Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы N 330 Заңы.

      Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы

     

     

      Осы Заң кешендi кәсiпкерлiк лицензияны (франчайзингтi) жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейдi, кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының мазмұнын айқындайды және Қазақстан Республикасында франчайзингтiк қызметтi дамыту мен мемлекеттiк қолдауға бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) айрықша құқықтар кешенi (лицензиялық кешен) - бiрқатар санаткерлiк меншiк объектiлерiне (тауар таңбасына, фирмалық атауға, қызмет көрсету таңбасына, патентке, ашылмаған ақпаратқа, оның iшiнде өндiрiс құпияларына (ноу-хауға) құқықтар;

      2) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) - айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтемдi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      3) кешендi лицензиар (франчайзер) - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша тарап, айрықша құқықтар кешенiн кешендi лицензиатқа өтемдi негiзде пайдалануға беретiн айрықша құқықтар кешенiнiң (лицензиялық кешеннiң) құқық иеленушiсi;

      4) кешендi лицензиат (франчайзи) - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша тарап, лицензиардың айрықша құқықтар кешенiн кәсiпкерлiк қызмет пайдаланатын, осы кешеннiң құқық пайдаланушысы;

      5) лицензиялық брокер - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын жасасу және орындау кезiнде делдалдық қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;

      6) әлеуетті кешендi лицензиат - айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсiмен кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын жасасу мақсатында келiссөз жүргiзетiн тұлға;

      7) франчайзингтiк қызмет - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын жүзеге асыруға байланысты кәсiпкерлiк қызмет;

      8) франчайзингтiк қатынастар - кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын орындау жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi өзара байланысты мiндеттемелерге қатысушылар арасындағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

2-бап. Қазақстан Республикасының кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы заңнамасы

      1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Франчайзингтiк қатынастар субъектiлерi

      1. Жеке және заңды тұлғалар франчайзингтiк қатынастар субъектiлерi болып табылады.

      2. Франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiне – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде Қазақстан Республикасының кәсiпкерлiк саласындағы заңнамасы қолданылады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. ФРАНЧАЙЗИНГТIК ҚАТЫНАСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТIК ҚОЛДАУ

4-бап. Франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдау принциптерi

      Қазақстан Республикасында франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдау:

      1) франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдау қағидаттары мен нысандарының бiртұтастығы;

      2) мемлекеттiк органдардың франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру кезiндегi келiсiлген өзара iс-қимылы;

      3) франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiнiң кәсiпкерлiк қызметiне мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының негізсіз араласуына жол бермеу;

      4) бәсекенi қорғау және монополистiк қызметтi шектеу;

      5) франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдау шараларын әзiрлеу және қолдану кезiндегi жариялылық принциптерiмен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

5-бап. Франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдау шаралары

      1. Қазақстан Республикасында франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк қолдаудың негiзгi шаралары мыналар:

      1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) франчайзингтiк қатынастарды дамыту және оларға жәрдемдесу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу және жетiлдiру;

      3) франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеңiлдiктер мен кепiлдiктер беру;

      4) франчайзингтiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айрықша құқықтар кешенiн тiркеу және қорғау;

      6) Қазақстан Республикасының кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы заңнамасының сақталуын бақылау;

      7) Қазақстан Республикасында кешендi кәсiпкерлiк лицензияны (франчайзингтi) дамыту мен таратуға жәрдемдесетiн өзге де шаралар болып табылады.

      2. Франчайзингтiк қатынастарды қолдау жөнiндегi мемлекеттiк органдарды және олардың функцияларын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6-бап. Зиянды өтеу кепiлдiктерi

      Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтiн актiлердi шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының заңсыз iс-әрекеттерi (әрекетсiздiгi) салдарынан франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiне келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиiс.

7-бап. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi кепiлдiктер

      Франчайзингтiк қызметтi бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

8-бап. Франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк реттеу кезiндегi жариялылық

      1. Франчайзингтiк қатынастар субъектiлерi кешендi кәсiпкерлiк лицензияны (франчайзингтi) жүзеге асыруға қатысты нормативтiк құқықтық актiлермен, сот шешiмдерiмен және өзге де актiлермен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен танысуға құқылы.

      2. Франчайзингтiк қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайтын мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары оларды мерзiмдi баспа басылымдарында жариялауға мiндеттi.

9-бап. Айрықша құқықтар кешенiн тiркеу және қорғау

      1. Мемлекет кешендi лицензиардың Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген айрықша құқықтар кешенiн де, егер мұндай тiркеудi шет мемлекеттiң тануы Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шартта көзделсе, басқа мемлекеттiң аумағында тiркелген айрықша құқықтар кешенiн де тiркеудi және қорғауды жүзеге асырады.

      2. Санаткерлiк меншiк объектiсi Қазақстан Республикасының аумағында тiркелмеген жағдайда, санаткерлiк меншiк құқығын тiркеу және оны кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша беру тараптардың қалауы бойынша жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттiк орган кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша кешендi лицензиар беретiн айрықша құқықтар кешенiнiң сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген тәртiппен жүзеге асырады.

3-тарау. КЕШЕНДI КӘСIПКЕРЛIК ЛИЦЕНЗИЯ (ФРАНЧАЙЗИНГ) ШАРТЫ МЕН ТҮРЛЕРI

10-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты

      1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша бiр тарап (кешендi лицензиар) шартта көзделген, атап айтқанда, лицензиардың фирмалық атауы мен қорғалатын коммерциялық ақпаратты, сондай-ақ айрықша құқықтардың басқа да объектiлерiн (тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын, патенттi және т.с.с.) пайдалану құқығын қамтитын айрықша құқықтар кешенiн (лицензиялық кешендi) лицензиаттың кәсiпкерлiк қызметiнде пайдалану үшiн екiншi тарапқа (кешендi лицензиатқа) сыйақы үшiн беруге мiндеттенедi.

      2. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты лицензиардың лицензиялық кешенiн, iскерлiк беделi мен коммерциялық тәжiрибесiн белгiлi бiр көлемде (атап айтқанда, пайдаланудың ең аз және (немесе) ең көп көлемiн белгiлей отырып), пайдалану аумағын көрсетiп немесе көрсетпей, қызметтiң белгiлi бiр саласына қатысты пайдалануды көздейдi.

      3. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты, сондай-ақ:

      1) қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты берудi, шарттың бүкiл мерзiмi iшiнде кешендi лицензиатқа басқару, техникалық және ақпараттық жағынан ұдайы жәрдемдесудi;

      2) кешендi лицензиатқа пайдалануға берiлген айрықша құқықтар кешенiн пайдалануға қатысты талаптарды кешендi лицензиаттың орындауын кешендi лицензиар тарапынан бақылау шараларын да көздей алады.

      4. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген салаларында қолдану жөнiндегi шектеулер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленедi.

11-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының мерзiмi мен нысаны

      Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты белгiлi мерзiмге де, мерзiмсiз де жазбаша нысанда жасалуы мүмкiн.

12-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартына қатысушылар

      1. Шарттың тараптары мен үшiншi тұлғалар кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартына қатысушылар болып табылады.

      2. Кешендi лицензиар мен кешендi лицензиат кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының тараптары болып табылады.

      3. Лицензиялық брокер, жеке кәсiпкер, банк, сақтандыру ұйымдары мен өзге де ұйымдар тараптардың келiсiмi бойынша үшiншi тұлғалар бола алады.

13-бап. Лицензиялық брокер

      1. Лицензиялық брокер өз атынан және өз тәуекелiмен де, лицензиардың, лицензиаттың немесе франчайзингтiк қатынастардың өзге де субъектiлерiнiң атынан және тәуекелiмен де әрекет жасай алады.

      2. Лицензиялық брокерге сыйақы тiркелген бiр мәрте немесе кезеңдiк төлемдер нысанында немесе кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартында көзделген өзге де нысанда төленедi.

      3. Лицензиялық брокерге, осы Заңмен реттелмеген бөлiгiнде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң ережелерi қолданылады.

14-бап. Кешендi лицензиардың құқықтары

      Кешендi лицензиардың:

      1) лицензиат кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша өндiретiн тауарлардың (жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң) сапасын бақылауға;

      2) лицензиат өз кәсiпорнын (кәсiпорындағы өз үлесiн) иелiктен айырған кезде артықшылықпен сатып алуға;

      3) үшiншi тұлғалардың алдында лицензиатқа қатысты кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы болуға;

      4) кешендi лицензиатпен өзге де шарттар жасасуға, атап айтқанда, оған қатысты лизинг берушi болуға;

      5) кешендi лицензиат осы Заңның 17-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген мiндеттерiн орындамаған жағдайда, кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартын бiржақты бұзуға және келтiрiлген шығынды одан өндiрiп алуға;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

15-бап. Кешендi лицензиардың мiндеттерi

      Кешендi лицензиар:

      1) кешендi лицензиатқа техникалық және коммерциялық құжаттамаларды беруге және лицензиат кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлген құқықтарды жүзеге асыруы үшiн оған қажеттi өзге де ақпаратты табыс етуге;

      2) осы құқықтарды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша лицензиатты оқытуға және оған консультациялар беруге;

      3) лицензиаттан алынған құпия коммерциялық ақпаратты жария етпеуге мiндеттi.

16-бап. Кешендi лицензиаттың құқықтары

      Кешендi лицензиаттың:

      1) егер кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартында өзгеше көзделмесе, басқа да тұлғалармен кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарттарын жасасуға;

      2) кешендi лицензиармен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген өзге де шарттар жасасуға;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

17-бап. Кешендi лицензиаттың мiндеттерi

      1. Егер кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартында өзгеше көзделмесе, кешендi лицензиат:

      1) шартта көзделген қызметтi жүзеге асыру кезiнде лицензиардың лицензиялық кешенiн шартта көрсетiлген жолмен пайдалануға;

      2) өзiнiң өндiрiстiк аумағына лицензиардың кiруiне, оған қажеттi құжаттамаларды беруге және берiлген айрықша құқықтарды дұрыс пайдалануын бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат алуына жәрдемдесуге;

      3) лицензиардың пайдалануға берiлген айрықша құқықтарды пайдалану сипатына, тәсiлдерiне және шарттарына қатысты барлық нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауға;

      4) лицензиар өндiрiсi және одан алынған басқа да жасырын коммерциялық ақпарат құпияларын жария етпеуге;

      5) сатып алушыларды (тапсырыс берушiлердi) фирмалық атауды, тауар таңбасын, қызмет көрсету таңбасын немесе өзге де даралау құралын кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты негiзiнде пайдаланатыны жөнiнде олар үшiн неғұрлым айқын тәсiлмен хабардар етуге мiндеттi.

      2. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты тараптарының келiсiмi бойынша кешендi лицензиат:

      1) алып тасталды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      2) кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн қызметтiк және коммерциялық құпияны, ашылмаған ақпаратты, оның iшiнде өндiрiс құпияларын (ноу-хауды) лицензиардың жазбаша рұқсатынсыз жария етпеуге;

      3) берiлген айрықша құқықтар кешенiн пайдалану үшiн төлемдердi уақтылы жүзеге асыруға;

      4) кешендi лицензиардан тексеру нәтижелерiн алғаннан кейiн кемшiлiктердi түзеу үшiн қажеттi шаралар қолдануға;

      5) кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлген айрықша құқықтарды беруге бағытталған iс-әрекеттердi жүзеге асырмауға;

      6) кешендi кәсiпкерлiк лицензия шартының негiзiнде өзi өндiретiн тауарлар, жұмыстар, көрсететiн қызметтер сапасының тiкелей лицензиар өндiретiн ұқсас тауарлардың, жұмыстардың, көрсететiн қызметтердiң сапасына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

18-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты жасалғанға дейiн берiлетiн ақпаратты қорғау

      1. Кешендi лицензиар кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты жасалғанға дейiн әлеуеттi кешендi лицензиатқа шарт жасалған жағдайда пайдалануға берiлуiн айрықша құқықтар кешенi туралы ақпарат бередi. Бұл орайда кешендi лицензиар берiлетiн ақпараттың құпия коммерциялық сипаты жөнiнде әлеуеттi кешендi лицензиатқа ескертуге мiндеттi.

      2. Әлеуеттi кешендi лицензиаттың өзiне осы баптың 1-тармағына сәйкес берiлген ақпаратты кешендi лицензиардың жазбаша рұқсатынсыз жария етуге құқығы жоқ. Аталған ақпарат жария етiлген жағдайда кешендi әлеуеттi лицензиат кешендi лицензиарға келтiрiлген шығынды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге мiндеттi.

19-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлетiн ақпаратты қорғау

      1. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлетiн, құпия коммерциялық сипаттағы ақпарат Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген шарттар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалады.

      2. Кешендi лицензиат пен кешендi лицензиар осы баптың 1-тармағында көрсетiлген ақпараттың құпиялылығын сақтау жөнiнде бiрлескен шаралар қолдануға мiндеттi.

      3. Аталған мәлiметтер жария етiлген жағдайда кешендi лицензиат кешендi лицензиарға келтiрген шығынды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтеуге мiндеттi.

      4. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес қадағалау, бақылау, тiркеу және өзге де функцияларды орындауға қажеттi мәлiметтерден басқа, кешендi кәсiпкерлiк лицензия шарты бойынша берiлетiн құпия коммерциялық ақпаратқа қол жеткiзудi талап етуге құқығы жоқ.

20-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензияның (франчайзингтiң) түрлерi

      Кешендi кәсiпкерлiк лицензияның (франчайзингтiң) негiзгi түрлерi мыналар:

      1) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) - жұмыс орны, оған сәйкес лицензиар әзiрленген жұмыс орнын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса жеке кәсiпкер-лицензиатқа бередi;

      2) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) - кәсiпорын, бұл ретте лицензиар кәсiпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса лицензиатқа бередi;

      3) конверсиялық кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг), бұл ретте тараптар құрылымдық бөлiмшелердi дербес кәсiпорындар етiп қайта құру негiзiнде шарт жасасады;

      4) көп кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг), оның негiзiнде лицензиат бiрнеше кәсiпорын құрады;

      5) өндiрiстiк кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг), бұл ретте кешендi лицензиар кешендi лицензиатқа тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) кешендi лицензиар жеткiзетiн немесе онымен келiсу арқылы жеткiзiлетiн шикiзатты, материалдарды, технология мен жабдықты пайдалана отырып, өзiнiң тауар таңбасымен не өзге де даралау құралымен өндiруге немесе өндiру мен өткiзуге құқық бередi;

      6) тауарлық кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг), бұл ретте кешендi лицензиар кешендi лицензиатқа тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) кешендi лицензиар беретiн не онымен келiсу арқылы белгiленетiн маркетинг технологиясын пайдалана отырып, өзiнiң тауар таңбасымен не өзге де даралау құралымен өткiзуге (сатуға) құқық бередi;

      7) кешендi кәсiпкерлiк лицензияның (франчайзингтiң) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын өзге де түрлерi.

21-бап. Бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк

      Франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiнiң бухгалтерлiк есепке алуды және қаржылық есептiлiктi жүргiзуi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

22-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы заңнаманың сақталуын бақылау

      Мемлекеттiк органдар өздерiнiң өкiлеттiгi шеңберiнде кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

23-бап. Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы заңнаманы бұзғаны үшiн жауаптылық

      Кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) туралы заңнаманы бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жауапты болады.

24-бап. Франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiнiң арасындағы дауларды шешу

      Франчайзингтiк қатынастар субъектiлерiнiң арасындағы даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi