Зейнетақы төлеу жөнiндегi Мемлекеттiк орталықтан зейнетақыны төлеу жөнiндегi әдiстемелiк нұсқаулық

Бұйрық Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1997 жылғы 9 желтоқсан N 222-П Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 11 ақпан тіркелді. ТіркеуN 451. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2001 жылғы 25 наурыздағы N 17-П бұйрығымен. ~V011432

      Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдауды күшейту мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қор (бұдан былай - Қор) құруды қамтамасыз етсiн, оның қызметiнiң негiзгi бағыттары тұрмысы төмен азаматтарға материалдық және қаржылық ресурстарды беру, қызметтер көрсету (жұмыстар жүргiзу), әлеуметтiк бағдарламалардың iске асырылуына жәрдемдесу, сондай-ақ тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қорлардың қызметiн үйлестiру болып белгiленсiн. 
      2. Қордың мүлкiн қалыптастыру көздерi ерiктi қайырмалдықтар түрiнде берiлетiн ақша, сондай-ақ басқа да мүлiк және заңға қайшы келмейтiн өзге де аударымдар болып табылады деп белгiленсiн. 
      3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi "Зейнеткерлер мен халықтың табысы аз топтарын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аумақтық қайырымдылық қорларын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 15 шiлдедегi N 1805  Жарлығы негiзiнде құрылған зейнеткерлер мен халықтың табысы аз топтарын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аймақтық қайырымдылық қорларын қайта құруды қамтамасыз етсiн. 
      4. Ақмола қаласының әкiмi тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiнде аймақтық қор құруды қамтамасыз ететiн болсын. 
      5. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi