Ашық халықтық қоғамның акцияларын сатып алу туралы хабарлау тәртібі туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының 1998 жылғы 3 қараша N 187 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 650. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2003 жылғы 23 қазандағы N 361 қаулысымен (V032560).

       Тұрғын үйде болған газ жарылысының зардаптарын жою және зиян шеккендерге материалдық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға арналған резерв қорынан Қарағанды облысының әкіміне 1998 жылғы 29 қыркүйекте Қарағанды облысының Саран қаласындағы тұрғын үйде болған газ жарылысының зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізуге және зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетуге 18 (он сегіз) млн. теңге бөлсін.
      2. Қарағанды облысының әкімі 1998 жылдың қорытындылары бойынша

 

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне

орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп берсін.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

мақсатқа сай пайдалануына бақылау жасасын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі