Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 16 шілдедегі N 83 Бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Әділет министрлігі 1999 жылғы 30 желтоқсан N 732 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 4 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1054. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 294 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Жекелеген тауарлардың әкелінуі мен әкетілуіне шектеу енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 желтоқсандағы N 1243  P981243_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 45, 410-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 
      3-тармақтың үшінші абзацындағы "1999 жылдың желтоқсанында" деген сөздерден кейін "2000 жылдың желтоқсанында" деген сөздермен толықтырылсын.
     осы қаулыға 1-қосымшада:
     "Бір жылға арналған квотаның көлемі" деген бағандағы "Бір жылға арналған" деген сөздер "2000 жылдың 31 желтоқсаны бойынша" деген сөздермен және "8000" деген сан "3000" деген санмен ауыстырылсын.
     2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
     3. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі