Мемлекеттік нотариустардың техникалық сипаттағы ақылы қызмет көрсетулерінен түскен ақшаларды жинақтау мен жұмсау тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1998 жылғы 21 мамырдағы N 58 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 15 маусымда N 520 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 (V043191) бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.15 № 1313 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығын және Машина жасауды болжау жөнiндегi ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қаңтардағы N 2 P980002_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының, Қорғаныс министрлiгiнiң және Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясына ведомстволық бағыныстағы "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығын "(СFТО)" құру туралы ұсынысы қабылдансын. "Машина жасау" салааралық ғылыми-технологиялық орталығының (CFTO) мекен-жайы Алматы қаласы болып белгiленсiн";
      4-тармақтың екiншi абзацындағы "өнеркәсiп орындары мен тәжiрибелiк өндiрiсi бар конструкторлық-технологиялық бюроларды" деген сөздер "ғылыми-зерттеу және тәжiрибе конструкторлық ұйымдарды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi