"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 14 қараша N 352

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қызмет" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қолдау" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекеттік тапсырысты орындау жолымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін энергиямен, сумен және жылумен қамтамасыз ету, тіршілігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымын жетілдіру саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) бір ай мерзімде Кәсіпорын Жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
      2) Кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қолдансын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі