Француз Республикасының Yкiметi мен Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң арасындағы қаржыландыру туралы хаттаманы (Алматы қаласының сумен қамтамасыз ету және кәрiз инфрақұрылымын оңалту мен жаңғырту жобасы) бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 11 шілде N 232-II

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне көші-қон мәселелері

бойынша толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                           Жоба


                      Қазақстан Республикасының Заңы


             Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне

         көші-қон мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы


     Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне толықтырулар

енгізілсін:


 
       1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2337 U952337_ заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; 2001 жылғы 20 наурызда "Егемен Қазақстан" және 2001 жылғы 20 наурызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы Z010164_ Заңы):
      28-баптың екінші бөлігіндегі "ішкі істер органдарының" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүргізіледі" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы

 

13 желтоқсандағы 


Z970204_


  Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің

Жаршысы, 1997 ж., N 24, 341-құжат):

     мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын:

     "29-1-бап. Қазақстан Республикасынан тысқары шығару


     Иммигранттарды Қазақстан Республикасынан тысқары шығару шетелдіктер

мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы туралы заңдармен

айқындалатын жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады".


     Қазақстан Республикасының

            Президенті



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.