Қазақстан Республикасында шетелдiк азаматтарға және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртiбi туралы НҰСҚАУЛЫҚ

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер минитрi 1997 жылғы 3 сәуiрдегi N 278 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 8 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 278. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнің 2012 жылғы 4 шілдедегі № 08-1-1-1/296 бұйрығымен

      Көкшетау облысының борыштарының құрылымын өзгерту және селолық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi 1997 жылғы мал қыстату кезеңiнде электр энергиясымен және жанар-жағар материалдармен үздiксiз қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Көкшетау облысының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң астық несиесi бойынша 32,6 мың тонна мөлшерiндегi берешегiн қайтару мерзiмi 1997 жылға ұзартылсын.
      2. Көкшетау облысының әкiмi ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi, астық қабылдау кәсiпорындары, энергетика және мұнай өнiмдерi ұйымдары мен Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының облыстық өкiлдiгi арасындағы төртжақты шарттың негiзiнде облыс шаруашылықтарының осы корпорацияның астығын 1996 жылы пайдаланылған электр энергиясына бара-бар мөлшерде 42,2 млн. теңге және пайдаланылған жағар-жанар материалдар үшiн 237,1 млн. теңге сомасындағы өз берешектерiн Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi мен Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң ұйымдарына өтеу есебiне өткiзудi ұйымдастырсын.
      Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi және Ауыл шаруашылығы министрлiгi Көкшетау облысының әкiмiне осы жұмысты жүзеге асыруға қажеттi көмек көрсетсiн.

      Премьер-Министр