Еңбектi қорғау жөнiндегi қағидалар мен нұсқауларды әзiрлеу мен бекiту тәртiбi туралы Ереженi және еңбектi қорғау жөнiндегi қағидалар мен нұсқауларды әзiрлеу жөнiндегi әдiстемелiк сiлтемелердi бекiту туралы

Қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек Министрлiгiнiң 28 маусым 1994 ж. N 60. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ведомстволық нормативтік актілерді тіркеу бөлімінде 1994 жылғы 28 маусымда тіркелді. Тіркеу N 3. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 2 желтоқсандағы N 278-ө (V043323) бұйрығымен.

      Республикада аса қауiптi жұқпалы аурулар жөнiнде күрделi эпидемиологиялық жағдайларға байланысты және аумақта эпидемиологиялық қадағалау мен санитарлық қорғауды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне республиканың обаға қарсы стансаларына бөлiнген адам саны шегiнде штат саны 97 адамнан тұратын Ақтөбе облыстық обаға қарсы стансасын ашуға рұқсат етiлсiн.
      Ақтөбе облыстық обаға қарсы стансасын ұстауды қаржыландыру Қазақ обаға қарсы ғылыми-зерттеу институтына аталған мақсатқа көзделген қаражатты қайта бөлу есебiнен жүргiзiлсiн.
      2. Ақтөбе облысының әкiмi облыстық денсаулық сақтау бөлiмiне

обаға қарсы станса үшiн үй-жай мен жабдықтар, санитарлық автокөлiк
сатып алуға қаражат бөлуде көмек көрсетсiн.
     3. Шалқар бөлiмшесiнiң Аралтеңiзi обаға қарсы стансасынан
77 адам және белгiленген тәртiппен қажеттi материалдық құндылықтар
Ақтөбе қаласында жаңадан құрылған облыстық обаға қарсы стансасына
берiлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi