Мемлекеттiк меншiктi /мемлекеттiк ауылшаруашылық кәсiпорындарынан басқаларын/ жекешелендiруден алынған қаржының келiп түсуi мен бөлiнуiнiң ТӘРТIБI

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1993 жылғы 9 шiлдедегі  N 9/1352 Хаты. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1994 жылғы 3 қазанда тіркелді. Тіркеу N 16. Қолданылуы тоқтатылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен.

      Жүн нарығында қалыптасқан экономикалық жағдайды ескере отырып, мал шаруашылығымен айналысатын халықты әлеуметтiк қолдау мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифы туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1993 ж., N 9, 104-бап) 1993 жылғы 9 наурыздағы N 1154 Жарлығының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1993 жылғы 1 шiлдеден бастап жүн экспортына (код ТН ВЭД 5101-5105) кедендiк баж салығының ставкасы кедендiк құнның 10 процентi мөлшерiнде белгiленсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi