"Қазақстан Республикасындағы депозитарлық қызмет туралы" Уақытша Ереже

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы 1996 жылғы 5 қаңтар N 2 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1996 жылғы 30 қаңтарда N 148 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 маусымдағы № 75 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Өзен кен орнын оңалту және "Өзенмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгiн акциялау мен жекешелендiру жөнiнде тендер бойынша консультант сайлау жобасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. "Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1135 Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 659 P950659_ қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 17, 196-құжат) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      Мұнай-газ саласы кәсiпорындарының тiзбесiнен "Өзенмұнайгаз" акционерлiк қоғамы" сөздерi алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi басқа да мүдделi министрлiктермен, комитеттермен және өзге де мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, "Өзенмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгiн акцияларын және тендерлiк негiзде сайланған тәуелсiз консультантты тарта отырып, оның қызметiне Дүниежүзiлiк банктiң N 3744-КZ (Мұнай саласына техникалық көмек жобасы) займының қаражаты есебiнен ақы төлей отырып, жекешелендiрудi жүзеге асырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi