"Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 27 тамыздағы N 2-Ө бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасында Жинақтаушы зейнетақы қорының өз капиталын қалыптастыру туралы ережеге" өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы"

Бұйрық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті 1999 жылғы 15 қазан N 83-Ө. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы N 127 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасы қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 мамырдағы N 577  P940577_  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 24, 250-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы 
қызметкерлерінің шетелдегі еңбек жағдайлары туралы ережелерге 1-қосымша, беріліп отырған қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы        
Үкіметінің               
1999 жылғы 22 қазандағы        
N 1586 қаулысына           
1-қосымша                

          Тәуліктік нормаларға шетел валютасындағы
              проценттік үстемеақылар туралы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін белгіленген тәуліктік нормаларға шетел валютасындағы проценттік үстемеақылар: 
      Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламент Сенатының Төрағасына, Парламент Мәжілісінің Төрағасына, Премьер-Министріне, Президенті Әкімшілігінің Басшысы мен Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына, Премьер-Министрінің орынбасарларына - 30 процент мөлшерінде; 
      мемлекеттік органдардың басшыларына, облыс әкімдеріне, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісі төрағаларының орынбасарларына, Парламент Палаталары тұрақты комитеттерінің төрағаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасына - 20 процент мөлшерінде;
     Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшыларының орынбасарларына, Парламент Сенаты мен Парламент Мәжілісі Аппараттарының Басшыларына, мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің күзет қызметі мен жеке күзетінің бастықтарына - 15 процент мөлшерінде төленеді.