк шекара сызығы өтуiн өзгертуге әкеп соқпайды.

5-бап

      Осы Шарттың ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты барлық мәселелердi Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар консультациялар және келiссөздер арқылы шешетiн болады.

6-бап

      Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттiк шекарасы туралы 2001 жылғы 16 қарашадағы шарттың 7 және 8-баптарының ережелерi толық көлемде осы Шартқа қолданылады.

7-бап

      Осы Шарт мерзiмсiз болып табылады және күшiн жоймайды.
      Осы Шарт бекiтiлуге жатады және бекiту грамоталарын алмасқан күннен бастап күшiне енедi.

      Астана қаласында 2002 жылғы 9 қыркүйек қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердің құқықтық күшi бiрдей.
      Осы Шарттың ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiк туындаған жағдайда, Мәртебелi Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгінетiн болады.

      Қазақстан Республикасы        Өзбекстан Республикасы
              үшiн                           үшін

Қазақстан-Өзбекстан    
Мемлекеттiк шекарасының  
жекелеген учаскелерi туралы
Қазақстан Республикасы мен
Өзбекстан Республикасы 
арасындағы шартқа    
1 қосымша        

N 16 және N 19, N 84 және N 85, N 115 және N 117-шекаралық нүктелер арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасының жобалық сызығының
Сипаттамасы

      N 16 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-92, ЧИРЧИК, 1978-83 жылдардағы жергiлiктi жердің жәй-күйi, 1986 жылғы басылым) Сарытепа тауында орналасқан, 1717.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 6.54 километр арақашықтықта, 1046.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық  пункттен солтүстiкке қарай 4.16 километр арақашықтықта, 868.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 6.04 километр арақашықтықта 1285.7 биiктiк белгiсiнде Кокпак тауында орналасқан. N 16 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Сарытобе тауларының алқабына дейiн 0.59 километр ұзақтықта тiке сызықпен оңтүстiк-батыс бағытта өтеді, сосын жалпы оңтүстiк бағытта алқап бойынша атауы жоқ кеуiп бара жатқан жылғаға жетедi және әрi қарай N 17 шекаралық нүктеге дейiн жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта аталған жылға бойынша төмен қарай өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 7.65 километр құрайды.
      N 17 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-92-А-в, МИШЕННЫЙ ДВОР, 1987 жылғы жергiлiктi жердің жәй-күйi, 1997 жылғы басылым) Ташбулак тауында орналасқан, 798.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 4.03 километр арақашықтықта, 702.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 1.46 километр арақашықтықта, 771.6 биiктiк белгісi бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 0.85 километр арақашықтықта Чучкабулаксай арнасында орналасқан. N 17 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 17/1 шекаралық нүктеге дейiн шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта түзу сызықпен өтедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.20 километр құрайды.
      N 17/1 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-92-А-в, МИШЕННЫЙ ДВОР, 1987 жылғы жергілiктi жердің жәй-күйi, 1997 жылғы басылым) 841.1 биiктiк белгiсi бар биiктiктен батысқа қарай 2.38 километр арақашықтықта, Ташбулак тауында орналасқан 798.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 3.12 километр арақашықтықта, 702.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 2.04 километр арақашықтықта атаусыз жылға мен Дервишак жылғасының қосылған жерiнде орналасқан. N 17/1 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 17/2 шекаралық нүктеге дейiн оңтүстiк бағытта түзу сызықпен өтедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.38 километр құрайды.
      N 17/2 шекаралық нүктe (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-92-А-в, МИШЕННЫЙ ДВОР, 1987 жылғы жергілiктi жердiң жәй-күйi, 1997 жылғы басылым) 841.1 биiктiк белгiсi бар биiктiктен батысқа қарай 2.35 километр арақашықтықта, Ташбулак тауында орналасқан 798.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 2.74 километр арақашықтықта, 702.9 биіктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 2.07 километр арақашықтықта орналасқан. N 17/2 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 17/3 шекаралық нүктеге дейiн батыс-оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызықпен өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.12 километр құрайды.
      N 17/3 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-92-А-в, МИШЕННЫЙ ДВОР, 1987 жылғы жергілiктi жердiң жәй-күйi, 1997 жылғы басылым) 720.3 биiктiк белгiсi бар биiктiктен батысқа қарай 1.95 километр арақашықтықта, Ташбулак тауында орналасқан 798.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 3.10 километр арақашықтықта, 702.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 0.80 километр арақашықтықта Большой Келесский каналының ортасында орналасқан. N 17/3 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 17/4 шекаралық нүктеге дейiн оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызықпен өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.88 километр құрайды.
      N 17/4 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-92-А-в, МИШЕНHЫЙ ДВОР, 1987 жылғы жергілiктi жердiң жай-күйi, 1997 жылғы басылым) 702.9 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 3.31 километр арақашықтықта, 650.6 биiктiк белгiсi бар биiктiктен батысқа қарай 2.13 километр арақашықтықта, 671.1 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 1.49 километр арақашықтықта атауы жоқ кеуiп бара жатқан жылғада орналасқан. N 17/4 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы батыс-солтүстiк-батыс бағытта атауы жоқ кеуіп бара жатқан жылға бойынша К-42-91-Б-г карта парағына (БАГИШ, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жай-күйi, 1993 жылғы басылым) өтедi және N 17/5 шекаралық нүктеге тiреледi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.80 километр құрайды.
      N 17/5 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергілiктi жердiң жәй-күйi, 1993 жылғы басылым) 640.6 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 0.60 километр арақашықтықта, 610.2 биiктiк белгiсi бар биiктiктен солтүстiк-шығысқа қарай 1.27 километр арақашықтықта, 587.8 биiктiк белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-шығысқа қарай 1.26 километр арақашықтықта кеуiп бара жатқан жылғада орналасқан. N 17/5 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 17/6 шекаралық нүктеге дейiн жалпы батыс-солтүстiк-батыс бағытта өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.25 километр құрайды.
      N 17/6 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1993 жылғы басылым) 640.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 0.88 километр арақашықтықта, 610.2 биiктiк белгiсi бар биiктiктен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 1.21 километр арақашықтықта, 587.8 биiктiк белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-шығысқа қарай 1.04 километр арақашықтықта далалық жолда орналасқан. N 17/6 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 17/7 шекаралық нүктегe дейiн батыс бағытта түзу сызықпен өтедi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.68 километр құрайды.
      N 17/7 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйі, 1993 жылғы басылым) 640.6 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 1.44 километр арақашықтықта, 610.2 биiктiк белгiсi бар биiктiктен солтүстiкке қарай 1.11 километр арақашықтықта, 587.8 биiктiк белгiсi бар биiктiктен оңтүстiкке қарай 0.76 километр арақашықтықта жайдақ жолда орналасқан. N 17/7 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 17/8 шекаралық нүктеге дейiн солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта түзу сызықпен өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.18 километр құрайды.
      N 17/8 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жай-күйі, 1993 жылғы басылым) 587.8 биiктiк белгiсi бар биiктiктен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 0.57 километр арақашықтықта, 557.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 3.40 километр арақашықтықта, 587.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 2.75 километр арақашықтықта орналасқан. N 17/8 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 17/9 шекаралық нүктеге дейiн батыс-солтүстiк-батыс бағытта түзу сызықпен өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.54 километр құрайды.
      N 17/9 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1993 жылғы басылым) 587.8 биiктiк белгiсi бар биiктiктен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 1.09 километр арақашықтықта, 557.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 2.96 километр арақашықтықта, 587.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 2.27 километр арақашықтықта орналасқан. N 17/9 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 17/10 шекаралық нүктеге дейiн солтүстiк-батыс бағытта түзу сызықпен өтеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.09 километр құрайды.
      N 17/10 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйі, 1993 жылғы басылым) 587.8 биiктiк белгiсi бар биiктiктен солтүстiк-батысқа қарай 2.12 километр арақашықтықта, 557.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 2.88 километр арақашықтықта, 587.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 1.18 километр арақашықтықта орналасқан. N 17/10 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 18 шекаралық нүктеге дейiн батыс-солтүстiк-батыс бағытта түзу сызықпен өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.47 километр құрайды.
      N 18 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жай-күйi, 1993 жылғы басылым) 587.8 биiктiк белгісi бар биiктiктен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 2.58 километр арақашықтықта, 557.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 2.72 километр арақашықтықта, 587.2 биiктік белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 0.88 километр арақашықтықта коллектордың ортасында орналасқан. N 18 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 18/1 шекаралық нүктеге дейiн жалпы оңтүстiк-батыс бағытта коллектордың ортасымен ағысты бойлап төмен қарай өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.95 километр құрайды.
      N 18/1 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1993 жылғы басылым) 587.8 биiктiк белгiсi бар биiктiктен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 2.94 километр арақашықтықта, 557.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 1.87 километр арақашықтықта, 587.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 1.50 километр арақашықтықта коллектордың ортасында орналасқан. N 18/1 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызықпен, әрi қарай қара және далалық жолдармен 0.05 километр ұзақтықта N 18/2 шекаралық нүктеге дейiн жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 4.78 километр құрайды.
      N 18/2 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1993 жылғы басылым) 557.0 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 2.87 километр арақашықтықта, 581.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 1.42 километр арақашықтықта, 537.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.31 километр арақашықтықта далалық жолдардың айрығында орналасқан. N 18/2 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы асфальтталған жолдың батыс қапталы бойынша оның орта сызығынан 0.02 километр алшақтықта 0.87 километр ұзақтықта жақсартылған қара жолдың қиылысына дейiн өтедi, содан кейiн жалпы N 18/3 шекаралық нүктеге дейiн оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта асфальтталған жолдың батыс қапталы бойынша оның орта сызығынан 0.01 километр алшақтықта өтуiн жалғастырады. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.74 километр құрайды.
      N 18/3 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергiліктi жердiң жәй-күйi, 1993 жылғы басылым) 581.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 1.12 километр арақашықтықта, 675.1 биiктiк белгiсi бар биiктiктен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 1.62 километр арақашықтықта, 563.9 биiктiк белгiсi бар биiктiктен шығысқа қарай 1.00 километр арақашықтықта далалық жолдардың жол айырығында орналасқан. N 18/3 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 18/4 шекаралық нүктеге дейiн жалпы оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта далалық жол бойынша өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.25 километр құрайды.
      N 18/4 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйі, 1993 жылғы басылым) 581.6 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 1.94 километр арақашықтықта, 591.4 биiктiк белгiсi бар биiктiктен солтүстiк-батысқа қарай 0.65 километр арақашықтықта, Кескен тауында орналасқан 592.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 0.67 километр арақашықтықта далалық жолда орналасқан. N 18/4 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 18/5 шекаралық нүктеге дейiн оңтүстiк-оңтүстiк-шығыс бағытта түзу сызықпен өтеді. Ocы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.50 километр құрайды.
      N 18/5 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жай-күйi, 1993 жылғы басылым) 581.6 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 2.10 километр арақашықтықта, 675.1 биiктiк белгiсi бар биiктiктен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 1.12 километр арақашықтықта, Кескен тауында орналасқан, 592.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 0.99 километр арақашықтықта орналасқан. N 18/5 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 18/6 шекаралық нүктеге дейiн шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта түзу сызықпен өтеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.90 километр құрайды.
      N 18/6 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1993 жылғы басылым) 581.6 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 1.95 километр арақашықтықта, 603.3 биiктiк белгiсi бар биiктiктен батысқа қарай 1.12 километр арақашықтықта, 591.4 биiктiк белгiсi бар биiктiктен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 0.62 километр арақашықтықта орналасқан. N 18/6 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 18/7 шекаралық нүктеге дейiн шығыс бағытта түзу сызықпен өтеді. Осы учаскедегi мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.51 километр құрайды.
      N 18/7 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Б-г, БАГИШ, 1987 жылғы жергiліктi жердiң жәй-күйi, 1993 жылғы басылым) 581.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 1.91 километр арақашықтықта, 603.3 биiктiк белгiсi бар биiктiктен батысқа қарай 0.62 километр арақашықтықта, Кескен тауында орналасқан, 592.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 2.36 километр арақашықтықта орналасқан. N 18/7 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта түзу сызықпен өтiп, 1:25 000 масштабтағы К-42-91-Г-б карта парағына көшедi де (ХОДЖАКУРГAH, 1994 жылғы жергілiктi жердiң жәй-күйi, 1999 жылғы басылым) N 18/8 шекаралық нүктеге тiреледi. Осы учаскедегі мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.89 километр құрайды.
      N 18/8 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Г-б, ХОДЖАКУРГАН, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1999 жылғы басылым) 622.2 биiктiк белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 0.77 километр арақашықтықта, 641.7 биiктiк белгiсi бар биiктiктен батысқа қарай 1.20 километр арақашықтықта, 634.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 1.12 километр арақашықтықта орналасқан. N 18/8 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 18/9 шекаралық нүктеге дейiн оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызықпен өтеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.15 километр құрайды.
      N 18/9 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Г-б, ХОДЖАКУРГАН, 1994 жылғы жергiлiктi жердің жәй-күйi, 1999 жылғы басылым) 622.2 биiктiк белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 0.92 километр арақашықтықта, 641.7 биiктiк белгiсi бар биiктiктен батысқа қарай 1.30 километр арақашықтықта, 634.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 0.95 километр арақашықтықта Южно-Келесский каналының ортасында орналасқан. N 18/9 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Южно-Келесский каналының ортасы бойынша ағысты бойлап жоғары қарай жалпы алғанда шығыс бағытта 1.50 километр ұзақтықта өтедi, әрi қарай суландырғышқа жалғасады және сол бойынша жалпы алғанда оңтүстiк-шығыс бағытта ағысты бойлап жоғары қарай өтедi де N 18/10 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.87 километр құрайды.
      N 18/10 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Г-б, ХОДЖАКУРГАН, 1994 жылғы жергiлiкті жердiң жай-күйi, 1999 жылғы басылым) Вышка тауында орналасқан, 666.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 2.10 километр арақашықтықта, 641.1 биiктiк белгiсi бар биiктiктiң солтүстiк-батысқа қарай 1.20 километр арақашықтықта, 634.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 1.97 километр арақашықтықта суландырғыштың ортасында орналасқан. N 18/10 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 18/11 шекаралық нүктеге дейiн оңтүстiк-оңтүстiк-шығыс бағытта түзу сызықпен өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.32 километр құрайды.
      N 18/11 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Г-б, ХОДЖАКУРГAH, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1999 жылғы басылым) Вышка тауында орналасқан, 666.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 2.05 километр арақашықтықта, 641.1 биiктiк белгiсi бар биiктiктен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 0.80 километр арақашықтықта, 615.4 белгiсi бар биiктiктен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 0.77 километр арақашықтықта орналасқан. N 18/11 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 18/12 шекаралық нүктеге дейiн оңтүстiк бағытта түзу сызықпен өтеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.92 километр құрайды.
      N 18/12 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Г-б, ХОДЖАКУРГAH, 1994 жылғы жергiлiктi жердің жәй-күйi, 1999 жылғы басылым) 641.1 биiктiк белгісi бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 0.98 километр арақашықтықта, 622.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 2.22 километр арақашықтықта, 615.4 биiктiк белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-шығысқа қарай 0.98 километр арақашықтықта орналасқан. N 18/12 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы оңтүстiк-батыс бағытта 0.15 километр ұзақтықта түзу сызықпен өтiп, әрi қарай 0.17 километр ұзақтықта оңтүстiк бағытта түзу сызықпен өтедi, сосын 0.17 километр ұзақтықта шығыс бағытта түзу сызықпен өтiп 18/13 шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.49 километр құрайды.
      N 18/13 шекаралық нүкте (1:25 000 масштабтағы карта парағы, К-42-91-Г-б, ХОДЖАКУРГАН, 1994 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйі, 1999 жылғы басылым), 621.4 биiктiк белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-батысқа қарай 1.80 километр арақашықтықта, 622.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-солтүстiк-батысқа қарай 2.00 километр арақашықтықта, 615.4 биiктiк белгiсi бар биiктiктен оңтүстiк-шығысқа қарай 1.22 километр арақашықтықта орналасқан. N 18/13 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 19 шекаралық нүктеге дейiн оңтүстiк бағытта түзу сызықпен өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк Шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.28 километр құрайды.
      N 84 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы Центральный Голодностепский коллекторының ортасы бойынша жалпы батыс-солтүстiк-батыс бағытта ағысты бойлап төмен қарай өтiп, 1:100 000 масштабтағы К-42-112 карта парағына өтеді (УЗБЕКИСТАН, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1987 жылғы басылым) және 84/1 нүктесiндегi шекаралық нүктеге жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 8.60 километр құрайды.
      N 84/1 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-112, УЗБЕКИСТАН, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жай-күйi, 1987 жылғы басылым) 259.1 биiктiк белгiсi бар нивелирлік белгіден оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 5.47 километр арақашықтықта, 260.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батысқа қарай 1.17 километр арақашықтықта, 252.1 биiктiк белгiсi бар биiктiктен солтүстiк-шығысқа қарай 3.54 километр арақашықтықта ЖБ 54-17/50 сипаты бар көпiрден оңтүстiкке қарай 0.10 километр жерде Центральный Голодностепский коллекторының ортасында орналасқан. N 84/1 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы шығыс бағытта түзу сызықпен 0.12 километр өтедi, әрi қарай Центральный Голодностепский коллекторының шығыс жағалауынан 0.10 километр арақашықтықта жалпы алғанда солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта N 84/2 шекаралық нүктеге дейiн өтеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.22 километр құрайды.
      N 84/2 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-112, УЗБЕКИСТАН, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жай-күйі, 1987 жылғы басылым) 259.1 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 3.80 километр арақашықтықта, 260.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 2.43 километр арақашықтықта, 252.7 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 6.70 километр арақашықтықта атаусыз көлдiң оң жағалауында орналасқан. N 84/2 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы солтүстiк бағытта түзу сызықпен өтiп, атаусыз көлдi кесiп өтеді де N 84/3 шекаралық нүктеге дейiн жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.78 километр құрайды.
      N 84/3 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-112, УЗБЕКИСТАН, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1987 жылғы басылым) 259.1 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-батысқа қарай 3.18 километр арақашықтықта, 260.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 3.05 километр арақашықтықта, 252.7 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден шығысқа қарай 6.60 километр арақашықтықта атаусыз көлдiң сол жағалауында орналасқан. N 84/3 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы атаусыз көлдiң жағалауымен өтедi, әрi қарай Киров атындағы каналдың (N 25) ортасы бойынша жалпы алғанда шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта ағыс бойынша жоғары қарай өрлеп, К-42-113 (ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергілiктi жердiң жәй-күйi, 1988 жылғы басылым карта парағына өтедi) және N 84/4 шекаралық нүктеге жетеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.90 километр құрайды.
      N 84/4 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергілiкті жердiң жәй-күйi, 1988 жылғы басылым) 260.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 2.00 километр арақашықтықта, 258.6 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 1.62 километр арақашықтықта Киров атындағы канал арқылы (N 25) өтетiн ЖБ 12-8/40 сипаты бар көпiрдiң ортасында орналасқан. N 84/4 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 84/5 шекаралық нүктеге дейiн жалпы алғанда шығыс-солтүстiк-шығыс бағытта автомобиль жолының ортасы бойынша өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.50 километр құрайды.
      N 84/5 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1988 жылғы басылым) 260.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 1.90 километр арақашықтықта, 258.6 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 1.55 километр арақашықтықта Махталы-Когалы автомобиль жолының ортасында орналасқан. N 84/5 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 84/6 шекаралық нүктеге дейiн солтүстiк бағытта түзу сызықпен өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.52 километр құрайды.
      N 84/6 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергілiктi жердiң жәй-күйi, 1988 жылғы басылым) 260.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 1.40 километр арақашықтықта, 258.6 биiктiк белгiсi бар нивелирлік белгiден солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 2.00 километр арақашықтықта атаусыз коллектордың ортасында орналасқан. N 84/6 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы алғанда шығыс-солтүстiк-шығыс бағытта атаусыз коллектордың ортасымен 3.10 километр ұзақтықта өтеді, әрi қарай N 84/7 шекаралық нүктеге түзу сызықпен өтеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.80 километр құрайды.
      N 84/7 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергiлiктi жердің жай-күйi, 1988 жылғы басылым) 259.2 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-шығысқа қарай 1.10 километр арақашықтықта, 261.7 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден солтүстiкке қарай 1.83 километр арақашықтықта атаусыз суарғыштың ортасында орналасқан. N 84/7 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы алғанда солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта атаусыз суарғыштың ортасымен N 84/8 шекаралық нүктеге дейiн жетеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.90 километр құрайды.
      N 84/8 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1988 жылғы басылым) 254.1 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-шығысқа қарай 2.61 километр арақашықтықта, 263.8 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден батыс-солтүстiк-батысқа қарай 5.10 километр арақашықтықта атаусыз суарғыштың ортасында орналасқан. N 84/8 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы алғанда шығыс-солтүстiк-шығыс бағытта түзу сызықпен өтедi, 0.65 километрден кейiн Махталы-Когалы автомобиль жолының бұрылысына шығады, сөйтiп, әрi қарай сол бағытта аталған жолдың сол қапталы бойынша N 84/9 шекаралық нүктеге дейiн жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының, жалпы ұзақтығы 3.50 километр құрайды.
      N 84/9 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1988 жылғы басылым) 260.5 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден батыс-солтүстiк-батысқа қарай 1.93 километр арақашықтықта, 254.1 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден шығысқа қарай 5.15 километр арақашықтықта атаусыз коллектор арқылы өтетiн ЖБ 8-6/40 сипаты бар көпiрдің ортасында орналасқан. N 84/9 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы алғанда солтүстiк бағытта атаусыз коллектордың ортасы бойынша N 84/10 шекаралық нүктеге дейiн жетеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.06 километр құрайды.
      N 84/10 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергiлiктi жердің жәй-күйi, 1988 жылғы басылым) 257.6 биiктiк белгісi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-шығысқа қарай 2.42 километр арақашықтықта, 260.5 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 3.72 километр арақашықтықта Арнасайский коллекторына атаусыз коллектор құятын жердiң қарсысында, аталған коллектордың ортасында орналасқан. N 84/10 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы алғанда шығыc бағытта Арнасайский коллекторының ортасымен N 84/11 шекаралық нүктеге дейiн жетеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.25 километр құрайды.
      N 84/11 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1988 жылғы басылым) 257.6 биiктiк белгісi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-шығысқа қарай 3.21 километр арақашықтықта, 260.5 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден солтүстiкке қарай 3.45 километр арақашықтықта Арнасайский коллекторына атаусыз коллектор құятын жердiң қарсысында аталған коллектордың ортасында орналасқан. N 84/11 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы алғанда солтүстiк-солтүстiк-шығыс бағытта атаусыз коллектордың ортасымен N 84/12 шекаралық нүктеге дейін жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.50 километр құрайды.
      N 84/12 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергілiктi жердiң жәй-күйi, 1988 жылғы басылым) Примбет тауында орналасқан, 263.3 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 7.00 километр арақашықтықта, 258.6 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден батысқа қарай 2.05 километр арақашықтықта Джетысай-Чардара темiр жолының ортасында орналасқан. N 84/12 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы алғанда солтүстiк-батыс бағытта Джетысай-Чардара темiржолының ортасы бойынша N 84/13 шекаралық нүктеге дейiн жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.75 километр құрайды.
      N 84/13 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергіліктi жердің жәй-күйi, 1988 жылғы басылым) Примбет тауында орналасқан, 263.3 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 6.62 километр арақашықтықта, 257.7 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 0.40 километр арақашықтықта Джетысай-Чардара темiр жолының ортасында орналасқан. N 84/13 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы батыс бағытта 0.55 километр ұзақтықта түзу сызықпен өтедi, сосын түзу сызықпен батыс-солтүстiк-батыс бағытта N 84/14 шекаралық нүктеге дейiн жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.35 километр құрайды.
      N 84/14 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергiлiктi жердiң жай-күйi, 1988 жылғы басылым) 257.6 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 0.70 километр арақашықтықта, 258.3 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 1.05 километр арақашықтықта атаусыз суарғыштың ортасында орналасқан. N 84/14 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы алғанда солтүстiк-шығыс бағытта атаусыз суарғыштың ортасы бойынша 1.09 километр ұзақтықта өтеді, сосын осы суарғыш бойынша оңтүстiк-шығыс бағытта Джетысай-Чардара темiржолының ортасына шығады және сол бойынша солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта N 84/15 шекаралық нүктеге дейiн жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.29 километр құрайды.
      N 84/15 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергілiкті жердің жай-күйi, 1988 жылғы басылым) 253.7 биiктiк белгісi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiкке қарай 1.41 километр арақашықтықта, 258.3 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 1.34 километр арақашықтықта Джетысай-Чардара темiр жолының ортасында орналасқан. N 84/15 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы солтүстiк-шығыс бағытта түзу сызықпен N 84/16 шекаралық нүктеге дейiн жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 0.80 километр құрайды.
      N 84/16 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергілiктi жердiң жай-күйi, 1988 жылғы басылым) 253.7 биіктік белгiсi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-оңтүстiк-шығысқа қарай 1.15 километр арақашықтықта, 258.3 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 1.87 километр арақашықтықта атаусыз коллектордың ортасында орналасқан. N 84/16 шекаралық нүктеден мемлекеттік шекара сызығы солтүстік-солтүстiк-шығыс бағытта атаусыз коллектордың ортасы бойынша 0.70 километр ұзақтықта өтiп, Махталы-Арнасай автомобиль жолына шығады, сосын осы жолдың батыс қапталы бойынша солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта N 84/17 шекаралық нүктеге дейiн жетеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.90 километр құрайды.
      N 84/17 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергілiкті жердiң жәй-күйi, 1988 жылғы басылым) 255.3 биiктiк белгісi бар нивелирлiк белгiден шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 1.82 километр арақашықтықта, 254.6 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден батыс-оңтүстiк-батысқа қарай 2.06 километр арақашықтықта Махталы-Арнасай автомобиль жолының батыс қапталында орналасқан. N 84/17 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы солтүстiк-солтүстiк-шығыс бағытта түзу сызықпен N 84/18 шекаралық нүктеге дейiн жетедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.12 километр құрайды.
      N 84/18 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-113, ДЖЕТЫСАЙ, 1983 жылғы жергiлiктi жердің жәй-күйi, 1988 жылғы басылым) 255.3 биiктiк белгісi бар нивелирлiк белгiден солтүстiк-шығысқа қарай 2.82 километр арақашықтықта, 254.6 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгіден батысқа қарай 1.24 километр арақашықтықта атаусыз коллектордың ортасында орналасқан. N 84/18 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы жалпы алғанда солтүстiк-солтүстiк-шығыс бағытта атаусыз коллектордың ортасы бойынша К-42-101 (ЕНБЕКШИ, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1987 жылғы басылым) карта парағына көшедi әрi қарай сол коллектор бойынша N 84/19 шекаралық нүктеге дейiн батыс-солтүстiк-батыс бағытта өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 3.60 километр құрайды.
      N 84/19 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-101, ЕНБЕКШИ, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1987 жылғы басылым) 249.7 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден шығысқа қарай 3.29 километр арақашықтықта, 254.6 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден батысқа қарай 7.21 километр арақашықтықта ЖБ 14-8/30 сипаты бар көпiрдiң шығыс жағалауындағы атаусыз коллектордың ортасында орналасқан. N 84/19 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы автомобиль жолының шығыс қапталы бойынша 2.85 километр ұзақтықта солтүстiк-шығыс бағытта түзу сызықпен өтедi, әрi қарай атауы жоқ коллектор бойынша 2.90 километр ұзақтықта жалпы алғанда шығыс-солтүстiк-шығыс бағытта өтiп, сосын сол коллектор бойынша 1.30 километр ұзақтықта шығыс-оңтүстiк-шығыс бағытта, әрi қарай суарғыш бойынша 1.30 километр ұзақтықта солтүстiк бағытта, сосын атаусыз коллектордың ортасы бойынша 3.05 километр ұзақтықта жалпы алғанда солтүстiк-солтүстiк-батыс бағытта өтiп, қашыға келiп тiреледi және әрi қарай қашының ортасы бойынша N 84/20 шекаралық нүктеге дейiн жалпы батыс-оңтүстiк-батыс бағытта өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 22.50 километр құрайды.
      N 84/20 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-101, EHБEКШИ, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1987 жылғы басылым) 259.7 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден шығысқа қарай 0.75 километр арақашықтықта, 263.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 3.39 километр арақашықтықта қашының ортасында орналасқан. N 84/20 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 84/20 шекаралық нүктеге дейiн оңтүстiк бағытта түзу сызықпен өтеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.24 километр құрайды.
      N 84/21 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-101, ЕНБЕКШИ, 1984 жылғы жергiлiктi жердің жай-күйi, 1987 жылғы басылым) 259.7 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 1.05 километр арақашықтықта, 249.7 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгіден солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 2.81 километр арақашықтықта орналасқан. N 84/21 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы 0.20 километр ұзақтықта оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызықпен өтеді, әрi қарай 0.93 километр ұзақтықта оңтүстiк бағытта түзу сызықпен өтiп, сосын 0.30 километр ұзақтықта батыс бағытта түзу сызықпен жалғасады, сосын 0.30 километр ұзақтықта солтүстiк бағытта түзу сызықпен өтедi, одан кейiн N 84/22 шекаралық нүктеге дейiн темiр жолдың ортасы бойынша батыс-солтүстiк-батыс бағытта өтеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.94 километр құрайды.
      N 84/22 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-101, ЕНБЕКШИ, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1987 жылғы басылым) 259.7 биiктiк белгісi бар нивелирлiк белгiден оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 1.90 километр арақашықтықта, 249.7 биiктiк белгiсi бар нивелирлiк белгiден солтүстiк-солтүстiк-батысқа қарай 2.40 километр арақашықтықта Джетысай-Чардара темiр жолының ортасында орналасқан. N 84/22 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы 0.20 километр ұзақтықта оңтүстiк-оңтүстiк-батыс бағытта түзу сызықпен өтедi, әрi қарай батыс-солтүстiк-батыс бағытта түзу сызықпен К-42-100 (ЧАРДАРА, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1987 жылғы басылым) карта парағына өтедi бұл жерде бөгет Қазақстан Республикасының аумағында қалады да шекара сызығы N 84/23 шекаралық нүктеге келiп тiреледi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 2.15 километр құрайды.
      N 84/23 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-42-100, ЧАРДАРА, 1984 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1987 жылғы басылым) 249.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 0.70 километр арақашықтықта, 294.8 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 6.77 километр арақашықтықта орналасқан. N 84/23 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы 2.90 километр ұзақтықта дала жолы бойынша жалпы солтүстiк бағытта өтедi және әрi қарай сол бағытта N 85 шекаралық нүктеге дейiн жардың жоғарғы жиегi бойынша жалғасады. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 14.50 километр құрайды.
      N 115 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-41-17, HCAH, 1986 жылғы жергiліктi жердiң жәй-күйi, 1993 жылғы басылым) 97.4 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-шығысқа қарай 8.46 километр арақашықтықта, 105.7 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-солтүстiк-шығысқа қарай 8.84 километр арақашықтықта, 96.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-солтүстiк-шығысқа қарай 7.20 километр арақашықтықта 101.0 биiктiк белгiсi бар Алдаяр төбесiнде орналасқан. N 115 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 115/1 шекаралық нүктеге дейiн батыс бағытта түзу сызықпен өтеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 25.50 километр құрайды.
      N 115/1 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-41-17, НСАН, 1986 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1993 жылғы басылым) 81.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-оңтүстiк-батысқа қарай 1.97 километр арақашықтықта, 101.5 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-батысқа қарай 6.78 километр арақашықтықта, 83.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 5.97 километр арақашықтықта орналасқан. N 115/1 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы N 115/2 шекаралық нүктеге дейiн солтүстiк-батыс бағытта түзу сызықпен өтедi. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 1.45 километр құрайды.
      N 115/2 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-41-17, НСАН, 1986 жылғы жергiлiктi жердiң жай-күйі, 1993 жылғы басылым) 81.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен оңтүстiк-батысқа қарай 1.89 километр арақашықтықта, 83.9 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiк-шығысқа қарай 5.67 километр арақашықтықта, 74.2 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығыс-оңтүстiк-шығысқа қарай 5.22 километр арақашықтықта орналасқан. N 115/2 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы батыс бағытта түзу сызықпен өтіп, К-41-16 (КАРАНТАКЫP, 1986 жылғы жергiлiктi жердiң жай-күйi, 1988 жылғы басылым) карта парағына көшедi, сөйтiп N 116 шекаралық нүктеге келiп тiреледі. Осы учаскедегi мемлекеттік шекара сызығының жалпы ұзақтығы 10.70 километр құрайды.
      N 116 шекаралық нүкте (1:100 000 масштабтағы карта парағы, К-41-16, КАРАНТАКЫР, 1986 жылғы жергілiкті жердiң жәй-күйі, 1988 жылғы басылым) 77.3 биiктiк белгісi бар геодезиялық пункттен оңтүстiкке қарай 5.43 километр арақашықтықта, 79.0 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен солтүстiкке қарай 6.44 километр арақашықтықта, 73.6 биiктiк белгiсi бар геодезиялық пункттен шығысқа қарай 3.14 километр арақашықтықта орналасқан. N 116 шекаралық нүктеден мемлекеттiк шекара сызығы солтүстiк-батыс бағытта түзу сызықпен өтiп, К-41-4 (арт.к., МАЙЛИЯК, 1988 жылғы жергiлiктi жердiң жай-күйi, 1989 жылғы басылым) карта парағына көшедi, сөйтiп К-41-3 (фер.свх.им. ДИМИТРОВА, 1981 жылғы жергiлiктi жердiң жәй-күйi, 1984 жылғы басылым) карта парағына жалғасады, сөйтiп, N 117 шекаралық нүктеге жетеді. Осы учаскедегi мемлекеттiк шекара сызығының жалпы ұзақтығы 70.30 километр құрайды.