Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы N 19/221 қаулысымен бекітілген "Сайлау учаскесінде дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау жөніндегі Нұсқаулығына" өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 16 қыркүйектегі N 30/246-I қаулысы. Күші жойылды - ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрайымының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 110/134 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 12, 40, және 43 баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
      1. 3 тараудың 17 тармағындағы "Сайлау учаскесінде дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау жөніндегі нұсқаулықты" "дауыстарды санау кезінде" деген сөзден кейін: "сайлау бюллетеніне енгізілген жекелеген кандидатты "жақтаймын" немесе "қарсымын" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Орталық сайлау комиссиясының
      төрайымы