Мұнай және газ орындарын игеру жөніндегі Орталық комиссия туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 1998 жыл 19 қазан N 200 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 5 қыркүйек N 636 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2001.03.21. N 70 бұйрығымен. ~V011465

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 6 қазандағы N 1362 қаулысының күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 6 қазандағы
N 1362 қаулысының күші жойылған деп тану туралы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Заң күші бар Жарлығының 139-бабына сәйкес (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат) Қазақстан Республикасында салық төлеушілерге бірыңғай код беруді қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Салық төлеушілерді сыныптау және оларға код беру жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 6 қазандағы N 1362 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 41, 473-құжат) күші жойылған деп танылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті