Еңбекті қорғау саласындағы мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін көтерудің тәртібі туралы Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік Қорғау Министрінің 1998 жылғы 18 ақпандағы N 24п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 24 наурызда N 492 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2005 жылғы 27 қаңтардағы N 23-ө бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң қайта ұйымдастырылуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының шағын көлемдi кемелер жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы оның функциялары мен өкiлеттiгiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiк инспекциясына беру арқылы бiрiктiру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп, екi ай мерзiм iшiнде Үкiметтiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы Үкiметке ұсыныс енгiзсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi