Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттiгiнiң 1997 жылғы 13 қазандағы N 10-ө бұйрығымен бекiтiлген (1997 жылғы 13 қарашадағы мемлекеттік тiркеу N 417) "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы бухгалтерл

Бұйрық Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық зейнетақы агенттігі 1998 жылғы 18 желтоқсан N 175-ө. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 21 қаңтарда N 670 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 213 қаулысы.

      Жинақтаушы зейнетақы қорларында аудиторлық тексеру (сыртқы аудитті) өткiзу, бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есеп тапсыру ережелерiн нақтылау және айқындау мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Ұлттық зейнетақы агенттігiнiң 1997 жылғы 13 қазандағы N 10-ө бұйрығымен  бекiтiлген (1997 жылғы 13 қарашадағы мемлекеттік тiркеу N 417) "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы бухгалтерлiк есеп жүргізу және қаржылық есеп беру жөнiндегі ережеге" қоса берiлiп отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн және олар Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап қолдануға енгiзiлсiн.
      2. Заң бөлiмi (Ремкевич И.А.) өзгерiстер мен толықтыруларды мемлекеттiк тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгіне жiберсiн.

      Директор

      1. Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: "Жинақтаушы зейнетақы қорларында бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есеп тапсыру ережелерi".
      2. 1-тараудың 1-тармағындағы "Жинақтаушы зейнетақы қоры үшiн (бұдан әрi - Қор) бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есеп беру тәртiбiн" деген сөздер "Жинақтаушы зейнетақы қорларында (бұдан әрi - Қор) бухгалтерлiк есеп жүргiзудi және қаржылық есеп тапсыру ережелерiн" деген сөздермен ауыстырылсын және одан әрi мәтiн бойынша.
      3. 1-тараудың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "Агенттiк бекiткен "Жинақтаушы зейнетақы қорларында бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есеп тапсыру ережелерi" барлық Қорлар үшiн мiндеттi."
      4. 2-тараудың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қор Қордың акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiтетiн Есеп саясатын әзiрлейдi. Қордың Есеп саясаты жинақтаушы зейнетақы қорларында бухгалтерлiк есеп жүргiзу және қаржылық есеп берудiң ерекшелiктерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру жүйесiн реттейтін нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес қалыптасады".
      5. 3-тараудың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қордың жылдық қаржылық есебiн, сондай-ақ оның iстерiнiң ағымдағы жай-күйiн тексеру және бекiту үшiн Қор аудиторлық тексерулер (сыртқы аудит) жүргiзедi".
      6. Тараудың төртіншi абзацындағы "Қор аудиторлық тексерулер (сыртқы аудит) жүргiзедi" деген сөздерден кейiн 3-тарау мынадай мазмұндағы екi абзацпен толықтырылсын:
      "Қаржылық жыл қорытындысы бойынша аудиторлық тексерудiң жүргiзiлуi мiндеттi".
      "Қорға сыртқы аудиттi мемлекеттiк уәкiлеттi орган берген лицензиясы бар аудитор/аудиторлық ұйым жүргiзедi".
      7. 3-тарау мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: "Аудит жүргiзуге шарт жасасқан кезде Қор аудитормен/аудиторлық ұйыммен оның аудиторлық қорытындыда мынадай мәлiметтердi көрсетуi жөнiндегi мiндетiн көздеуге және келiсуге мiндеттi:
      1) өз қаражаты бойынша:
      - есеп пен есеп беруде Қор жүргiзген операцияларды көрсетудiң уақтылы, толық және нақты болуына баға беру;
      - қордың iшкi аудитiнiң әдiлдiгiне баға беру;
      - бухгалтерлiк операциялардың Қордың есеп саясатына сәйкес көрсетiлуiнiң дұрыстығы;
      - Қордың өз қаражаты бойынша операциялар жүргiзген кезде салық заңдарының сақталуы;
      2) жинақталған зейнетақы қаражаттары бойынша:
      - есеп пен есеп беруде Қор жүргiзген операцияларды көрсетудiң уақтылы, толық және нақты болуына баға беру;
      - салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарында түскен зейнетақы жарналарын көрсетудiң уақтылылығы және дұрыстығы;
      - салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы шоттарында инвестициялық табыстың есептелуiнiң уақтылылығы және дұрыстығы;
      - салымшыға (алушыға) оның жинақталған зейнетақы қаражаттары туралы ақпараттар берудiң уақтылылығы және сенiмдiлiгi;
      - қордың iшкi аудитінiң әдiлдiгiне баға беру;
      - жинақталған зейнетақы қаражаттары бойынша, зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру кезiнде алушылардан табыс салығын ұстауға қатысты операцияларды жүргiзген кезде салық заңдарының сақталуы".
      8. 4-тараудың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қор Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Ережелермен белгiленген тәртіпте бухгалтерлiк есептi жүзеге асырады және қаржылық қызмет бойынша есеп тапсырады".
      9. 4-тараудың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қаржылық есеп пайдаланушылар үшiн анық және түсiнiкті болуы тиiс, онда өткен кезең үшiн тиiстi мәлiметтер келтiрiлген болуы керек."
      10. 4-тараудың үшiншi абзацы алынып тасталсын.
      11. 4-тараудың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қор ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептердi белгiленген мерзiмдерде тапсырады. Уәкiлеттi органның талап етуi бойынша Қор белгiленген мерзiмдерде қосымша мәлiметтер беруге мiндеттi".
      12. 4-тараудың бесiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Жыл сайынғы қаржылық есептi аудитор/аудиторлық ұйым растайды. Аудиторлық тексеру нәтижесi бойынша жасалған қорытынды Қор қызметi туралы жылдық қаржылық есептiң ажырамайтын бөлiп болып табылады".
      13. 4-тараудың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "Қор өз қаражаттары бойынша операциялар жүргiзу үшiн заңда белгiленген тәртiппен екiншi дәрежелi банктерде банктік шот ашуға құқылы".
      14. 5-тараудың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Агенттiкке ай сайын тапсырылатын қаржылық есепке мыналар кiредi:
      - бухгалтерлiк баланс (N 1 қосымша);
      - жинақталған зейнетақы қаражаттары бойынша ақша қозғалысы туралы есеп (N 4 қосымша);
      - таза зейнетақы активтерi туралы есеп (N 7 қосымша);
      - түсiндiрме жазба".
      15. 5-тараудың төртіншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Агенттiкке тоқсан сайын тапсырылатын қаржылық есепке мыналар кiредi:
      - Қордың бухгалтерлiк балансы (N 1 қосымша);
      - қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижелерi туралы есеп (N 2 қосымша);
      - ақша қозғалысы туралы есеп (N 3 қосымша);
      - таза зейнетақы активтерi туралы есеп (N 7 қосымша);
      - өз капиталының қозғалысы туралы есеп (N 5 қосымша);
      - айналыстан тыс активтердiң қозғалысы туралы есеп (N 6 қосымша).
      16. 5-тараудың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жылдық қаржылық есеп мыналардан тұрады:
      - бухгалтерлiк баланс (N 1 қосымша);
      - қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есеп (N 2 қосымша);
      - ақша қозғалысы туралы есеп (N 3 қосымша);
      - өз капиталының қозғалысы туралы есеп (N 5 қосымша);
      - айналыстан тыс активтердiң қозғалысы туралы есеп (N 6 қосымша);
      - таза зейнетақы активтерi туралы есеп (N 7 қосымша);
      - жыл iшiнде жасалған жұмыстар туралы жылдық есепке түсiндiрме жазба, қосымша мәлiметтермен;
      - жүргiзiлген аудит нәтижелерi бойынша аудиторлық қорытынды".