Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 193-П "Кедендiк алып жүру туралы" бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Бұйрық Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi 1997 жылғы 28 наурыздағы N 74-П Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылғы 16 мамырда тіркелді. Тіркеу N 41. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің 1997 жылғы 25 шiлде N 191-П бұйрығымен. ~V970052

      Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк алып жүрудi ұйымдастыруды жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 7 желтоқсандағы N 193-П V950144_ "Кедендiк алып жүру туралы" бұйрығына төмендегiдей өзгерiс енгiзiлсiн:
      - 2.2-тармағының 3-абзацы төмендегідей редакцияда баяндалсын: "тауардың сипаты мен мәртебесi (акцизделетiн тауарлар, лицензияландырылатын тауарлар, әкелiнуiне өзге де мемлекеттiк органдардың рұқсаты керек болатын тауарлар, салынатын салығы кедендiк құнының 30%-нен асып кететiн не арнайы ставкалар бойынша кеден баждары және қосылған құнға салық салынатын тауарлар"
      2. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1996 жылғы 15 қарашадағы N 236-П "Кедендiк алып жүру туралы ережеге" бұйрығының күшi жойылған болып есептелсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кеден комитетi Төрағасының орынбасары жүктелсiн.
 
      Төраға