Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының Қаулысы

Қаулы Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы 1995 жылғы 7 қараша N 23. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1996 жылғы 16 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 200. Күші жойылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының қаулысымен 1997.10.08 N 161. ~V970458

      "Мемлекеттік құнды қағаздарға Ұлттық идентификациялық нөмірлер беру тәртібі туралы" Ережені бекіту туралы

      Қазақстан Республикасының аумағында құнды қағаздар шығару және айналысқа жіберу тәртібін реттеу және стандарттау мақсатында Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы
                     Қаулы етеді:

      1. "Мемлекеттік құнды қағаздарға Ұлттық идентификациялық нөмірлер

беру тәртібі туралы" Ереже бекітілсін.
     2. Құнды қағаздар эмиссиясын тіркеу басқармасы осы Ереженің Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлігіне тапсырылуын қамтамасыз етсін.
     3. Осы Қаулы күшіне қол қойылған күнінен бастап енеді.
     
     Ұлттық комиссияның Төрағасы
     Ұлттық комиссияның мүшелері