Дәрi-дәрмектерді сертификаттау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлiгi 1997 жылғы 27 тамыздағы N 426, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі агенттігінің 1997 жылғы 25 тамыздағы N 410 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 25 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 377. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2005 жылғы 18 қазандағы N 534, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2005 жылғы 20 қазандағы N 3 бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      "Елдегi жағдай және 1997 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Халқына Жолдауының негiзгi қағидаларын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 қазандағы N 1289  қаулысына
      аталған қаулымен бекiтiлген "Елдегi жағдай және 1997 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауының негiзгi қағидаларын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарындағы: 
      реттiк нөмiрi 19-жол алынып тасталсын; 
      "1997 жылға арналған реформаларын тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533  қаулысына :
     аталған қаулыға қосымшадағы:
     II.3-тараушадағы (Жекешелендiру, кәсiпорынды реформалау және мемлекеттiк меншiктi басқару).
     реттiк нөмiрi 39-жол алынып тасталсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi