Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi мен Ауылшаруашылық министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi органдарының жер төлемдерiн меншiк құқығына беру, сатуға қойылған жекешелендiретiн объектiлердiң

Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылғы 25 сәуірдегі N 163, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитеті 1996 жылғы 24 сәуірдегі N 52 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 8 шілде N 179 тіркелді. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қарағанды көмiр бассейнi кәсiпорындарының қаржы-шаруашылық қызметiн сауықтыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 10 тамыздағы N 1110 P951110_ қаулысымен бекiтiлген "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы кәсiпорындарының қаржы-шаруашылық қызметiн сауықтыру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар жоспарына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      8-тармақ "түспеген валюта табысы үшiн" деген сөздерден кейiн "қосылған құнға салынатын салықтан басқа" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қосылған құнға салынатын салық бойынша берешектi өтеу "Испат-Кармет" компаниясымен, "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясымен және Қарағанды облысы бойынша салық инспекцияларымен бекiтiлген кестеге сәйкес 1995 жылдың 10 тамызынан бастап жүргiзiлсiн.
      3. "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясы "Испат-Кармет" компаниясы жөнелткен көмiр қосылған құнға салынатын салық бойынша берешектi бюджетке өтеу есебiне есептелсiн.
      4. Берешектi өтеу кестесi осы қаулыға қол қойылған күннен бастап 10 күн iшiнде бекiтiлетiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi