Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 6 желтоқсан N 265-ІІ

      Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1. "Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкісіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Инвестициялар кепілдігінің көп жақты агенттігіне және Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа мүшелігі туралы" 1992 жылғы 26 маусымдағы Z921700_ Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 311-бап).
      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің "Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкісіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Инвестициялар кепілдігінің көп жақты агенттігіне және

Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа мүшелігі 
туралы" Қазақстан Республикасы Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы" 1992 
жылғы 26 маусымдағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 
Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 312-бап). 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.