Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны өзгертуге қатысты хаттаманы (83-bis бап) бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2001 жылғы 4 мамыр N 188-II

      Жалпы пайдаланудағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары арқылы көлік құралдарының іркіліссіз әрі қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне 2001 жылға арналған бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен "Алматы-Өскемен" автомобиль жолын жөндеуге 60 (алпыс) миллион теңге бөлінсін.
      2. Алматы облысының әкіміне 2001 жылға арналған бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Талдықорған қаласының шегінде Жансүгіров көшесі бойында Қаратал өзені

 

үстіндегі көпірді және оған баратын жолдарды жөндеуге 40 (қырық) миллион

теңге бөлінсін.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы

Үкіметінің резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды

қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.