ҚҚС жөнiндегi декларацияны жыл бойынша толтыру Нұсқаулығы

Бұйрық Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жыл 6 маусым N 109. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 10 маусымда тіркелді. Тіркеу N 45. Күші жойылды -  ҚР Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 416 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бюджеттiк ұйымдарға (мекемелерге) құқықтық мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету үшiн жеке және заңды тұлғаларды тарту тәжiрибесiн тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Бюджеттiк ұйымдарға (мекемелерге) құқықтық мәселелер бойынша консультациялық қызмет беру үшiн, егер мұндай қызмет көрсетуге бюджет қаражатынан төленсе және оның құны 10 (он) мың АҚШ долларына баламды сомадан асып кеткен жағдайда жеке және заңды тұлғалар конкурстық негiзде тартылады деп белгiленсiн. Конкурс жеңiмпазы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтық мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсеткенiне Қазақстан Республикасының Үкiметi мен бюджеттiк

ұйымдарымен (мекемелерiмен) шарт (келiсiм-шарттар) жасау құқығын
алады.
     2. Құқықтық мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың
консультациялық қызмет көрсетуiне конкурстар өткiзудiң тәртiбi мен
шарттарын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейдi деп
айқындасын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi