Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1998 жылғы 25 маусымдағы N 9 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 1999 жылғы 30 қыркүйек N 42. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қадағалау ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 27 тамыздағы N 283 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы мен КЭҚ-ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кең ауқымды қорының атқарушы органы ретінде іс-қимыл жасайтын Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкінің арасында КЭҚ Қорының Трасталық гранты жөнінде келісім (Орталық Азиядағы биологиялық әр түрлілікті сақтау жөніндегі шекаралық жоба) жасалсын.
      2. Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Қабдылхамитұлы Нұрғалиевке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы мен КЭҚ-ның Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі кең ауқымды қорының атқарушы органы ретінде іс-қимыл жасайтын Халықаралық Қайта жаңарту және Даму

 

Банкінің арасындағы КЭҚ Қорының Трасталық гранты жөніндегі келісімге

(Орталық Азиядағы биологиялық әр түрлілікті сақтау жөніндегі шекарааралық

жоба) қол қоюға өкілеттік берілсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі




   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Икебаева А.Ж.