Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен РЕПО жән кері РЕПО операцияларын жүргізу ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1999 жылғы 3 шілдедегі N 160 Қаулысы. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 5 ақпандағы N 10 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 5 ақпандағы   N 10   қаулысымен .
_________________________________

      Мемлекеттiк бағалы қағаздардың қайталама рыногын одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргiзу ережелерi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 
      2. Заң департаментi (Сизова С.И.) Монетарлық операциялар департаментiмен (Әлжанов Б.А.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен РЕПО және керi РЕПО операцияларын жүргiзу ережелерiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткiзсiн. 
      3. Осы қаулы және бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен РЕПО және керi РЕПО операцияларын жүргiзу ережелерi күшiне енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен РЕПО және керi РЕПО операцияларын жүргiзу ережелерi туралы" 1996 жылғы 28 наурыздағы N 78, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен РЕПО және керi РЕПО операцияларын жүргiзу ережелерiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту туралы" 1998 жылғы 20 ақпандағы N 69, "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен РЕПО және керi РЕПО операцияларын жүргiзу ережелерiне өзгерiстер мен толықтыруларды бекіту туралы" 1998 жылғы 3 наурыздағы N 70 қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 
      4. Монетарлық операциялар департаменті (Әлжанов Б.А.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап екі апта мерзімде осы қаулыны және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарымен РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізу ережелерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін. 
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.Т.Құдышевке жүктелсін. 

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi Басқармасының
1999 жылғы 3 шiлдедегi  
N 160 қаулысымен     
Бекітілген       

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен
РЕПО және керi РЕПО операцияларын жүргiзу
Ережелері  

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен РЕПО және керi РЕПО операцияларын жүргiзу тетiгiн белгiлейдi. 

I. Осы Ережелерде қолданылатын негiзгi ұғымдар

      1. "Бағалы қағаздар" - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары. 
      2. "Контрагенттер" - Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы берген I немесе II санатты лицензиясы бар, бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы болып саналатын Алғашқы Дилерлер мен Инвесторлар. 
      3. "Операция РЕПО" - қайтарып алынбайтын РЕПО және қайтарып алынатын РЕПО операциялары. 
      4. "Қайтарып алынбайтын РЕПО операциясы" - екi бөлiмнен тұратын қаржы операциясы: бiрiншi бөлiмде (РЕПО операциясының ашылуы) Ұлттық Банк (сатушы) бағалы қағаздарды Контрагентке (сатып алушыға) екiншi бөлiмге (РЕПО операциясының жабылуы) қатысушылардың: Ұлттық Банктiң - осы және алмастыруға жарамды басқа бағалы қағаздарды сатып алу, ал сатып алушының - оларды тараптар келiскен мерзiмде ақшаға айырбастап Ұлттық Банкке керi қайтару мiндеттемесiмен қоса сатады. 
      5. "Қайтарып алынатын РЕПО операциясы" - екі бөлiмнен тұратын қаржылық операция: бiрiншi бөлiмде (РЕПО операциясының ашылуы) Ұлттық Банк (сатушы) бағалы қағаздарды Контрагентке (сатып алушыға) екiншi бөлiмге (РЕПО операциясының жабылуы) қатысушылардың: Ұлттық Банктiң - осы және алмастыруға жарамды басқа бағалы қағаздарды сатып алу, ал сатып алушының - оларды тараптар келiскен мерзiмде ақшаға айырбастап Ұлттық Банкке керi қайтару мiндеттемесiмен қоса сатады. Сонымен бiрге Ұлттық Банктiң келiсiмi бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өзгерте отырып, Контрагенттiң РЕПО жабу мерзiмiн азайту құқығы сақталады, бiрақ мәмiле жасалғаннан кейiн үш жұмыс күнiнен ерте емес. 
      6. "Керi РЕПО операциясы" - екi бөлiмнен тұратын қаржылық операция: бiрiншi бөлiмде (РЕПО операциясының ашылуы) Ұлттық Банк (сатып алушы) бағалы қағаздарды Контрагенттен (сатушыдан) екiншi бөлiмге (РЕПО операциясының жабылуы) қатысушылардың: Контрагенттiң - осы және алмастыруға жарамды басқа бағалы қағаздарды сатып алу, ал Ұлттық Банктiң - оларды тараптар келiскен мерзiмде ақшаға айырбастап керi қайтару мiндеттемесiмен қоса сатып алады. 
      7. "Сатушы" - Ұлттық Банк немесе Контрагент - РЕПО және керi РЕПО операцияларын жүргiзу кезiнде бағалы қағаздарды сатушылар. 
      8. "Сатып алушы" - Ұлттық Банк немесе Контрагент - РЕПО және керi РЕПО операцияларын жүргiзу кезiнде бағалы қағаздарды сатып алушылар. 
      9. "РЕПО немесе керi РЕПО операцияларын ашатын күн" - Сатып алушының банктiк есепшотынан Сатушының банктiк есепшотына ақша аударатын және бағалы қағаздарды Сатушының есепшотынан және/немесе "депо" қосалқы есепшотынан Сатып алушының есепшотына және/немесе "депо" қосалқы есепшотына қайта орналастыратын күн. 
      10. "РЕПО немесе керi РЕПО операцияларын жабатын күн" - Сатушының банктiк есепшотынан Сатып алушының банктiк есепшотына ақша аударатын және бағалы қағаздарды Сатып алушының есепшотынан және/немесе "депо" қосалқы есепшотынан Сатушының есепшотына және/немесе "депо" қосалқы есепшотына қайта орналастыратын күн.
      11. "Ауыстыру" - Сатып алушының РЕПО операциясын жабатын күн келген кезде РЕПО операциясын ашқан күнi оған сатылған бағалы қағаздарды осы Ережелерде белгiленген талаптар бойынша басқа бағалы қағаздармен ауыстыру құқығы.
      12. "РЕПО және керi РЕПО операцияларын ашу бағасы" - бағалы қағаздарды Сатушыдан Сатып алушыға қайта орналастырудың ашылу күнгi бағасы.
      13. "РЕПО және керi РЕПО операцияларын жабу бағасы" бағалы қағаздарды Сатып алушыдан Сатушыға қайтарудың (орналастырудың) жабу күнгi бағасы.
      14. "Депо" электрондық тапсырмасы" - қағазға жазылған "депо" тапсырмасының күшi бар "депо" тапсырмасының электрондық үлгісі.
      15. "РЕПО ставкасы" - Ұлттық Банктiң Ақша-кредит және валюта саясаты жөнiндегi техникалық комитетiнiң ұсынымын ескере отырып, Ұлттық Банктiң Директорлар кеңесi белгiлеген РЕПО және керi РЕПО операциялары бойынша сыйақы (мүдде) ставкасы.     

II. Жалпы ережелер

      16. Ұлттық Банк РЕПО және керi РЕПО аукциондық және аукционнан тыс операцияларын жүргiзедi.
      17. Контрагент РЕПО және керi РЕПО аукционнан тыс операцияларын жүргiзу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздардың қайталама рыногында операциялар жүргiзу үшiн қолданылатын стандартты талаптар мен терминдер туралы Ұлттық Банкпен Келiсiм жасасуға тиiс. 
      18. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Контрагенттен I немесе II санатты лицензияларды қайтарып алған жағдайда Ұлттық Банк бiр жақты тәртiппен мемлекеттiк бағалы қағаздардың қайталама рыногында операцияларды жүргiзу үшiн қолданылатын стандартты талаптар мен терминдер туралы Келiсiмдi бұзуға құқылы. 
      19. Ұлттық Банк РЕПО және керi РЕПО аукциондық операцияларын Алғашқы Дилерлермен жүргiзедi. Алғашқы Дилердiң мемлекеттiк бағалы қағаздармен операцияларға қызмет көрсету жөнiндегi қызметiн орындауы туралы Шарт бұзылған жағдайда Алғашқы Дилер РЕПО және керi РЕПО аукциондық операцияларын Ұлттық Банкпен жасасуға дәрменсiз деп саналады. 
      20. РЕПО және (немесе) керi РЕПО мәмiлелерi бiр күнге және одан көп мерзiмге жасалады. Бiр жылғы күн саны 364 күнге теңестiрiлiп алынады. РЕПО және (немесе) керi РЕПО операциялары РЕПО объектiсi болып табылатын бағалы қағаздарды өтеу күнiне дейiн бес күннен кешiктiрмей жабылуы тиiс. РЕПО және керi РЕПО операцияларын жабу бағасы РЕПО ставкасын және қаржы рыногының жағдайын ескерiле отырып белгiленедi.
      21. Ұлттық Банк пен Контрагенттiң қайтарып алынбайтын РЕПО және керi РЕПО мәмiлелерi талаптарын олардың қолданылу мерзiмi iшiнде қайта қарауға құқықтары жоқ. Сатып алушы РЕПО және керi РЕПО операциялары мерзiмi iшiнде РЕПО операциясының объектiсi болып табылатын бағалы қағаздарды пайдалануға құқылы. 
      22. Қайтарып алынатын РЕПО операциясының мерзiмi азайтылған кезде ставка мынадай формула бойынша қайта есептеледi:     

                 Д1       (T2/T1)
       Д2 = ((1+-----/100)         -1) *100,
               Т2/Т1  

     мұнда: Д2 - РЕПО операциясы мерзiмi азайтылған кезде қайта саналған ставка (процентпен);
     Д1 - РЕПО-ның алғашқы келiсiлген ставкасы (процентпен); 
     Т2 - қайтарып алынатын РЕПО операциясының жаңа мерзiмi (күнмен);
     Т1 - қайтарып алынатын РЕПО операциясының алғашқы келiсiлген мерзiмi (күнмен).
      Ұлттық Банк қайтарып алынатын РЕПО операциясының тоқтағаны туралы хабарды жергiлiктi уақытпен сағат 16-ға дейiн қабылдайды. 
      23. Сатып алушы РЕПО жабылатын күнi Сатушымен осы Ережелерге N 1 қосымшада белгiленген нысан бойынша жасасқан жазбаша келiсiм негiзiнде оған РЕПО ашылған кезде сатылған бағалы қағаздарды РЕПО жабылатын күнге өтеу түсiмi оған РЕПО ашылған кезде сатылған бағалы қағаздарды өтеу түсiмiнен кем түспейтiн, өтеу мерзiмi оған РЕПО ашылған кезде сатылған бағалы қағаздарды өтеу мерзiмiнен артық емес басқа бағалы қағаздармен ауыстыруға құқылы. 
      24. Сатып алушы РЕПО операциясын жүргiзуде тараптар келiскен мерзiм iшiнде сыйақы (мүдде) төлеудi көздейтiн проценттiк бағалы қағаздар РЕПО операцияларының объектiсi болып табылған жағдайда Сатушы мен Сатып алушы арасында осы Ережелерге N 2 қосымшада белгіленген нысан бойынша жасалған қосымша келiсiмге сәйкес сыйақы (мүдде) сомасын Сатушының банктiк есепшотына аударуға мiндеттенедi. 
      25. Тараптар РЕПО және керi РЕПО операцияларының шарттарын сақтауға және бiр-бiрiне бағалы қағаздарды және ақшаны осы талаптарда келiсілген мөлшерде және мерзiмде аударуға мiндеттi. 
      26. РЕПО және керi РЕПО операцияларының шарттарында белгiленген төлем жасау мерзiмiн бұзған Тарап әрбiр кешеуiлдетiлген төлем жасау күнi үшiн Ұлттық Банк төлем жасау күнi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерiнде екiншi Тарапқа айыппұл төлейдi. Айыппұл сомасы уақытылы аударылмаған жағдайда әрбiр кешеуiлдетiлген төлем жасау күнi үшiн айыппұл сомасынан 0,5 процент мөлшерде өсiмпұл есептелiнедi. Өсiмпұл төлеу тәртiп бұзушы тарапты айыппұл төлеуден босатпайды. 
      27. Бағалы қағаздарды қайта орналастырудың РЕПО және керi РЕПО операциялары талаптарында белгiленген мерзiмiн бұзған тарап әрбiр кешеуiлдетiлген төлем жасау күнi үшiн Ұлттық Банк қайта орналастыру күнi белгiлеген қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерiнде екiншi Тарапқа айыппұл төлейдi. Айыппұл сомасы уақытылы аударылмаған жағдайда әрбiр кешеуілдетiлген төлем жасау күнi үшiн айыппұл сомасынан 0,5 процент мөлшерде өсiмпұл есептелiнедi. Өсiмпұл төлеу тәртiп бұзушы тарапты айыппұл төлеуден босатпайды. 
      28. Өсiмпұл және айыппұл төлеу тәртiп бұзған тарапты жасалған РЕПО немесе керi РЕПО операциялары бойынша өз мiндеттемелерiн орындаудан босатпайды. 

ІІІ. Ұлттық Банктiң РЕПО немесе керi РЕПО
аукциондық және аукционнан тыс операцияларды
өткiзу тәртiбi

      29. Ұлттық Банк РЕПО немесе керi РЕПО операциялары аукциондарын өткiзу талаптарын РЕПО немесе керi РЕПО операцияларының кезектi аукционын өткiзу басталғанға дейiн үш жұмыс күнi бұрын Алғашқы Дилерлерге мәлiметтер берудiң электронды жүйесi арқылы жiбередi (осы Ережелерге N 3 қосымша). 
      30. Алғашқы Дилерлер РЕПО немесе керi РЕПО операциялары аукционы өткiзiлетiн күнi дағдылы тәртiппен жергiлiктi уақытпен сағат он бiрге дейiн өз атынан және өз есебiнен және (немесе) Инвестордың тапсырмасы бойынша және оның есебiнен тапсырыстар бередi (осы Ережелерге N 4 қосымша). Мәлiметтер берудiң электрондық жүйесi арқылы тапсырыстар жiберуге техникалық мүмкiндiк болмаған жағдайда мұндай тапсырыстарды қағазға жазып жiберуге болады. Сонымен бiрге тапсырыстар осы Ережелерге N 4 қосымшада белгiленген нысан бойынша толтырылуы тиiс. Осы Ережелерге N 4 қосымшада белгiленген нысанға және РЕПО операциялары аукционының талаптарына сәйкес келмейтiн тапсырыстар Алғашқы Дилерге қайтарылады. 
      31. Жергiлiктi уақытпен сағат 11-де Ұлттық Банктiң уәкiлеттi адамы қабылданған өтiнiмдердi осы Ережелерге N 5 қосымшада белгiленген нысан бойынша жиынтық ведомоске жинақтайды. Жиынтық ведомость Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарына шешiм қабылдау үшiн ұсынылады. 
      32. РЕПО немесе керi РЕПО операцияларын аукциондық әдiспен өткiзу кезiнде Ұлттық Банк РЕПО ашылу бағасын өзi белгiлейдi, ал РЕПО немесе керi РЕПО операцияларын аукционнан тыс әдiспен жасаған кезде РЕПО ашылу бағасы тараптардың өзара келiсiмi бойынша белгiленедi. 
      33. Ұлттық Банк пен Алғашқы Дилер РЕПО немесе керi РЕПО операциялары аукционын өткiзетiн күнi жергiлiктi уақытпен сағат он жетiге дейiн осы Шартқа N 6 қосымшада белгiленген нысан бойынша аукциондық РЕПО Шартын жасасады. Аукциондық РЕПО Шарты төрт дана етiп жасалады, екеуi қазақ тiлiнде және екеуi орыс тiлiнде, әрқайсысының заң күшi бiрдей.
      34. Ұлттық Банк пен Алғашқы Дилер РЕПО немесе керi РЕПО аукциондық операциялары бойынша Сатушының банктiк есепшотынан Сатып алушының банктiк есепшотына ақша аударуды және аукцион талаптарында белгiленген мерзiмде Сатып алушының есепшотынан және/немесе "депо" қосалқы есепшотына бағалы қағаздарды қайта орналастыруды жүзеге асырады.

       Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкінің
      Төрағасы    

     1999 жылғы "_____"_____________                N 1 қосымша
                      (Тіркелу күні)
     N_______________________________
              (Тіркелу нөмері)

             РЕПО операциясы бойынша бағалы қағаздарды
              ауыстыру жөнінде 1999 жылғы "___"_____
                      N_____ РЕПО мәмілесіне
                      N_______ Қосымша келісім     

     Осы РЕПО қосымша келісімі ____________________________________
___________________________________________________________________
(бағалы қағаздар рыногына қатысушының атауы және оның тіркелу коды) 
бұдан әрі - "Сатушы" деп аталады, бір жағынан және ________________
___________________________________________________________________
(бағалы қағаздар рыногына қатысушының атауы және оның тіркелу коды)
бұдан әрі - "Сатып алушы" деп аталады, екінші жағынан арасында 
жасалды. Тараптар мына төмендегілер жайында келісті.     

                       1. Қосымша келісімнің мәні

     1.1. Сатып алушы өзі сатып алған мемлекеттік бағалы қағаздарды
     1999 жылғы "___"_______ РЕПО Шартына сәйкес мынадай қағаздармен
     ауыстыруға:
     - эмиссияның номері мен күні;
     - бағалы қағаздар саны;
     - жабу бағасы;
     - өтеуге түсімі;
     - өтеуге дейінгі мерзімі;
     - жинақталған купон;
     Сонымен бірге РЕПО жабу күнінен өтеу түсімі РЕПО ашу кезінде Сатып алушыға сатылған бағалы қағаздардың өтеу түсімінен кем болмауы және өтеу мерзімі РЕПО ашу күні Сатып алушыға сатылған бағалы қағаздардың өтеу мерзімінен артық болмауы тиіс.
     1.2. Сатушы РЕПО жабу күні 1999 жылғы "____"_________N_____
Шартқа сәйкес осы қосымша келісімнің 1.1. тармағында көрсетілген 
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға міндеттенеді.     

                        2. Қосымша талаптар

     2.1. 1999 жылғы "___"_____N_______ РЕПО мәмілесінің осы Қосымша келісіммен өзгертілмеген бөлігіндегі талаптар өзгеріссіз қалады.
     2.2. Осы Қосымша келісім төрт дана етіп жасалған: екеуі қазақ тілінде және екеуі орыс тілінде, әрқайсысының заң күші бірдей. 

            Тараптардың мекен-жайы және деректемелері

            Сатушы                          Сатып алушы
     _______________________      _____________________________
     _______________________      _____________________________
      (заңды мекен-жайы)              (заңды мекен-жайы)

        Бірінші басшы                   Бірінші басшы
     ________________________      _______________________
        (басшының қолы)                 (басшының қолы)  

     "____"_____________ 199 ____                   N 2 қосымша
           (Тіркелу күні)
     N__________________________
          (Тіркелген номері)

           1999___ жылғы"____"____________ РЕПО мәмілесіне
                       Қосымша келісім N______     

     Осы РЕПО қосымша келісімі _____________________________________
     _______________________________________________________________
     (мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы қатысушысының атауы және
     оның тіркелген коды) бұдан әрі "Сатушы" деп аталады, бір
     жағынан және___________________________________________________
     (мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы қатысушысының атауы және
     оның тіркелген коды) бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталады,
     екінші жағынан, арасында мына төмендегілер жайында жасалды.

                    1. Қосымша келісімнің мәні

     1.1. Сатып алушы РЕПО операциясының мерзімі ішінде эмитенттен түскен күні РЕПО операциясы жүргізілетін мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша барлық сыйақыны (мүддені) Сатушының банктік есепшотына мына есепке сәйкес аударуды міндетіне алады: 

 

_______________________________________________________________________ 
    Эмиссия   Эмиссия  Сыйақы  Бағалы    Бір бағалы қағаз     Сыйақының
    номері    күні     (мүдде) қағаздар  бойынша сыйақы.      (мүдденің)
                       төлеу   саны      ның (мүдденің)      жалпы сомасы
                       саны              төлем сомасы
                                         (теңгемен)
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________

              2. Тараптардың жауапкершілігі  

     2.1. Осы қосымша келісімнің 1.1. тармағында көзделген міндеттемелерді Сатып алушы орындамаған не ойдағыдай орындамаған жағдайда, Сатушы Сатып алушыға төлемнің мерзімі өткен әр күнінен төленбеген соманың 5 проценті мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.

                    3. Қосымша талаптар     

     3.1. 1999 жылғы "___"__________N____РЕПО мәмілесінің осы Қосымша келісіммен өзгертілмеген бөлігіндегі талаптар өзгеріссіз қалады.
     3.2. Осы Қосымша келісім төрт дана етіп жасалды: екеуі қазақ тілінде және екеуі орыс тілінде, әрқайсысының заң күші бірдей.     

             Тараптардң мекен-жайы және деректемелері     

     Сатушы                             Сатып алушы
     ________________                   ___________________
     ________________                   ___________________
     (заңды мекен-жайы)                 (заңды мекен-жайы)

     Бірінші басшы                      Бірінші басшы
     __________________                 _____________________
     (басшының қолы)                    (басшының қолы)

     "____"_________199____               N 3 қосымша
     ____________________
      (шығару номері)                    Алғашқы Дилерлерге

                            Хабарлама     

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ______________________
     _______________________________ РЕПО N___аукцион өткізетінін, 
            (РЕПО түрі)
     және мерзімі "___" күндік РЕПО мынадай эмиссиялар бойынша 1999 жылы 
"____"_______________ болатынын Сізге хабарлайды.    

     _______________________________________________________________
     NN     Эмиссия N         РЕПО ашу      РЕПО аукционының
                              бағасы        хабарланған көлемі
     _______________________________________________________________
     Жалпы сомасы _________________________________________________
     _______________________________________________________________
                     (санмен және жазумен)
     теңге.     

     Аукцион өткізілетін мекен-жай: Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкі, Алматы қаласы, Көктем-3, 21-үй.     

     РЕПО-ның ашылу күні: 1999 жылғы "___"__________ "____" сағат 
"_____" минутке дейін.
     РЕПО-ның жабылу күні: 1999 жылы "___"__________ "____" сағат 
"____" минутке дейін.     

     Қазақстан Республикасы
     Ұлттық Банкі
     Төрағасының орынбасары

     N _______________*)                   N 4 қосымша
       (шығару номері)
     "___"__________199___ж.     

            Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен
                РЕПО операциясын өткізуге тапсырыс

          199 ____ жылы "_____"___________N аукцион бойынша**)     

          РЕПО операциясының түрі _________________________**     

     Алғашқы Дилер ретінде сөйлейтін бағалы қағаздар рыногының кәсіби 
қатысушысы N__________________________________________________________
  (Бағалы қағаздар депозитарийінің орталығынан алынған тіркеу коды)
   __________________________________________________________________
        (бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушысының толық атауы)
   оның  ____________________________________________________________
  корреспонденттік есепшоты өз есебінен немесе кепілдік бойынша және 
Инвестордың есебінен эмиссиялардың мынадай номерлеріне мерзімі ________
күндік ___________ ** РЕПО операциясын жүзеге асыруға дайын екенін 
білдіреді:
_________________________________________________________________________
 Р/NN  Бағалы қағаздар  Эмиссия  РЕПО-  РЕПО-ны    Мемлекеттік    РЕПО 
     депозитарийінің   N         ны ашу жабу баға бағалы қа.    операция.
      орталығынан              бағасы сы         ғаздар рыногы. сының
     алынған тіркеу                              ның қатысушы-  көлемі
           коды                                    ларына
                                                 ұсынылатын
                                                 мемлекеттік
                                                бағалы қағаздар
                                                   саны

                                                              (теңге)
                                                               __________
                                 (теңге) (теңге)   (дана)      РЕПО  РЕПО
                                                              опера опера
                                                            циясын циясын
                                                            ашқан  жапқан
                                                               да     да
_________________________________________________________________________    1       2               3**      4       5**      6          7       8
_________________________________________________________________________
                          Жиынтығы:     

     *) - шығару номері және күні Алғашқы Дилердің шығаратын хат-хабарын 
тіркейтін журнал негізінде толтырылады.
     **) - 3-баған және 5-баған РЕПО операциясын өткізу үшін Қазақстан 
Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген баға шарттарына сәйкес толтырылады.     

      Алғашқы Дилер:
      М.О. Банк басшысы -     

                                          N  5 қосымша

                      Жиынтық ведомость
         __________ РЕПО операциясын өткізуге түскен өтінімдер
                (_____________N______ эмиссия)
                  өтеу мерзімі   күн
 _________________________________________________________________________
  Эмис.   РЕПО-ны  РЕПО-ны   Жабудың   Мемлекеттік     Өсу жиынтығы  
  сия     ашу      жабу      осы       бағалы    
  N       бағасы   бағасы    бағасы    қағаздар
                             бойынша   саны 
                             өтінім. 
                             дер саны
_________________________________________________________________________
                                                     Мемле.   Әр эмиссия
                                                    кеттік   мөлшеріндегі
                                                     бағалы   көлемі
___________________________________________________ қағаздар
                                                    саны     РЕПО ! РЕПО 
                                                             ашы.   жабы.
                                                             луы    луы _________________________________________________________________________
        теңге    теңге                              дана    теңге  теңге
_________________________________________________________________________
     Жиынтығы:
_________________________________________________________________________
     Монетарлық операциялар департаментінің директоры ___________     

     жалғасы
_____________________________________________________________________
 Әр эмиссия           Өсу жиынтығы           РЕПО-ның орташа
 шегіндегі                                   өлшеммен жылдық
РЕПО-ның орташа                             проценттік ставкасы %-пен
 өлшеммен         ____________________________________________________
жылдық процент.    Барлық эмиссия
 тік ставкасы      Бойынша көлемі
                  ____________________________________________________
                   РЕПО   !  РЕПО
                  ашылуы   жабылуы
_____________________________________________________________________
  %               теңге    теңге             %
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Бас бухгалтер:     

     "___"______________199 __                     N 6 қосымша
          (Тіркелу күні)     

     N______________________
       (Тіркелген номері)     

                        "РЕПО"  Келісім N______     

     _________ аукциондық РЕПО операциясының қорытындысы бойынша 

     Осы РЕПО қосымша келісімі _______________________________________
     _________________________________________________________________
     (мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы қатысушысының атауы және оның 
тіркелген коды)
     бұдан әрі "Сатушы" деп аталады, бір жағынан, және ______________
     ________________________________________________________________
    (мемлекеттік бағалы қағаздар рыногы қатысушысының атауы және оның 
тіркелген коды)
     бұдан әрі "Сатып алушы" деп аталады, екінші жағынан, арасында 
жасалды, Сатушы Сатып алушыға мемлекеттік бағалы қағаздарды төмендегі 
кестеде көрсетілген баға шарттары бойынша 199 ___ "__"____________ 
РЕПО-ның ашылу мерзімінде сатуды және 199__"___"___________ РЕПО-ның 
жабылу мерзімінде сатып алуды міндетіне алады:
 ______________________________________________________________________
  NN  Эмиссия   Бағалы    РЕПО-ны     РЕПО-ны  Операциялардың көлемі
      номері    қағаздар  ашу бағасы  жабу     
                саны                  бағасы
                                               РЕПО         РЕПО
                                               операциясын  операциясын
                                               ашқанда      жапқанда
                      (дана) % % теңге теңге 
   1    2        3         4           5         6           7
 ________________________________________________________________________

   Кесте деректері негізінде РЕПО операциясының жалпы көлемі:
     РЕПО-ны ашуға___________________________ теңге ________ дана

                  (сомасы санмен және жазумен)
     және 
     РЕПО-ны жабуға___________________________ теңге________ дана 
                   (сомасы санмен және жазумен)

           Тараптардың мекен-жайы және деректемелері:     

     Сатушы                                Сатып алушы
     ____________________                  __________________
     ____________________                  __________________
     (заңды мекен-жайы)                    (заңды мекен-жайы)     

     Бірінші басшы                          Бірінші басшы     

     ________________                       ________________
     (басшының қолы)                        (басшының қолы)