Банкте уақытша әкімшілік (уақытша әкім) тағайындау тәртібі және өкілеттігі туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 31 желтоқсан N 330 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 15 наурызда N 705 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 68 (V042818) қаулысымен.

      Белгіленген зейнетақы жасына толмаған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ер кісілер үшін кемінде 10 жыл және әйелдер үшін кемінде 7 жыл 6 ай жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, өте зиянды және өте ауыр еңбек жағдайындағы жұмыстарда жұмыс стажы бар, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылған зейнетақы заңдары бойынша өндірістердің, мамандықтардың, лауазымдардың және көрсеткіштердің N 1 тізіміне жатқызылған азаматтардың проблемаларына ыңғайлар жасау мақсатында:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері 1999 жылдың 15 қаңтарына меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдардың деректері бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне белгіленген зейнетақы жасына жетпеген және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ер кісілер үшін кемінде 10 жыл және әйелдер үшін кемінде 7 жыл 6 ай жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, өте зиянды және өте ауыр еңбек жағдайындағы жұмыстарда жұмыс стажы бар, 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылған зейнетақы заңдары бойынша өндірістердің, мамандықтардың, лауазымдардың және көрсеткіштердің N 1 тізіміне жатқызылған адамдардың саны туралы мәлімет ұсынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1999 жылдың 19 қаңтарына Қазақстан Республикасының Үкіметіне ер кісілер үшін кемінде 10 жыл және әйелдер үшін кемінде 7 жыл 6 ай жерасты және ашық тау-кен жұмыстарында, өте зиянды және өте ауыр еңбек

 

жағдайындағы жұмыстарда жұмыс стажы бар азаматтардың проблемалары бойынша

мүмкін болатын ыңғайларды іске асыру үшін қажет бюджет қаражатының бағалау

есебін ұсынсын.

     3. Осы өкімнің орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.


     Премьер-Министр


  Оқығандар:

Орынбекова Д.К.

Кобдалиева Н.М.