Банктік аудит ұйымдастыру бойынша курстар жүргізу, сондай-ақ банк қызметіне аудит жүргізуге арналған лицензия алуға үміткерлерді сынақтан өткізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасы 1999 жылғы 25 маусым N 142 Қаулы. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 384 (V032579) қаулысымен.

 


     Халыққа табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде

жедел көмек көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының

Үкіметі қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгіленген

тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің

балансына:

     1974 жылы шыққан зауыттық нөмірі N 4492/44 МИ-8Т;

     1977 жылы шыққан зауыттық нөмірі 9775323/11 МИ-8ТВ;

     1976 жылы шыққан зауыттық нөмірі N 9765130/54 МИ-ТВ тікұшақтарын

берсін.

     2. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі:

     1-тармақта көрсетілген тікұшақтарды балансына қабылдасын;

     өз қаражатының есебінен тікұшақтарды олар сақталған жерден әкетуді

жүзеге асырсын;

     1-тармақта көрсетілген тікұшақтарға жөндеу жүргізу үшін қаражат

қарастырсын;

     арнаулы кәсіпорындарда берілген тікұшақтарды жөндеу мен техникалық

қызмет көрсетуді жүргізсін.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылға және одан

кейінгі жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында Қазақстан

Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне белгіленген

нормативтерге сәйкес тікұшақтарды пайдалануға байланысты регламенттік

жұмыстарға және шығындарды жабуға мақсатты қаражат бөлуді көздесін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.