"Капитал қозғалысымен байланысты валюта операцияларын тiркеу тәртiбi туралы" Ереже туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасының қаулысы 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 129 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 6 маусымда тіркелді. Тіркеу N 313. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 1998.10.27. N 204 ~V980695 қаулысымен.

      Төлем қабiлетi жоқ (дәрменсiз) кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру, оңалту, тарату мәселелерiнде бiрыңғай саясат жүргiзу және мемлекет мүддесiн қамтамасыз ету, аталған жұмыстарды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi белгiленген тәртiппен: 
      "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамын құрсын; 
      құрылатын акционерлiк қоғам активтерiнiң тiзбесi мен құрылымын белгiлесiн, оның iшiнде жарғылық қорға мемлекеттiң жарнасы ретiнде Қазақстан Республикасының таратылған Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру агенттiгiнiң балансындағы мүлiк пен негiзгi қаражатты, мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi аумақтық комитеттер мүлкi мен негiзгi қаражатының бiр бөлiгiн берсiн; 
      бiр ай мерзiм iшiнде аталған акционерлiк қоғамның Жарғысын бекiтсiн және оны тiркесiн; 
      акционерлiк қоғамды Алматы қаласы, С.Мәуленов көшесi, 92-үйде орналасқан қызметтiк үй-жаймен қамтамасыз етсiн. 
      2. "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттiк" акционерлiк қоғамы банкроттық туралы заңдардың шеңберiнде дәрменсiздiк пен банкроттың алдын алуды, оңалту рәсiмдерiн, дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды, сондай-ақ жарғылық қорында мемлекет үлесi бар шаруашылық серiктестiктерiн санациялауды, таратуды және қайта ұйымдастыруды жүзеге асыру мәселелерiнде мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi деп белгiленсiн. 
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн. 

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi