Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Департаментіндегі республикалық бюджетті орындаудың бухгалтерлік есебі жөніндегі Нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 11 тамыз N 372 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 2 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 596. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 495 Бұйрығымен.

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.08.28  N 778 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Металлист" Орал зауыты" акционерлiк қоғамына (Орал қаласы) "Промэкспорт" федералды мемлекеттiк бiрегей кәсiпорнымен (Мәскеу қаласы) 1998 жылғы 15 сәуiрдегi жасалған N 643/07513046/81033-09-398 келiсiм-шартқа сәйкес:
      Б-32 оғымен (индекс 57-БЗ-542) - 5 000 000
      БЗТ-44 оғымен (индекс 57-БЗТ-542)- 1 000 000
      6 млн. дана 12,7 калибрлi патрондар (СЭҚ ТН коды 9306.30.100) әкелуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi "Металлист" Орал зауыты" акционерлiк қоғамына (Орал қаласы) көрсетiлген өнiмнiң импортына лицензия берсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi өнiмнiң әкелуiне бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi