Қоршаған табиғи ортаны қорғау жөнiндегi нормативтiк құжаттар мен гигиеналық нормативтердiң Жүйесi

Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi 1996 жылғы 6 қаңтар. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1997 жылғы 10 қаңтар N 242 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң нормативтi актiлерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы"  Z952368_  Жарлығының 170-бабына сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын: 
      1. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1995 жылғы 16 қазандағы N 145-П бұйрығымен бекiтiлген "Уақытша сақтау туралы (уақытша сақтау қоймалары туралы)" ережесiнiң 6.4-тармағының күшi жойылсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң "Уақытша сақтау туралы ереженi бекiту туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы N 145-П бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы" 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 152-П бұйрығының күшi жойылсын. 
      3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Жарлығының "Уақытша сақтау" 25-тарауымен анықталған уақытша сақтау тәртiбi басшылыққа алынсын. 
      4. Облыстық Кеден басқармаларының бастықтары, кедендердiң бастықтары кеден органдары құратын уақытша сақтау қоймаларын ұйымдастыру мүмкiндiгiн қарастырсын және 1996 жылғы 10 қарашаға дейiн баяндап хабарласын. 
      5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Төрағаның Бiрiншi орынбасарына жүктелсiн. 

      Төраға