Қаржы шығынына лимит белгiлеу арқылы жергiлiктi бюджеттерiнiң есебiнен ұсталатын, мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру нұсқауын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi 1996 жылғы 2 желтоқсан N 264. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 11 желтоқсанда N 231 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 бұйрығымен.

      Мемлекеттiк бақылауды күшейту және республиканың тұтыну рыногын адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiп тудыратын сапасыз тауарлардың енуiнен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында:
      1. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi:
      мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және өзге де орталық атқарушы органдармен бiрлесiп 1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн мемлекетаралық және халықаралық стандарттарда келтiрiлген әдiстемелердi пайдалана отырып тамақ өнiмдерiн бiрдейлендiрудiң тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құжаттарды әзiрлесiн және белгiленген тәртiппен қабылдасын;
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасына әкелiнетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) сапасы мен қауiпсiздiгiне қажеттi талаптарды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрушi құжатты әзiрлесiн және оны белгiленген тәртiппен қабылдасын.
      2. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Экономика министрлiгi үш айлық мерзiм iшiнде азық-түлiктiң құрамын, тағамдық құндылығын, дайындалған күнiн, жарамдылық мерзiмiн, сақтау және қолдану шарттарын көрсете отырып республикаға әкелiнетiн тамақ өнiмдерiнiң қазақ және/немесе орыс тiлдерiнде жапсырмалары (арасына салатын парақтары) болуын қамтамасыз ету жөнiнде шара қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Кеден комитетi, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi және Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1997 жылдың 1 наурызына дейiн Мiндеттi сертификаттауға жататын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасын дайындасын және оны Үкiметке ұсынатын болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi мен Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi 1997 жылдың 1 наурызына дейiнгі мерзiмде түсетiн өнiмдердiң сапасына бақылауды күшейту мақсатында Мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдердi әкелудiң тәртiбiне қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi 1997 жылдың 1 ақпанына дейiн адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiп тудыратын шетелдiк тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және сату үшiн жауапкершiлiк шараларын күшейту жөнiнде ұсыныс дайындасын және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.

      Премьер-Министр