"Қазақстан Республикасының Транспорт және коммуникация министрлігі мен Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінің "Жергілікті телекоммуникация желілері, телеграф және почта байланысы қызметін ұсыну Ережесін бекіту туралы" бұйрығына толы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Транспорт, коммуникация және туризм министрлігі 1999 жылғы 30 маусым N 359-І Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі 1999 жылғы 15 маусым N 35-ОД

      "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші мекемелерінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1335 P981335_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етеді:
      1. "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты" мемлекеттік мекемесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік мекемелерді қосу арқылы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып (бұдан әрі - Кәсіпорын)қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің Кәсіпорынға қатысты функциясын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі белгіленсін.
      3. Кәсіпорын қызметінің негізі нысанасы мыналар болып айқындалсын:
      1) ғылыми әлеует туралы ақпаратты қоса алғанда, елдің ғылыми-техникалық саладағы ұлттық ақпарат ресурсын, қалыптастыру жұмыстарын үйлестіру және оған қатысу;
      2) ұжымдық және жеке абоненттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының отандық және әлеуметтік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету және осы негізде ақпараттық қызмет көрсетудің барлық спектрын ұсыну;
      3) ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесін жетілдіру жөнінде зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу;
      4) ақпараттық қызметкерлерінің біліктілігі мен мамандардың ақпараттық мәдениетін көтеру, ғылыми-техникалық насихат, аударма және баспа қызметі.
      4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі бір ай мерзімде заңда белгіленген тәртіппен:
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін;
      2) әділет органдарында оны мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шалаларды қабылдасын.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Кәсіпорынға 2-қосымшаға сәйкес шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат етілсін.
      7. "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі жанындағы есептеу орталығы бар Қазақ ғылыми-техникалық және конъюнктуралық-коммерциялық ақпарат ғылыми-зерттеу институтын Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу институты етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 30 сәуірдегі N 336 P930336_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 14, 173 құжат) күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                              Қазақстан Республикасы
                                                   Үкіметінің
                                            1999 жылғы 14 маусымдағы
                                                 N 744 қаулысына
                                                    1-қосымша

            Қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік мекемелердің
                                 Тізбесі

      1. Ақмола облыстық салааралық                Астана қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

      2. Ақтөбе облыстық салааралық                Ақтөбе қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

      3. Атырау облыстық салааралық                Атырау қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

      4. Шығыс Қазақстан облыстық салааралық       Өскемен қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

      5. Жамбыл облыстық салааралық                Тараз қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

      6. Жезқазған облыстық салааралық             Жезқазған қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

      7. Батыс Қазақстан облыстық салааралық       Орал қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

      8. Қарағанды облыстық салааралық             Қарағанды қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы 

      9. Қостанай облыстық салааралық              Қостанай қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

     10. Көкшетау облыстық салааралық              Көкшетау қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы 

     11. Қызылорда облыстық салааралық             Қызылорда қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

     12. Павлодар облыстық салааралық              Павлодар қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

     13. Солтүстік Қазақстан облыстық салааралық   Петропавл қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

     14. Семей облыстық салааралық                 Семей қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

     15. Оңтүстік Қазақстан облыстық салааралық    Шымкент қаласы
         ғылыми-техникалық ақпарат орталығы

     16. ҚазмемҒТАИ (Қазақ мемлекеттік ғылыми-     Ақтау қаласы
         техникалық ақпарат институтының) Ақтау
         бөлімшесі

                                             Қазақстан Республикасы
                                                    Үкіметінің
                                            1999 жылғы 14 маусымдағы
                                                 N 744 қаулысына
                                                    2-қосымша

      "Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу
        институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық
        мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы
                еншілес мемлекеттік кәсіпорындарының
                             Тізбесі

    1. "Ақмола салааралық аумақтық                Астана қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

    2. "Ақтау салааралық аумақтық                 Ақтау қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

    3. "Ақтөбе салааралық аумақтық                Ақтөбе қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

    4. "Атырау салааралық аумақтық                Атырау қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

    5. "Шығыс Қазақстан салааралық аумақтық       Өскемен қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

    6. "Жамбыл салааралық аумақтық                Тараз қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

    7. "Жезқазған салааралық аумақтық             Жезқазған қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

    8. "Батыс Қазақстан салааралық аумақтық       Орал қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

    9. "Қарағанды салааралық аумақтық             Қарағанды қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

   10. "Қостанай салааралық аумақтық              Қостанай қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

   11. "Көкшетау салааралық аумақтық              Көкшетау қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

   12. "Қызылорда салааралық аумақтық             Қызылорда қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

   13. "Павлодар салааралық аумақтық              Павлодар қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

   14. "Солтүстік Қазақстан салааралық аумақтық   Петропавл қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

   15. "Семей салааралық аумақтық                 Семей қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны

   16. "Оңтүстік Қазақстан салааралық аумақтық    Шымкент қаласы
       ғылыми-техникалық ақпарат орталығы"
       еншілес мемлекеттік кәсіпорны