Телекоммуникациялар топтарын қорғау Ережелерi

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен бекітілген 1996 жылғы 7 қараша N 270. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 16 қаңтарда N 245 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 24 қарашадағы N 264-п бұйрығымен.

      Герман кредит желiсi бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң KFW Kreditanstalt fur Wiederaufdau герман банкiнiң ұсынған шоттары негiзiнде "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының герман кредит желiсi бойынша жалпы сомасы 20676284,06 немiс маркiсi (жиырма миллион алты жүз жетпiс алты мың екi жүз сексен төрт немiс маркiсi алты пфеннинг) мерзiмi кешiктiрiлген берешегiне, сондай-ақ 1996 жылға арналған республикалық бюджетiнiң "Сыртқы экономикалық қызмет" бөлiмi бойынша көзделген қаражат есебiне есептелген айыппұл сомасына жүргiзiлген төлемiне келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының герман кредит желiсi бойынша 233784 мың (екi жүз отыз үш миллион жетi жүз сексен төрт мың) теңге сомасында республика бюджетi алдындағы берешегiне азаматтардың жекелеген санаттарына байланыс қызмет көрсетулерi бойынша жеңiлдiктер берiлгенi үшiн Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi алдындағы республика бюджетiне берешегi есебiне есептеме жүргiзсiн.

     берешектердiң есептемесiн аталған соманы республика бюджетiнiң
кiрiстер және шығыстар бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi
"Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының кредитор алдындағы
берешегiн өтеуге республика бюджетiне тартылған қаражатты, есептемеге
қатысатын қаржыларды қоспағанда, сөзсiз қайтаруды қамтамасыз етуге
шаралар қабылдасын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi