1997 жылы 10 қаңтардағы он төртінші сессияда қабылданған шешімге өзгертулер енгізу туралы

Ақтөбе облыстық мәслихаты және облыс әкімінің кезектен тыс сессияда қабылдаған 1997 жылғы 30 мамырдағы N 5 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 29 желтоқсанда N 15 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбында және кіріспеде "10.01.97 ж." сөздер "1997 жылғы 10 қаңтардағы" сөздермен ауыстырылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты және облыс әкiмiнiң 1997 жылғы 10 қаңтардағы он төртiншi сессияда қабылдаған "Облыстың әкiмшiлiк-аумақтың құрылысына өзгертулер енгiзу туралы" N 5 шешiмiне өзгертулер енгiзiлсiн:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. 1 тармақтағы "Хлебодаров, оны Қурайлы ауылдық округiнiң аумағына қосып (орталығы Қурайлы ауылы) деген жол былайша редакциялансын:

      "Хлебодаров,оның аумағын Родников ауылдық округiнiң құрамына қосып".

      Ескерту. 1 тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. 2 тармақтан "Ақшат ауылы Родников ауылдық округiнiң құрамына қосылсын" деген жол алынып тасталсын.

      Ескерту. 2 тармаққа орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 30.05.2017 № 185 қаулысымен және Ақтөбе облыстық мәслихатының 30.05.2017 № 158 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Облыстық мәслихат
хатшысы
Облыс Әкiмi