Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1998 жылғы 13 мамырдағы N 177 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 1999 жылғы 9 шілдедегі N 395 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 15 шілдеде N 839 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 (V043191) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 16 тамыздағы N 1127 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 мамырдағы  қаулысының  2-тармағын орындау үшін Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 13 тамыздағы N 177  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия берудің тәртібі туралы Ережеге:
      5-тармақтың абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Лицензиат бір жолғы лицензиялық алымды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерде төлейді".
      13-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 10-еселенген есептік көрсеткіш" деген сөздер "осы Ереженің 5-тармағымен көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр