Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы шағым арыз кеңесiнiң жарғысы

Қазпатент Төрағасының бұйрығымен бекiтiлдi 1995 жылғы 5 қыркүйектегi N 23 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1995 жылғы 21 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 99. Күші жойылды - ҚР Әділет министрлігі Санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитеті төрайымының 2001 жылғы 1 қарашадағы N 69 бұйрығымен. ~V011712

               1. Жалпы ережелер
      1.1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосы Шағым арыз Кеңесi (бұдан әрi - Шағым арыз Кеңесi) Қазақстан Республикасының Патент заңының 22, 29 баптарында және Қазақстан Республикасының "Тауар таңбалары, қызмет көрсету белгiлерi және тауар шығу жерiнiң атаулары туралы " Заңының Z932800_ 28 бабында қарастырылған.
      1.2. Шағым арыз Кеңесi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патент ведомствосының (бұдан әрi - Қазпатент) құрамына енедi және өз қызметiн Қазпатент аппаратының құрылымдық бөлiмшесi ретiнде жүзеге асырады.
      1.3. Шағым арыз Кеңесi өз қызметiнде:
      - Қазақстан Республикасының заңдарын;
      - Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғау саласындағы халықаралық шарттар және келiсiмдердi;
      - Шағым арыз Кеңесi қызметiне қатысты Қазпатенттiң нормативтiк актiлерiн;
      - Шағым арыз Кеңесiндегi Қазпатент Төрағасы бекiткен дауларды қарау тәртiбi жөнiндегi ереженi;
      - осы Жарғыны басшылыққа алады.
 
           2. Шағым арыз Кеңесiнiң мiндеттерi
 
      Шағым арыз Кеңесiнiң басты мiндеттерi болып табылатындар:
      2.1. Арыз берушiлердi, патент иелерiн, тауар таңбаларын, қызмет көрсету белгiлерi иелерiн, тауар шығу жерiнiң атауларын пайдалану құқығына куәлiк иелерiн заңмен қорғалатын құқықпен, сондай-ақ өнертабысқа, пайдалы моделге, өнеркәсiп үлгiсiне, тауар таңбасына қызмет көрсету белгiсiне, тауар шығу жерiнiң атауларына өтiнiмдер бойынша сараптама шешiмiне наразылықтарды қарау кезiнде жеке адам мен заңды тұлғалардың басқа да мүдделерiн және қорғау құжаттарын беруге наразылық немесе көрсетiлген өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн тiркеудi қамтамасыз ету.
      2.2. Шағым арыз Кеңесiне берiлетiн сараптау практикасы мен наразылықты қарау практикасын зерттеу негiзiнде өнеркәсiптiк меншiктi қорғау саласындағы заңдар мен заңдылық нормативтiк актілердi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар жасау.
      2.3. Шағым арыз Кеңесiнде практикалық анализ, халықаралық тәжiрибенi және халықаралық ұйымдардың ұсынысы негiзiнде дауларды қарауды жетiлдiру тәртiбi.
      2.4. Сарапшы органдар және арыз берушiлер, немесе үшiншi жақтар арасындағы дауларды шешу саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысу.
 
           3. Шағым арыз Кеңесiнiң iс қызметi
 
      Өз мiндеттерiне сәйкес Шағым арыз Кеңесi:
      3.1. Формалды сараптама нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге наразылықтарды, өнеркәсiп үлгiлерiне және пайдалы моделдерге өнертабыстарға - алдын ала патент беруден бас тарту жөнiнде, сондай-ақ өнертабыстарға, пайдалы моделдерге, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауар таңбаларына, қызмет көрсету белгiлерiне және тауар шығу жерiнiң атауларын тiркеуден бас тарту жөнiндегi наразылықтарды қарайды.
      3.2. Өнертабыстар мен өнеркәсiп үлгiлерiне патент беруден бас тарту жөнiндегi шешiмге, сондай-ақ тауар таңбаларын, қызмет көрсету белгiлерiн, тауар шығу жерiнiң атаулары және (немесе) мәлiмденген атаулардың мәнi және сараптамасы бойынша өтiнiм сараптамасы нәтижесiнде қабылданған тауар шығу жерiнiң атауларын пайдалану құқығын беруге наразылықтарды қарайды.
      3.3. Қазақстан Республикасында қызмет ететiн КСРО авторлық куәлiктерi және өнеркәсiп үлгiлерiне КСРО куәлiгiне қарсы өнертабыстар мен өнеркәсiп үлгiлерiне алдын ала патенттер және өнертабыстарға, өнеркәсiп үлгiлерiне және пайдалы моделдерге патенттер беруге қарсы жеке адамдар мен заңды тұлғалардың наразылықтарын қарайды, сондай-ақ тауар таңбаларын, қызмет көрсету белгiлерiн, тауар шығу жерiнiң атауларын тiркеуге және тауар шығу жерiнiң атауларын пайдалану құқығына куәлiк беруге наразылықтарын қарайды.
      3.4. Лицензиялық шарттарды тiркеуден бас тартуға жеке адамдар мен заңды тұлғалардың наразылықтарын қарайды.
      3.5. Дауды қарау нәтижелерi бойынша Шағым арыз Кеңесiнiң шешiмiн шығарады және жариялайды.
      3.6. Шағым арыз Кеңесiнде дау қаралу басталғанға дейiн Шағым арыз алқасы құрамының құпиялығын қамтамасыз етедi.
      3.7. Өз құзыры шегiнде ақпараттық хаттар, шешiм нысандары және басқа да қажеттi құжаттар жасайды.
      3.8. Өнертабысқа, пайдалы моделге, өнеркәсiп үлгiсiне, тауар таңбасына, қызмет көрсету белгiсiне, тауар шығу жерiнiң атауына өтiнiм сараптамасын құқылық реттеудi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар даярлайды, сондай-ақ Шағым арыз Кеңесiнде дау қарау тәртiбiн белгiлейдi.
      3.9. Сараптаманы ұйымдастыруды, дау қарауды жетiлдiру және басқа да әдiстемелiк мәселелер жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзедi.
      3.10. Өз қызметiнiң нәтижелерi туралы Қазпатенттiң ресми басылымдарында жарияланымдар әзiрлейдi.
      3.11. Шағым арыз Кеңесiне наразылық бiлдiргенi және басқа да заңгерлiк әрекеттерiне заңмен белгiленген баж салығын төлегенi, сондай-ақ шағым арыз шығынын орнына келтiргенiн растайтын құжаттарды тiркеу мен есебiн жүргiзедi.
      3.12. Өз құрылымы мен жұмыс ұйымдастырылуын жетiлдiредi, Шағым арыз Кеңесi жұмыс тәртiбiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар даярлайды және iске асырады, Қазпатенттiң қарамағындағы ақпараттарды пайдаланады.
      3.13. Шағым арыз Кеңесiнiң алдында тұрған мiндеттердi шешу және өз қызметiн жүзеге асыру үшiн Қазпатенттiң басқа құрылымдық бөлiмшелерiмен және мемлекеттiк ортақ патент қызметiне кiретiн ұйымдармен белсендi қарым-қатынас жасасады.
 
                 4. Шағым арыз Кеңесiнiң құқығы
 
      4.1. Наразылық бiлдiрген адамдардан, сондай-ақ өзге де мүдделi адамдардан наразылықты қарауға қажеттi мәлiметтердi сұрастыруға және олармен хаттар жазысуға, қосымша сараптама тағайындауға, оны жүргiзуге тәуелсiз сарапшылар мен кеңесшiлер тартуға.
      4.2. Симпозиумдар, конференциялар, мәжiлiстер, семинарлар және т.б. жұмыстарына қатысуға, сондай-ақ Шағым арыз Кеңесiне тиесiлi мәселелер жөнiнде халықаралық ынтымақтастыққа қатысуға.
      4.3. Патент иелерi, тауар таңбалары, қызмет көрсету белгiсi иелерiнiң құқығын, арыз берушiлер және өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне басқа да заңды тұлғалар мен жеке адамдардың құқықтарын қорғау саласында құқықты реттеу мәселелерi жөнiндегi ортақ мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге.
      4.4. Қазпатент тапсырмасы негiзiнде ұсыныстар даярлайды, сондай-ақ ғылыми және өндiрiстiк қызмет бағдарламасы және жоспары жасалған шарттар мен келiсiмдерiн жасайды.
      Қазпатент төрағасы бекiткен жоспарлар бойынша осы мақсаттарға бөлiнген қаржыландыруға сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзедi.
      4.5. Шағым арыз Кеңесi қызметкерлерi мен мүшелерiн белгiленген тәртiп бойынша ТМД шеңберiнде және шетелдерге Шағым арыз Кеңесiн ұсыну үшiн қарастырылған шығындар сметасы шеңберiнде және Шағым арыз Кеңесiнiң қызмет көрсету жөнiндегi арнаулы қаражаты есебiнен iссапарларға, оқуға және тәжiрибеден өтуге жiбередi.
      4.6. Қызметкерлерiнiң Республикалық ғылыми-техникалық кiтапхананың патенттiк және ғылыми-техникалық құжаттар қорына және басқа да ақпарат қорына еркiн баруларына жағдай жасайды.
 
           5. Мүлiк. Қаржы. Еңбекақы төлеу
 
      5.1. Шағым арыз Кеңесiнiң мүшелерi мен штаттағы қызметкерлерi Қазпатенттiң барлық мүлкiн пайдаланады және өздерiне бекiтiлген үй-жай, құрал-жабдықтар мен инвентарын күтiп ұстауға мiндеттi.
      5.2. Шағым арыз Кеңесiн қаржыландыру көзi Қазпатент қаржысы, сондай-ақ шағым арыз салығы мен жинақ жарналары, ақылы қызмет көрсетуден түскен табыстар болып есептеледi.
      5.3. Шағым арыз баж салықтары мен жинақтар, ақылы қызмет көрсетуден түскен табыстар Қазпатент есебiне аударылады және Қазпатенттiң орталық бухгалтериясы жүзеге асыратын жеке бухгалтерлiк есепке жатқызылады.
      5.4. Шағым арыз Кеңесiнiң хатшысы және штаттағы басқа да қызметкерлер Қазпатентте белгiленген тәртiп бойынша еңбекақыларын алады.
 
          6. Басқару және бақылау органдары мен олардың құзыретi
 
      6.1. Шағым арыз Кеңесiн басқаруды Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тәртiппен лауазымына тағайындалып және лауазымынан босатылатын Қазпатент Төрағасы жүзеге асырады. Қазпатент Төрағасы өз бұйрығымен Шағым арыз Кеңесi мүшелерiнiң жеке құрамын бекiтедi, оған өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi.
      6.2. Шағым арыз Кеңесiнiң бүкiл қызметiне басшылық жасау мен жұмысын ұйымдастыруды Төраға дара басшылық принциптерiнде жүргiзедi. Шағым арыз Кеңесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына, қаржылық және өндiрiстiк қызметтердiң нәтижелерiне, Шағым арыз Кеңесiнде наразылықтар қаралу құпиялылығы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi.
      6.3. Қазпатент Төрағасы Шағым арыз Кеңесi атынан сенiмхатсыз әрекет жасайды, ұйымдарда, мекемелерде оның еркiн бiлдiредi, Шағым арыз қызметiнен түскен қаржыларға белгiленген тәртiппен иелiк жасайды.
      6.4. Қазпатент Төрағасы өз бұйрығымен Қазпатент аппараты қызметкерлерiнiң арасынан Шағым арыз Кеңесiнiң хатшысын тағайындайды.
      6.5. Шағым арыз Кеңесiнiң хатшысы:
      - Шағым арыз Кеңесiнiң күнделiктi қызметiн ұйымдастырады, iс жүргiзу мен жазбаларды жүргiзедi;
      - Шағым арыз Кеңесi мәжiлiсiн ұйымдастырады және осы мәжiлiсте хаттамаларын жүргiзедi;
      - нақты iстердi қарау процесiне қатысады;
      - Шағым арыз Кеңесiнiң Төрағасына нақты iстi қарау нәтижесi мен барысы туралы баяндап отырады;
      - Шағым арыз Кеңесiнiң Төрағасына жоғары бiлiктiлiгiмен белгiлi заңгерлер, инженерлер мен патентшiлердiң кандидатураларын шағым арыз алқасы құрамына енгiзу үшiн ұсынып отырады;
      - Шағым арыз кеңесiнде қаралғанда түпкiлiктi шешiмiн таппаған даулар

 

бойынша Қазпатент өкiлi ретiнде халық және төрелiк соттарға қатысады;

     - Қазпатент Төрағасына Шағым арыз Кеңесiнiң алдағы қаржылық жылдағы

шығындар сметасы жоспарын таныстырады;

     - Шағым арыз Кеңесiнде нақты iстердi қарауға тартылған адамдарға ақы

төлеу мөлшерi мен тәртiбiн ұсынады.


          7. Шағым арыз Кеңесiн тарату


     7.1. Шағым арыз Кеңесiнiң қызметiн доғару Қазпатент Төрағасының

бұйрығымен жүзеге асырылады.




Оқыған:

      Багарова Ж.А.