Қазақстан Республикасында акциялар эмиссияларын тіркеудің, жоюдың және акциялар шығарудың және орналастырудың қорытындылары туралы есепті бекітудің тәртібі туралы ережеге өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бағалы Қағаздар Жөніндегі Ұлттық Комиссиясы Директоратының Қаулысы 1998 жылғы 2 ақпан N 2 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 19 наурызда тіркелді. Тіркеу N 75. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 143 қаулысымен.

      Оңтүстiк Қазақстан облысының кәсiпорындары мен халқын электр энергиясымен қамтамасыз етудi қалпына келтiру мақсатында және 1997-2000 жылдарға арналған электр энергиясы рыногын одан әрi дамыту бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Бiрыңғай технологиялық тiзбектi бұзбастан "Оңтүстiк Қазақстан бөлушi электр желiлерi компаниясы" акционерлiк қоғамының мүлкiн бөлудiң мүмкiндiктерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының мына министрлiктерi мен ведомстволарының:
      Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң;
      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнiң өкiлдерiнен комиссия құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi:
      белгiленген тәртiппен, одан, көрсетiлген комиссия айқындаған мүлкiмен "Түркiстанэнерго" акционерлiк қоғамын бөлу жолымен "Оңтүстiк Қазақстан бөлушi электр желiлерi компаниясы" акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыру мәселесiн қарасын;
      "Түркiстанэнерго" акционерлiк қоғамының жарғысында оның қызметiнiң мәнi ретiнде 1997-2000 жылдарға арналған электр энергиясы рыногын одан әрi дамыту бағдарламасына сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысында бөлiнiстi электр желiлерiн пайдалануды ұйымдастырудың оңтайлы құрылымын әзiрлеудi көздесiн;
      "Түркiстанэнерго" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын "KEGOC" электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы акционерлiк қоғамына берсiн.
      3. Осы қаулының 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, он күндiк мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiне комиссия мүшелерiнiң кандидатурасын ұсынсын.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi