Т Ә Р Т I Б I Қазақстан Республикасы су айдындарының биоқорларын әуесқойлық және спорттық мақсаттарға пайдалану

Қазақстан Республикасының экология және боресурстар Министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлген 1994 жылғы 12 желтоқсандағы N 122. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1995 жылғы 8 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 53. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

      Әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк әрiптестiк жүйесiн құру, нарықтық экономикаға өту жағдайында еңбек жанжалдарының алдын алу мен оларды шешу мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, республикалық кәсiподақ бiрлестiктерi мен жұмыс берушiлер арасында еңбек және өзге де әлеуметтiк-экономикалық мәселелер жөнiнде жыл сайын республика деңгейiнде Бас келiсiм жасап отыру практикаға енгiзiлсiн. Бұл келiсiмдегi басым бағыттар келiсушi жақтардың халықты жұмыспен қамту, еңбекке ақы төлеу мен азаматтарға басқа да әлеуметтiк кепiлдiктер беру және халықтың халi неғұрлым нашар топтарын әлеуметтiк жағынан қорғау, экономикалық реформаларды жүргiзу мүддесi үшiн татулық пен ұлттық келiсiмдi қамтамасыз ету саласындағы мiндеттемелерi деп белгiленсiн.
      Бас келiсiмнiң жобаларын әзiрлеудi, оның iске асырылуына бақылау жасауды және ұжымдық еңбек дауларын /жанжалдарын/ реттеудi келiсiмге қатысушы жақтар құратын Республикалық үшжақты комиссия жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк басқару органдары, кәсiподақтар мен олардың бiрлестiктерi және меншiк иелерiнiң /жұмыс берушiлердiң/ өкiлдерi арасында осы тектес облыстық және салалық /тарифтiк/ келiсiмдер жасау тиiмдi деп танылсын және тұрақты жұмыс iстейтiн облыстық, салалық үшжақты комиссиялар құрылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:

     Бас келiсiм, облыстық және салалық /тарифтiк/ келiсiмдердi
әзiрлеу мен оларды жасау тәртiбi туралы;
     әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi Республикалық
үшжақты тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия туралы ережелердi әзiрлеп,
тараптардың қатысушыларымен келiсетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi