Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережелерiне қойылатын негiзгi талаптар

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1997 жылғы 27 тамыз N 3-П. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 12 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 367. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 138 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      "Елдегi жағдай және 1997 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Халқына Жолдауының негiзгi қағидаларын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 қазандағы N 1289  қаулысына
      аталған қаулымен бекiтiлген "Елдегi жағдай және 1997 жылға арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауының негiзгi қағидаларын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарындағы: 
      реттiк нөмiрi 19-жол алынып тасталсын; 
      "1997 жылға арналған реформаларын тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533  қаулысына :
     аталған қаулыға қосымшадағы:
     II.3-тараушадағы (Жекешелендiру, кәсiпорынды реформалау және мемлекеттiк меншiктi басқару).
     реттiк нөмiрi 39-жол алынып тасталсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi