Көлiк құралдарын ерiксiз тоқтатуға "Кiрпi" арнайы құрылғысын қолдану тәртiбiнiң нұсқамасын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi 1996 жылғы 13 тамыз N 265 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 13 маусымда N 316 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 15 қазандағы № 842 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 маусымдағы N 832 қаулысын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң базасында табиғи тасты өндiру мен өңдеу жөнiндегi өндiрiстi ұйымдастыруға арналған инвестициялық кредиттiң екiншi кезегiнiң қаржыландыруы уақытында ашылуы және кредиттеудiң бiрiншi кезеңi жөнiндегi Үкiмет кепiлдiгiн ресiмдеу үшiн төленетiн төлемдер бойынша iшкi iстер министрлiгiнiң берешегiн жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 
      республикалық бюджет пен кредиттеудiң бiрiншi кезеңi жөнiндегi Үкiмет кепiлдiгiн ресiмдеу үшiн республикалық бюджетке берешегi бар Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi арасындағы 13452 мың (он үш миллион төрт жүз елу екi мың) теңге сомасындағы қарызға бiржолғы есептеме жүргiзсiн;
      аталған соманы республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiн қаржыландыру есебiне есептесiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi